Жұма, 24 қазан 2014, Алматы 02:35


МӘДЕНИЕТ

Әкелі-балалы Айтақын және Жандарбек Бұлғақовтардың айтысы

Азаттық радиосы тыңдарманға «...Тіл кеспек жоқ!» деген атпен өткен наурыз айтыстағы алтын шашбауындай жарқылдап, жұрттың жанын жадыратқан әкелі-балалы Айтақын мен Жандарбек Бұлғақовтың жыр додасын ұсынады.

Әкелі-балалы айтыскер ақындар: Айтақын (сол жақта) және Жандарбек Бұлғақовтардың сөз сайысы. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.Әкелі-балалы айтыскер ақындар: Айтақын (сол жақта) және Жандарбек Бұлғақовтардың сөз сайысы. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
x
Әкелі-балалы айтыскер ақындар: Айтақын (сол жақта) және Жандарбек Бұлғақовтардың сөз сайысы. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
Әкелі-балалы айтыскер ақындар: Айтақын (сол жақта) және Жандарбек Бұлғақовтардың сөз сайысы. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.

Алматыда наурыздың 21-22 күндері өткен айтыста әке мен бала арасындағы сөз сайысы өнерсүйер қауымның ерекше ықыласына бөленді.

Зерттеушілердің айтуынша, айтыс тарихында әке мен бала айтысы бұған дейін де болған. Ал, бұл жолы әкелі-балалы Айтақын және Жандарбек Бұлғақовтардың арасында өткен сөз сайысы өткір әрі тапқыр әзілге құрылды.

Әке мен бала жаңа заман мен ескі заманды салыстыра айтысты. Айтақын Бұлғақов совет өкімет кезіндегі әлеуметтік, тұрмыстық игіліктердің бүгінгі Қазақстанда көзден бұлбұл ұшқанын жырлады:
Айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
«ЦК-дағылар сертіне берік болған, өтірікті судай ғып сапырмаған,

Банктер кредитті қарыз беріп, халықты белшесінен батырмаған.

Дәрігерлер ауруды тегін емдеп, аурулар ақша іздеп аһ ұрмаған.

Халықтың келешегі, қазынасы, сәбиі де шетелге сатылмаған,

Қай заман жақсы екенін осыдан-ақ, ажыратып алады ақылды адам», - деген Айтақын Бұлғақов совет өкіметі мен тәуелсіз Қазақстанды шендестіре отырып, әзілмен де ел көңілін тапты:

«СССР-дан көріп ең не жамандық, өткеніңді барлап көр, бақылап сәл,

Жемқорлар болған емес біздегідей, билікте отырғанда батырақтар.

Шешем байғұс қайсымызға болысад деп, кемпір жайлы бердің-ау, тосын ақпар

Компартия тұсында жұмыс қылған кемпірім, рас, маған асыл-ақ жар,

«Нұр Отанның» тұсында жұмыссыз қап, сарғайды ғой жап-жасыл жапырақтар.

Ол дағы компартия көзін көрген, «Нұр Отан» деп жөні жоқ тапырақтар.

Өзіңдей отыз ұлы болғанынша, кемпіріне қымбат қой осырақ шал».

Ал әкесінің сөзіне жауабында Жандарбек Бұлғақов совет өкіметінің Алаш зиялыларын атқанын, қазақты аштыққа ұшыратқанын,
Әкелі-балалы айтыскер ақындар: Айтақын (сол жақта) және Жандарбек Бұлғақовтардың сөз сайысы. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
дінсіздікке жол ашқанын сөзіне мәйек етті:

«Орысқа отар болғаным ойымда жоқ, Отанымның жүрегі Мәскеу еді,

Миллиардтап астық берген Қазақстан СССР жем жейтұғын астау еді.

Оңаша отау құруды арман еткен, Алашорда керемет бастама еді,

Ұлтымның көшбастайтын зиялысын жау санап, атып, айдап, асқан еді.

Құран бетін ашпастан бастарына Маркстің капиталын жастап еді,

Атам - маймыл, шешеміз - шимпанзе деп, шежіре таратқаны масқара еді.

Азаттықты таңдайды ақылды адам,
Жөн болар оған басты қатырмаған.
Кеңес пе сонда сенің көксегенің,
Бұныңа келіспейді ақын балаң».

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген Айтақын Бұлғақов өткен ғасырдың сексенші жылдарынан бастап айтыса бастаған. Респубилкалық айтыстардың жүлдегері, айтыс сүйер көрерменге танымал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовтың ел аузында жүрген тартысты айтыстары көп.

Айтақын Бұлғақовтың ұлы Жандарбек Бұлғақов 6-сыныпта оқып жүрген шағында айтысқа түсе бастаған. 15 жасында тұңғыш рет респбуликалық жыр додасына түскен. Жандарбек Бұлғақов әр қатысқан айтыстан жүлделі орындар иеленіп, жыры көрермен көңілінен шығып келеді. Соның бірі биылғы наурыз мейрамына күндері Алматыда өткен айтыстағы әкесі Айтақын Бұлғақовпен болған осы жыр сайысы.

Әкелі-балалы Айтақын және Жандарбек Бұлғақовтардың айтысын мына жерден тыңдаңыздар.
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Bokky Қайдан: Qetay Pekyn
30.03.2010 14:28
+0 / -0
Ішегім-ай , Әзілың жарасса атаңмен ойна деген екен ғой, Жарайды екен, Рақымет Ақындарға !!! рақымет Азаттық ~~~!!! барлық Қытайдағы қандастарыңыздан !!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Айкүн
30.03.2010 21:16
+0 / -0
Тамаша! Қазақ демократиясының негізі айтысымыз дами берсін! Қазақ жоқ болса, айтыс та жоқ, ал, айтыссыз қазақ - мәңгүрт, құл, тобыр. Айтыстың халыққа таралуына мүмкіндік жасап отырған Азаттыққа мың да бір рақмет!
..."Қайны аталар алысты күйеулермен"...
..."Бұл заманда қазақты қазақ атты"...


Кімнен: Bokky Қайдан: Qetay Pekyn
30.03.2010 15:21
+0 / -0
Қайта айтайын, үш қайтара тыңдадым, сондай керемет екен, айтыстың шектеліп қалғанын енді біліп жүрміз, ақындар рас шөлдеп қалған екен, осы айтысқа басы-көз боп жүрген барлық ағаларға көп рақыметымды айтамын.

Кімнен: жылнамашы Қайдан: Жетісу
30.03.2010 16:35
+0 / -0
Айтысты "қайтыс" қылғысы келетін жағымпаздарға жаным ашиды. Айтысты жабу - қазақтың құлағы естмеген қиянат және ақымақтық болды. Соны түсіне ме екен биліктегілер...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.03.2010 18:12
+0 / -0
Айтыс күшті өтіпті, Азаттықпен айтары, халыққа жеткізері бір жерден шыққандай болып отыр. Керемет, сөзім жоқ басқа.

Кімнен: медгат
30.03.2010 18:22
+0 / -0
шынында да керемет екен!!!

Кімнен: men Қайдан: almaty
30.03.2010 18:58
+0 / -0
Айтысты жоғалта алмайды деп сенемін. Өйткені жан айамас ақын аға, бауырлар аз емес жәнеде қазақ даласындағы ақындарды жою мүмкін емес.

Кімнен: Жиренше Қайдан: zhirenshe.wordpress.com
30.03.2010 21:24
+0 / -0
http://my.mail.ru/community/zhirenshe/ Осы жерден айтысты толық кошіріп алуга болады. Айтыстың барлығы бар хабарласыңдар.

Кімнен: асфальт қазах
30.03.2010 21:52
+0 / -0
ал менмше айтыстын болашақы жоқ, соны осы жерден да көруге болады. ана жолы айнур мен нурматтын айтсында біраз адам өз ойын жазған еді, енді міне почти ешкім жазбапты мынау кытайдагы бокудан басқа. значить казахтарга уже айтыс скучный болды деген сөз бул, біраз жылдан сон айтыс барибир ешкимге керексиз, как скучный тряляля болады деген ойлаймын
Пікір алмасу

Кімнен: Зәуре
31.03.2010 00:12
+0 / -0
Тыңдарман айтыстан алатын әсерін айтысты тыңдап отырғанда білдіреді. Айтыстың мәдениеті де сонда. Жапа-тармағай пікір жазу міндет емес. Асфальт қазақ болған соң ол жағын біле бермейтін шығарсың.
Айт ақынның баптаған түлегі нағыз айтыскер ақын болыпты: домбырасы, дауысы, ырғағы, сазы- барлығы көңілден шығады. Әлі талай айтысты қыздыратын түрі бар. Айтыс мектебін ашу керек деген ұсыныс сол қалпында іске аспай қалғаны өкінішті. Тәжірибелі ақындарға да, жас ақындарға да талай мүмкіндіктер тудырар ма еді.
Пікір алмасу

Кімнен: ПАТРИОТ
31.03.2010 01:05
+0 / -0
Тексіз, сорлы, мәңгүрт! Жетесіз!

Кімнен: Bokky Қайдан: Qetay Pekyn
31.03.2010 12:27
+0 / -0
Ассалаумағалайкұм, Жиренше ! сізге Алла разы болсын, мен ана майл руды орысша ұқпайтыным себепты аша білмедым, мұмкын болса, маған толығын жолдап бере аласыз ба, көп рақымет дер едім сізге, өтінейын, ренжымей жолдап берыңызші, уақытыңызды алатын болдым, рақымет !
bokkymer@hotmail.com

Кімнен: bokky Қайдан: qetay pekyn
31.03.2010 12:41
+0 / -0
http://my.mail.ru/mail/bokkymer/

Кімнен: Жасұлан
31.03.2010 18:09
+0 / -0
Азаттық жасасын, айтыс жасасын мәңгі!!! Азаттық радиосына шексіз риза болып отырмын. Елден естімегенімізді, көктен тапқандай болып отырмын. Расында, бұл айтыс деген қазақтың керемет өнерін жалғастырып, дамыта беру керек. Қолдайық ақауыз ақындарымызды!!!

Кімнен: Жастардан
31.03.2010 18:11
+0 / -0
Не деген керемет, алған әсерімді жеткізе алмай отырмын тіпті. Осыған дейін айтысты толық тыңдап шығуға бір мүмкіндік болмаған екен, соған көп нәрседен құр қалғандай өкініп отырмын. Енді айтысты жібермеймін, Азаттық радиосы айтысты жалғастыра беріңіздерші!!!

Кімнен: Мұрат
31.03.2010 18:14
+0 / -0
Басында әкеле-балалы не айтар екен деп едім, езуімді жия алмай қалдым ғой, ақындарымыз аман болсын, шынымен талантты екен,ә?!

Кімнен: Жиренше Қайдан: Қазақстан
01.04.2010 02:50
+0 / -0
Хабарландыру. Жақында айтысты толықтай Интернетке шығарамын. Менде толық айтыс көлемі 200 Мб астам. Поштамен жіберуге қолайсыз. Қайсы сайтқа салуды іздеп жүрмін. Кімде қандай ұсыныс бар.

Кімнен: Arman Қайдан: Almaty
05.04.2010 16:55
+0 / -0
Jirenshe'ge : Youtube'ka salynyz.

Кімнен: Айым Қайдан: Алматыдан
07.04.2010 14:37
+1 / -0
Асфальт қазаққа айтарым: жермен жексен болып асфальт болып жүргенің де осы қылығыңнан шығар. Мәдениетсіз, сен сияқтылар ғой біздің ұлттық өнерімізді жерасты қылып отырған. Үнің өшсін! Қара асфальт болып жүре бер, қазақпын деп атама өзіңді!

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Редактор таңдауы

Алдыңғы қатарда отырғандар - Ираннан келген кинематографистер. Алматы, 21 қазан 2014 жыл.

Иранның цензурадан өткен фильмдері көрсетіліп жатыр

Алматыда Иран кинофильмдерінің апталығы өтіп жатыр. Апталық кезінде ол елдегі цензурадан өткен бес фильм көрсетіледі. Толығырақ