Сейсенбі, 16 қыркүйек 2014, Алматы 23:25

МӘДЕНИЕТ

Даулы «Келін» фильмі үлкен экранға жол тартты

Қазақстанда көрерменіне жетпестен бұрын басы дауға қалған режиссер Ермек Тұрсыновтың «Келін» кинокартинасы маусымның 26-сынан бастап елдің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастады. Ерекшелігі - фильмде ешқандай сөз, кейіпкерлердің диалогтары жоқ.

«Келін» көркем фильмінен көрініс. Режиссері - Ермек Тұрсынов.«Келін» көркем фильмінен көрініс. Режиссері - Ермек Тұрсынов.
x
«Келін» көркем фильмінен көрініс. Режиссері - Ермек Тұрсынов.
«Келін» көркем фильмінен көрініс. Режиссері - Ермек Тұрсынов.
«КЕЛІННІҢ» ТАРИХЫ

«Келіннің» тарихы әріден басталады екен. 2006 жылдың 27 нші ақпанында www.kinokultura.com сайтында жарық көрген қырғыз режиссері, сценарисі, актері Ақтан Арым Құбаттың сұхбатында былай деген екен:

Ермек Тұрсынов, «Келін» көркем фильмінің режиссері. Алматы, маусым 2009 жыл.
«Фильмнің негізгі оқиғасы біздің дәуіріміздің VII-VIII ғасырларында болады. Бұл ислам дәуіріне дейінгі кезең. Кез-келген канондық негіздерге ұстындалған дін – өзіндік заңдар мен догмалардан тұрады. Ал, тәңіршілдік дәуірінің ерекшелігі тіршіліктің табиғатпен тұтасып жатуында.

«Келін» — өздерін табиғаттың бір бөлшегі санайтын адамдардың өмірі туралы. «Келін» идеясы он жылдан бері бар. Оны Марат Сарұлы екеуміз бірлесіп жазған едік. Идеяның жүзеге асуының алғашқы қадамы Сергей Бодров менің жұмыстарымның ішінен осы «Келінді» ұнатқанынан басталды.

Ол мені қазақ сценарисі Ермек Тұрсыновпен таныстырды. Біз бірлесіп жұмыс істей бастадық. Ермек сценариді жетілдіріп, бас-аяғын жинақтап дайындап шықты. Сөйтіп, дайын сценарий «Қазақфильмнің» директоры Сергей Әзімовтің қолына түсіп, ол өз кезегінде оны Қазақстанның Мәдениет министрлігінің тендеріне өткізді».

Ақтан Арым Құбат «кинодағы кейіпкердің бірі – бақташының өлі тәнін гриф атты құс әбден жеп кеткеннен кейін сүйегін жинап алады. Сөйтсек, Тибетте әлі күнге, дәл біздің кинодағыдай, өлген аданың тәнін грифке жегізетін салтты сақтаған этнос бар екен. Сөйтіп, ойдан шығарылған нәрсе нақты өмірде бар болып шықты» деп жазады.

«Келіннің» тұсакесеріндегі баспасөз хабарламасында Ақтан Арым Құбат идея авторы әрі краеативті продюссер деп көрсетіліпті.

«КЕЛІННІҢ» ДАУЫ

Бұдан кейін фильмнің «қызығы» түсірілім аяқталғаннан кейін басталғаны жайында кезінде Азаттық радиосы хабарлаған болатын. 2009 жылы 11 ақпан күні режиссер Ермек Тұрсынов Алматыда БАҚ мен киносыншыларға жабық көрсетілім өткізді.

Актер Қуандық Қыстықбаев «Келін» фильмінде басты рольді сомдады.
Режиссердің бұл ісін өзімбілемдік деп тапқан «Қазақфильм» басшылығы оны сынға алып, «киноның авторлық құқы «Қазақфильмге» тиесілі. Ол үшін біз Ермек Тұрсыновқа 9 млн. теңге төлегенбіз, ал ол біздің рұқсатымызсыз жабық көрсетілім өткізді» деп дау шығарды.

Ақыр соңында, «Келін» көркем фильмі «Қазақфильмнің» өнімі ретінде үлкен экранға жол тартты. «Келін» қатты сынға да ұшырады. Фильмді сынға алушылардың бірі «Қазақфильм» көркемдік кеңесінің мүшесі, киносценарист, жазушы Дулат Исабеков оны «қияли, өтірік кино» деп атайды:

«Бізден кім өтінді тарихи кино түсіріңдер деп? Қазақтың, түркінің тарихын түсіреміз деп, «Келінді» түсірдік. Жарайды, түсірсін. Бірақ осындай өтірік кино түсіруге бола ма? Мейлі, өтірік бола берсін, бірақ тағы да қазақты жерге қарататын фильмдердің қатарын толықтырды. Жаңа бір кино жарық көрген сайын қазақ жерге қарайды», – деді Дулат Исабеков.

Алайда, режиссер Ермек Тұрсыновтың бұған қарсы айтар уәжі бар.

Фильмдегі келіннің ролінде актриса Гүлшарат Жұбаева ойнады.
– Бұл жерден тарихи дерек іздеудің қажеті жоқ. Бұл – көркем дүние. Өмірдің шындығы мен өнердің шындығы бар, бұл екеуін шатастыруға болмайды. Меніңше, «Келінге» осы тұрғыдан қарау керек, – деді Ермек Тұрсынов Азаттық радиосына.

«КЕЛІННІҢ» ОҚИҒАСЫ

Фильм самырсын, қарағайлы қарлы тау көрінісінен басталады. Титрда фильмнің атауынан кейін «Алтай, біздің дәуіріміздің ІІ ғасыры» деген жазу шығады. Сөйтіп, қызды ұзатуға дайындап жатқан көне түркінің ғұрпы көрініс табады.

Әрі қарай қалыңдық үшін қыздың әкесіне тарту-таралғы жасап, отырған бақташы мен аңшының бейнесін көреміз. Ақыры, тарту-таралғы жағынан аңшыдан асқан бақташы қызды алып кете барады. Негізгі кейіпкер бесеу: бақташы, аңшы, ене, қайны және келін. Оқиға аңшы мен бақташының кездесіп, аңшының бақташыны өлтіруі арқылы шиеленісе дамиды.

Киноның өн-бойында бірнеше эротикалық кадрлар бар. «Келін» әмеңгерлікпен қайнысына қосылады. Аңшымен әуейі болады. Ақыр соңында, бақсы енесімен бірге қалып, босанады. Кімнен екені белгісіз балаға бақсы ене көкбөріні сауып, сүтін береді де, өзі ажалымен жүздесуге бет алады.

Көркем фильмдегі эротикалық көріністер «Қазақфильм» жанынан құрылған сарапшылар кеңесі мен кино авторларының арасында дау туғызған еді.
Картинаның соңында бақсы енесінен қалған бақсылық таяқ пен кішкентай сәбиімен келін қалады. Бар болған негізгі оқиға осындай. Кинода сөз жоқ.

«КЕЛІНГЕ» КӨЗҚАРАС

Фильмнің көрсетілімінен соң Азаттық тілшісі сөзге тартқан екі режиссердің бірі Сатыбалды Нарымбетов шығарма өзіне ұнағанын айтып қысқа қайырса, режиссер Болат Атабаев режиссердің еңбегіне тәнті болғанын айтты.

— Эстетикалық талғамы жоғары туынды деп қабылдаймын. Эстетиканың сөзге ғана байланып қалмағанын режиссер дәлелдеген. Бір сөз жоқ, дыбыстың семантикасы, дыбыстың эмоциясы арқылы көп дүниені берген. Адамның өмір сүрудегі ішкі қуатының биік шарықтау шегін көрсеткен. Режиссер мен актерларға басымды иемін, – деді Болат Атабаев.
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір

Кімнен: Сари Қайдан: Алматы
28.06.2009 00:03
+0 / -0
Атабаевка да унайтын фильм бар екен-ау!
Жаксыны кормек деген. Кайда, кашан болады енди?

Кімнен: Сакен Қайдан: Алматы
29.06.2009 12:03
+0 / -0
Сценариін оқып шыққан, Дулат аға дұрыс айтады, қазақты жерге қарататын, шылқыған өтіріктен құралған "Боратты" екі орайтын фильм. Шаманизм болғанда да қазақтың тәңіршілдігі емес, қайдағы бір жабайы адамдардың нәпсәни әрекеттерін қазақтың исламға дейінгі көрінісі етіп таңады.

Кімнен: Асем Қайдан: Астана
29.06.2009 12:43
+0 / -0
Бірінші корейлік сосын бағасын беріп жатармыз, қалай болған да да шығып жатқан фильмнің аяғынан шалған болмас, "көш жүре келе түзеледі" деген бар емес па? жаман болса келесі режиссерлер сол қателікті қайталамауға тырысар!Әлі көрсетілмей жатып оны басып тастаған несі!

Кімнен: Күйген қазақ Қайдан: Қазақстан
29.06.2009 16:07
+0 / -0
Қазақта ұлытқа жаны ашитын Қазақтың батырлығын ,салт дәстүрін дәріптейтін ,билеріміздің ақылды сөздерімен әділдігін ,шешендігін,хандарымыздың бір сөзділігін , сөзге тоқтап тағын босатып беретін мәрттігін көрсететін кинолар түсірудің орнына ,қай қайдағы қазақтың намысна тиетін жарымес киноларға құмар болдығой біздің режисорлар. Қазақтың патшасынан бастап намыссыз ұлытты силамайтын мәңгүрттер пайда болды не істейміз халайық бұған шыдамныңда шегі бардеген бұл өзі қазақты езгілей беру ,мазақ қылу қашан тоқтайды?Ақшаны құр шашқанша қазақты мадақтайтын бір кино түсірсе сол пайда болар еді.Ақша үшін ұлытын сатқан опасыз режирлар.

Кімнен: Korermen
29.06.2009 19:09
+0 / -0
Jaqsy film eken, magan qatty unady! Jaraisyn, Ermek, bauyrym! Syndy tyngdama, onering orley bersin!

Кімнен: Куйген казакка! Қайдан: Дулат Исабек
29.06.2009 22:29
+0 / -0
Фильм оте жаксы! Кордик! Коркем тусирилген! Адамнын жан сарайы ашылады!Дулат Исабековке, куйген казакка, Сакенге кайгырып конил айту керек шыгар.Онер мен омирди шатастыратын, откенди жырлап, музей мен архивтын денгейнде ой тарататын патриотсымактардан шаршадык!

Кімнен: Күйген қазақ Қайдан: Қазақстан
30.06.2009 10:09
+0 / -0
Күйген қазаққа .қайдан Дулат Исабек. Қазақты жабайы надан,ақымақ қылып көрсететін өнердің әкес..... Қазақты мадақтайтын өнерің қайда ? Бізідің бір атақты актер айтып еді қазақты ақымақ қылып көрсететін киноларға түспеймін .Ол басқа Мемлекеттің міне қазақтар қандай болған деп жамандап көрсету үшін пайдаланады деп .Сондықтан оларға өтірік мадақтап атақ береді деп .Ал біздің режисорлар қазақты мазақ қылып ақша табудың жолына түскен.Еврейлер балаларын былай тәрбілейді екен ,ай сен орыс емессің ғой ,сен еврейсің .Еврей дүниедегі ұлы халық деп мина құйа береді екен .Ал біз өз баларымызға не тәрбие беріп жүрміз.Шәкен Аймановиан кейін қазақтың дені дұрыс киносы бар ма? Режисор сымақтар Миллартап ақша шашып Абылайды түсіргенің анау . Шыңғысқаның анау жабайы қылып түсірген.Сендерде (режисорларда)қазақтың намысы бар ма өзі.

Кімнен: Күйген қазаққа
30.06.2009 22:45
+0 / -0
Барып дем алшы, бауырым! Қаның тасып, өліп қаларсың! Өрең жетпейтін өнерде нең бар еді. Сенікі жәй айқай. Фильм қазақтар туралы емес қой. Тарихи фильм де емес. Еврейлердің бала тәрбиелеуін көргендей бөсесің ғой. Бұл пікір талас емес, пікірді сөндіру! Кезінде сендей бақырауықтар *Қыз Жібек* фильміне де қарсы шыққан. Ғабит Мүсірепов, Әкім Тарази, Шәкен Айманов т.б. Олар да сен сияқты *мыналар қазаөты масқаралады* деген. Енді ол фильмді шедевр деп жүрміз. Дулат Исабектер таудан төмен домалап қалғандарына күйініп жүрген адамдар. Өмірге деген реніші зор. Ол әділ баға бере алмайды! Ішің күйсе тұз жала!

Кімнен: Адай Қайдан: Маңғыстау
01.07.2009 18:38
+0 / -0
Қазақтың киносы көп болса ҚАЗАҚТЫҢ КИНО ӨНЕРІ дамыйды.Бізді өсірмейтін шеті жоқ МІН мен СЫН!Қоятын кез жетті гой!

Кімнен: Дос
04.07.2009 15:16
+0 / -0
Оте жаксы кино !Режиссерге улкен респект ! Куйген казак пен Сакендыкы бос шайнаган

Кімнен: Арынова Айгул Қайдан: Шымкент
10.07.2009 17:52
+0 / -0
Ассаламалейкум!Казак десе карным ашады,бул фильм ешкандай казак мадениетине лайык емес!Ойткени кез келген корши елдерге карайтын болсак фильмдерин кайта кайта коргин келе береди, ал биздикiлердiн ешкандай талим тарбиеси жок!Биздин салт дастурге сай емес!Тагы айта кетерим шет елдин актерларын ойнататындыгына намысына тиеди!

Кімнен: Аргентум Қайдан: Жер
17.07.2009 15:15
+0 / -0
Куйген Казак бауырым! Буларга алтын созинди шыгындап кайтесин.Олар-"эротика" деп ес билип ,"порнография"деп тили шыккан кер кеткен заман пенделери емес пе.
Буларга салсан онда олар оз туыстарын да порнофильмнен коргиси келетин шыгар.
Фильм жайында: тагы да казактын "жабайылыгын" корсетуге тырыскан провокаторлык туынды.Коне туркилер мундай болса -онда атасынын басы.(Тарихшы-этнолог ретинде айтып отырмын) типти уксамайды. Бабаларымыз бейнесинин мундай болып суреттелну -ПОЗОР!!!
Кытайдын "Шынгысхан"фильмндеги монголдарга ма, алде бир тибет-бирмандарга келеди.Алде бир анау каргыс аткыр "Жумонгка" уксай ма деп калдым.Ендиги жетпегени корей- монголга айналып тибет динине круимиз калып еди.
Кыскасы:адамдыктан журдай,жексурын,жауыз,арсыз,сасык фильм.
Режиссерга айтарым: (егерде ол осы сайтка бас сукса): Жабайылык туралы фильм тусиргин келсе онда Амазония немесе Африкага бар. Сол жактан саган сюжет молынан табылады.Ал,оз ултынды булайша корлаганын ушин жауап беретининди умытпа!

Кімнен: Рошманн Қайдан: СС
17.07.2009 16:51
+0 / -0
Е.Турсынов пен С.Нарымбетовты В.В.Путин айтпакшы сырыкка т.....нан илип кояр едим.
Бетимен кеткендер,орысшаласак-сексуально озабоченный маньяктар онкей

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Редактор таңдауы

Павлодар түрмесінің алдында тұрған ішкі әскер деп сипатталған адамдар. 15 қыркүйек 2014 жыл. Суретті тұтқындардың туысы жіберді.

Павлодар түрмесіне «ішкі әскер кіргені» айтылды

Павлодар колониясындағы сотталушылардың туыстары түрмеге ішкі әскер енгізіліп, сотталушыларға қысым көрсете бастағанын хабарлап жатыр. Колония алдына ондаған адам жиналып тұр. Толығырақ