Украина дрондары Ресейдің Ленинград облысындағы ірі КИНЕФ мұнай өңдеу зауытына соққы жасады. Шабуыл кезінде дрон сынығы тұрғын үйге түсіп, бір әйел қаза болды. Ресей әскері де Украина өңірлеріне дрон және зымыранмен шабуылдап, адам шығыны болды, тұрғын үйлер мен энергетика нысандары зақымданды.