Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 11:20

ӘЛЕУМЕТ

Швецияға қашып бармақ болған босқын қазақ отбасын Чехиядан күштеп шығаруы мүмкін

Чехияның депортациялық лагерінде діни көзқарасына байланысты 2006 жылы Қазақстаннан қашқан Иманғалиевтер отбасы Отанына қайтаруды тосып отыр. Отағасы Бауыржан Отанында азап пен түрме күтіп тұрғанын айтып торығады.

Бауыржан Иманғалиев, қазақ босқыны. Бендез түбіндегі Бела қаласындағы депортациялық лагерде түсірілген сурет. Шілде, 2009 жыл.
x
Бауыржан Иманғалиев, қазақ босқыны. Бендез түбіндегі Бела қаласындағы депортациялық лагерде түсірілген сурет. Шілде, 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +
ЧЕХИЯДАН ҚҰТЫЛУ ҮШІН ШВЕЦИЯҒА ҚАШҚАН

Бауыржан Иманғалиев Азаттық радиосының оқырмандарымен сырттай таныс. Ол «Саяси тұтқындар: Мәмбетов Аманжол, Мұздыбаев Әділжан, Қызанбаев Жанболат, Дәулетов Құлмұратқа бостандық берілсін!» деген жазу ұстап 2009 жылдың 7 ақпанында Прагада біздің көзімізге түскен болатын.

Бауыржан Иманғалиев қазақ босқындарының Прагада өткізген наразылық шарасында. 7 ақпан 2009 ж.
Мұсылман қазақ босқындарының тобы сол кезде наразылық митингісін өткізіп, өздері жайында жақ ашпай отырған чехиялық баспасөздің үнсіздігін бұзған еді. Үш жыл бойы үн-түнсіз бюрократиялық қорлық көрсетіп, ашықтан ашық құқықтарын бұзып келе жатқан Чехияның билік орындары шалғай Қазақстаннан келген босқындардың саяси белсенділігін көріп қобалжып қалды.

Бізге бірнеше айдан кейін Бауыржан Иманғалиевтің өзін де тұтқын ретінде жазуға тура келеді деп ойламаған едік. 2006 жылы діни көзқарасына байланысты Қазақстаннан қашқан Иманғалиевтер отбасы босқын мәртебесін алу үмітімен үш жыл бойы Чехияда тұрды.

Бұл отбасындағы екі қыздың ахуалы тіпті адам аярлықтай. Осы жылдың ақпанында Азаттық радиосының журналистері Чехияның Брно қаласындағы саяси босқын мәртебесін алуға үміткер қазақ отбасылары тұрып жатқан жатақханаға барған болатын. Онда тілшілеріміз төзімділік визасының мерзімі біткенде чех билігі Қазақстанға мәжбүрлі түрде депортацияламауы үшін көші-қон полициясының қабылдау орталығына баруға мәжбүр болған үш баласы бар босқын жас отбасы туралы ақпарат жинаған-ды.

Бауыржан Иманғалиевтің екі қызы жатақхананың терезесінен қарап тұр. Брно, 1 ақпан 2009 жыл.
Сол жерде бір бөлменің терезесінен жаутаңдап қараған екі қыз бала көзімізге шалынды. Қар жауып тұрған. Жатақхананың ішкі алаңқайы қараңғы да түнеріңкі еді. Біздің тілшілер жалпы көріністі суретке түсірді. Терезеден сыртқа үңіліп тұрған екі қыз тура бір өз үйлерінің терезелерінен қарап тұрғандай. Қазір сол екі қыз депортациялық лагерде, жартылай түрмелік жағдайда отыр. Әкелері Бауыржан Иманғалиев Швециядан жаңа өмір бастауға әрекет жасап көрді. Бірақ онысы іске аспады.

Чехияның көші-қон полициясы мен соттары босқын мәртебесін беруден үш рет бас тартқаннан кейін биылғы сәуір айында Иманғалиевтер отбасы Чехиядан шығып, Швецияға тартқан еді. Босқындардың арасында енді Чехиядан сақтанып, Еуропаның қайсыбір анағұрлым төзімді елінен саяси баспана сұрасақ қайтеді деген ой да болды.

Өзі де солай болды. Бауыржан төзе алмады, отбасын Швецияға көшірді. Бірақ, ол жақ қабылдамады, мамырдың соңында Иманғалиевтер отбасы қайтадан Чехияға әкелінді. Әкелінген бетте өз бетімен шекара асқаны үшін тұтқынға алынды.

БЕЛЛ ЙЕЗОВТЫҢ ДЕПОРТАЦИЯЛЫҚ ЛАГЕРІ

Қазір Бауыржан отбасымен Прагадан 50 шақырым жерде Бездез түбіндегі Бела қаласында Белл Йезовтың босқындар мен заңсыз келімсектерге арналған депортациялық лагерінде қамауда отыр.

Қазақ босқындардың отбасын Отанына қайтармақ болып жатқанын естіген соң Азаттық радиосының тілшісіне сол жабық мекемеге кіріп шығудың сәті түсті.

Босқын мәртебесін алуға үміткерлерді ұстайтын депортациялық лагерь. Чехия, Бендез түбіндегі Бела қаласы, шілде, 2009 жыл.
Екі жағынан орман мен саяжайлар қоршаған Белл Йезов депортациялық лагерінің тұсынан автокөлікпен өтіп бара жатқан адам оны шипа алу мекемесі, немесе қандай да бір санаторий не пансионат деп ойлап қалады.

Бірақ, ағаш қатарларынан өтіп, аумағына жақын келе темір қоршау мен тікенді сымға тірелгенде ондай ойдан тез арылады. Яғни, бұл жер түрмеге көбірек ұқсайды.

Лагер аумағына кірген бетте күзет қызметкерлері нұсқаулықпен таныстырып, оған қол қоюыңызды сұрайды. Фотовидеокамераны, ұялы телефон мен диктофонды күзетке қалдырып, Азаттық радиосының тілшісі лагердің ішіне енді.

Кездесуге арналған бөлмеде у-шу болып жатқан өзге де келушілерді осы мекеменің қадағалаушы қызметкері жіті бақылап тұр. Азаттық тілшісі осы жерде қазақ босқыны Бауыржан Иманғалиевпен кездесті. Бауыржанның жүзіндегі торығу пен абыржу бірден байқалды.

ЖҮКТІ ЗАЙЫБЫНА ЖАСЫЛ ДӘРІ БЕРГЕН

Бауыржан Иманғалиев бес және үш жасар екі қызымен және бірнеше айдан кейін босанайын деп отырған зайыбымен бірге қамауда отыр. Лагердегі күзет қызметкерлерінің үздіксіз бақылауында отырған Бауыржан өзін отбасымен бірге Отанына мәжбүрлеп қайтарудан қорқатынын, өйткені ол жақта азап күтіп тұрғанын айтады. Бәрінен бұрын Бауыржан қыздары мен зайыбының лагердегі жағдайын ойлап сарыуайымға батады.

Бауыржан Иманғалиев, қазақ босқыны. Бендез түбіндегі Бела қаласындағы депортациялық лагерде түсірілген сурет, шілде, 2009 жыл.
Отбасы жоқ жандарды екі бөлмеге орналастырып жатқан депортациялық лагерь қызметкерлері Бауыржан Иманғалиевтың отбасын бір бөлмеге әкеп тыққан.

- Мен лагерь қызметкерлерінен екі баламмен және жүкті жұбайыммен бірге екі бөлмеге орналастыруды сұрағанымда олар өйте алмайтындарын айтты. Олар екі бөлмелі орынның басқалардың мазасын алмас үшін психикасы бұзылған адамдарға берілетінін айтты. Бірақ, олардың басқалармен өзгеше сөйлесіп, басқаша мінез танытатынын байқайсың. Көрші бөлмеде басқа адамдар жүргенде менің жүкті әйелім мен балаларыма қозғалу қиын, - дейді Бауыржан Иманғалиев.

Дәл қазір Чехиядағы (діни көзқарасына байланысты арнаулы қызметтер қудалап, Отанынан қашуға мәжбүр болған) қазақ босқындарының көбісі зәру болып отырған қарапайым медициналық көмекті ала алмауда.

Ал, олардың арасында қанның аздығымен, диабет, жүрек, бүйрек, ісік ауруларымен ауыратындар бар; кейбіреулеріне хирургиялық операция жасалған.

Азаттық радиосына «Орталық Азиядағы адам құқықтары» ассоциациясының президенті Надежда Атаева хабарлағандай, қазақ
Босқын мәртебесін алуға үміткерлерді ұстайтын депортациялық лагерге кіретін есік. Чехия, Бендез түбіндегі Бела қаласы, шілде, 2009 жыл.
топтарындағы жүкті әйелдердің бәрінің де дер кезінде дәрігерге қаралу мүмкіндіктері жоқ.

Нақты айтқанда, Надежда Атаеваның сөзі бойынша, Бауыржан Иманғалиевтің зайыбы бірнеше апта бойына дәрігердің кеңесін ала алмауда. Өзі үшін де, құрсағындағы бала үшін де қауіпті ауруға шалдыққан әйел қазір өте қатты әлсіреген және басы айналады.

Жүкті әйелінің тартып отырған азабы туралы Бауыржан Иманғалиев Азаттық тілшісіне өзі де айтып берді:

- Әйелімнің аяғының қантамырларына [варикоз] Чехияда операция жасалған және оның жүктілігі ауыр өтуде. Оның қаны аз, аяқтары ауырады, үнемі басы айналады. Мұнда әйелім әрең дегенде дәрігердің қабылдауына кірді, ол жүктілікті жеңілдететін дәрі беруін өтінгенде дәрігер оған әдетте, лагерь дәрігерлері беретін ауырсынуды жеңілдететін жасыл түйіршіктер берген. Басқа ешқандай медициналық көмек көрсетілмеген.

ҚАЗАҚСТАНДА БАУЫРЖАН ТҮРМЕГЕ ҚАМАЛУЫ  МҮМКІН

Адам құқығын қорғаушылардың пікірінше, егер Бауыржан Иманғалиев отбасымен Қазақстанға оралатын болса, оған бірнеше айып тағылып, бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өйткені, дейді олар, соңғы жылдары Қазақстанда арнайы қызмет адамдары діншілдердің қалтасына қолдан наша, қару салып, бірнеше айыппен тұтқындаған жағдайлар тіркелген.

Бауыржан Иманғалиевтің Қазақстандағы туыстары арнаулы қызметтің бақылауына алынған. Бұл жайында ол былай дейді:

- Қазақстандағы менің бауырым Ерланға Ұұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жиі келеді. олар үнемі одан мен туралы сұрайды. Бауырымнан елден кетпеу туралы қолхат алып алған, үйіне қонақ шақыруға және біреуге өздері туралы айтуға тыйым салған. Телефоны тыңдалады. Күнде ол жұмысы мен үйінің арасында ғана жол жүреді.

ЧЕХТАР БОСҚЫН ҚАЗАҚ ОТБАСЫН «ӨЗ ЕРКІМЕН» ОТАНЫНА ОРАЛУҒА ҮГІТТЕУДЕ

Чехияның көші-қон билігі Иманғалиевтердің отағасын Отанға оралуға үгіттеуде. Жуырда оларға Чехиядағы Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Прагалық өкілдігінен адамдар келген. Қазақ босқынымен сөйлескен олар ерікті түрде Отанға оралуға үгіттеген.

Бұл туралы хабарды біз «Орталық Азиядағы адам құықтары» атты адам құқықтарын қорғау ассоциациясынан алдық. Көші-қон полициясы қызметкерлерінің үстінен теріс қылық көрсетті және өкілеттігін асыра пайдаланды деп түсірілген көптеген босқындардың шағымына сүйене отырып, ассоциация президенті Надежда Атаева Азаттық радиосына шілденің 8-інде Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым қызметкері Властимир Винтердің Белл Йезовтың босқындарға арналған лагерінде болғанын айтты.

Босқын мәртебесін алуға үміткерлерді ұстайтын депортациялық лагерь. Чех тілінде: «Шетелдіктерді орналастыруға арналған орын» деп жазылған. Чехия, Бендез түбіндегі Бела қаласы, шілде, 2009 жыл.
Атаеваның сөзі бойынша, ол кісі сол лагерде Бауыржан Иманғалиевпен жолыққан. Көші-қон ұйымы қызметкерінің қазақ босқынымен сөйлескені туралы Надежда Атаева айтып берді.

- Винтер мырза ешкімнің қорғап қала алмайтынын, адам құқықтарын қорғаушылардың әрекеттерінің пайдасыздығын айтып, арызданушы Иманғалиевті Қазақстанға «ерікті түрде» оралуға келісім беруге мәжбүрлеген боп шықты. Әңгіме кезінде Винтер мырза өзінің оған Қазақстанға Қырғызстан арқылы кіруіне балама мүмкіндік беріп отырғанын бірнеше рет қайталаған. Бірақ, Батыс Қазақстанның тумасын қолдарына түсіруге Қазақстанның арнаулы қызметі ерекше мүдделі екендігін мүлдем ескермеген. Сол кездесудің қыр-сырын Бауыржан Иманғалиевтің біздің ұйымға берген жазбаша арызынан білеміз, - дейді Надежда Атаева.

«БАЛАМА ЖОЛДАР» ІЗДЕУГЕ КЕҢЕС БЕРУ

Мұнда бір айта кетерлігі, адам құқықтарын қорғаушылар қазақ босқындарының ісін қарай отырып, бірауыздан оларды өз Отанында азап пен абақты күтіп тұрғанын айтады. Қазақстанның Бас прокуратурасы ол босқындарға Отанында еш қауіп жоқ екені туралы ресми мәлімдеме жасағанымен, Бас прокуратураның қызметкерлері: «Қазақстан заңдарын сақтаған жағдайда оларға қауіп жоқ» дегенді айтып қалды.

Босқындар болса: біз қарсы емеспіз-ау, бірақ, заңды бұзбағанымызды дәлелдейтіндей ашықтық пен әділеттілік болатындығына не кепіл болады деп күмәнданады. Олар қалайша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Прагадағы кеңсесінің өкілі Властимир Винтер тұтқын Бауыржан Иманғалиевті Қазақстанға қайтуға итермелеп, қысым жасайды деп сұрайды.

Осы сұрақпен Азаттық радиосының [«Азат Еуропа» Радиосы/«Азаттық» Радиосының Қазақ редакциясы] журналистері Властимир Винтердің өзіне шықты. Телефонмен сөйлескенде Властимир Винтер Бауыржан Иманғалиевке қысым жасағанын жоққа шығарды.

«Мен тек қана Чехияның ішкі істер министрлігі босқын мәртебесін беруден бас тартатын шығар, одан да біздің кеңесіміз бойынша балама жол табу керек деп ақпарат бердім», - дейді Властимир Винтер.

Бірақ та, әлгі «балама жол» деген не деген сауалға Властимир Винтер бұл тек қана Бауыржан екеуінің арасындағы әңгіме дегенді желеу етіп, жауап беруден бас тартты.

«Бұл тек менің және анау мырза екеуміздің арамыздағы әңгіме. Онда ешкімнің шаруасы жоқ, ол өз мәселесін әлдекіммен бірлесіп шешуге тиіс емес. Ол өзінің ісі», - дейді Властимир Винтер.

«МЕН БАРЛЫҒЫНАН АЛДЫН АЛА КЕШІРІМ СҰРАЙМЫН»

Белла Йезов лагеріндегі кездесу соңында қазақ босқыны Бауыржан Иманғалиев Азаттық радиосының тілшісіне адам құқықтары жөніндегі бірнеше халықаралық ұйымдардан мәжбүрлеп Отанына қайтаруды тоқтатуға көмек сұрағанын айтты.

Чехиядағы билік үш рет босқын мәртебесін беру өтінішін қабылдамаған соң және әйел, бала-шағасымен үш жыл жат жерде тентіреген Бауыржан Қазақстанға мәжбүрлі түрде әкетілетін болса, діндес бауырлары мен Чехиядағы билікке келесі сөзді айтамын дейді:

«Егер де мен азапталып, соның кесірінен айғақ беретін болсам, күні бұрын осыған қатысы бар жандардан кешірім сұраймын. Мені уақытша қабылдағаны үшін Чехияға разымын, әйтсе де менің саяси баспана беру туралы өтінішімді дұрыс түсінбегендері өкінішті-ақ. Нағыз Құдайға сенетін адам өзге адамға жамандық тілемейді. Мен өмір үшін және балаларым үшін баспана сұрадым. Мен сұрадым, бірақ, талап еткен жоқпын. Мен сіздерге бұл өмірде де, келесі өмірде де бейбітшілік тілеймін».

Чехияда екі жүзден астам баспана сұраушы Қазақстан азаматтары бар, олардың елу төрті - әке-шешелері өзге елде босып жүргенде дүниеге келген жасөспірім балалар.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Арман
16.07.2009 10:42
+0 / -0
аянышты хикая, әсіресе ана балалардың не жазығы бар? Осының барлығы тәуелсіз Қазақстанда болып жатыр дегенге сенгім келмейді

Кімнен: Мақсат
16.07.2009 10:54
+0 / -0
расында, балалардың көзқарасы еңсемді езіп жібергендей болды, сөз таба алмай отырмын. Азаттыққа рахмет, жаза түсіңіздер, қаламдарыңыз мұқалмасын!

Кімнен: Дамир Қайдан: Кызылорда
16.07.2009 10:59
+0 / -0
Отанында тып тыныш омір суріп жатса гой олай болмас еді. Оздері тыныш журмейді, сосын кашады,содай кейін кінәні біреуден кореді.Журміз гой ешкім бізді кудалап жаткан жок.

Кімнен: Ақыл Қайдан: Алматы
16.07.2009 11:48
+0 / -0
Құдайым-ау бұл адам соншама түңіліп елінен қашатындай сонша не істеп қойған? Экстремис пе, террорист пе????????? Түсінсем бұйырмасын? Неге сонша азап тартып жүр?

Кімнен: Шапырашты емес Қайдан: Астана
16.07.2009 13:24
+0 / -0
Дамирге:Бауырым,Чехияда жүрген бұл қазақтардың жағдайы шын мәнінде де өте қиын. Ал сен елде отырып алып, аузыңа келгенді айтып отырсың. Шамасы шарбақтың ішінен шықпай, оның аржағын көрмеген қазақсың ау деймін. Бұл жігіттерді сыртынан танимын. Олар Қазақстандағы мешіттерге барудан бас тартып, құдайға деген құлшылықтарын өз беттерінше жасады. Одан соң, біздің шаш ал десе бас алатын ұлттық қауіпсіздік, әлгі қазақтардың соңына шам алып түсіп, оның кейбір белсенділерінің үйіне қару, есірткі тастау арқылы жалған қылымыстық іс құрып, темір тордың аржағына тоғытып тастады. Чехиядағы босқын қазақтарды салафиттер деп атайды. Бұл ислам дініндегі көп ағымдардың бірі. Нақтырақ айтсақ, олар Мұхаммед пайғамбарымыздың ізімен жүрушілер, соның жүріп өткен жолын жалғастырушылар. Ал сен болсаң, тып тыңыш үйде отырып алып, аузыңа келгенді айтасың.

Біздің ұлттық қауіпсіздікте істейтіндердің сауатсыздығы мен біліксіздігіне кейде таңғаласың, олар батыстың ақпарат құралдарындағы ислам экстремизімі деген секілді сөздерді оқып алып, өз бетінше құдайға құлшылық етіп жүргендерге шүйлігідеі. Бұл олардың діни сауатсыздығын көрсетеді. Жалпы, бізде жергілікті ұлтқа деген көзқарас әлі дұрыс қалыптаспай жатыр. Неге? Осындан біраз уақыт бұрын Кришналардың Алматының сыртындағы заңсыз басып алған жер учаскелерін тартып алып, олардың ондағы үйлері мен храмдарын бульдозермен күреп тастағанда, пұтқа табынушылар дереу халықаралық құқық қорғау мекемелеріне арызданып, біздің әкім қараларды бірден сабасына түсірді. Ойпырмай, сол кезде әлгі кришналарға отандық басылымдарда жақтасып еді. Мен бұны неге айтып жатырмын. Қазақтар осындай жағдайға түсіп қалса, оларға мемлекетте, үкіметтік емес ұйымдарда араша түсепейді екен. Соған көзім жетті.

Ал Дамир сияқты шолақ белсенділерге мүмкіндік беріп қойсаң, қазақты жерге қаратып, масқаралауға келгенде алдын жан саламайды. Біз соры қайнаған халықпыз ғой.

Кімнен: Асан Қайдан: Алматы
16.07.2009 16:46
+0 / -0
Шапырашты емеске! Біріншіден, өз пікірін айтқан Дамирді жерден алып жерге салғаның дұрыс емес. Әркімнің пікір айтуға құқы бар. Бұл тұста, шапырашты болмасаң да "нөмірі бірінші" шапыраштыдан айырмаң жоқ. Екіншіден, "шапырашты емес" деп өзіңе ат қойып, айдар тағу арқылы рушылдық, жікшілдік пиғылыңды тайға таңба басқандай көрсетіп отырсың. Бір шапыраштыны жек көреді екенсің, оған басқа шапыраштыларды қоспай, жек көрген шапыраштыңды атап айт. Үшіншіден, ия рас,Б. Иманғалиевтің жағдайы аянышты екен. "Үйден қырық қадам ұзап шыққан адам - мүсәпір". Бірақ Атыраудағы, Ақтаудағы "таза ислам" (салафия-уаһһаб) жолында жүрген көптеген қазақ жігіттерінің іс-әрекеттерін әуелі біліп алған дұрыс.
"Бұл жігіттерді сыртынан танимын. Олар Қазақстандағы мешіттерге барудан бас тартып, құдайға деген құлшылықтарын өз беттерінше жасады" дегеніңе қарағанда бірдеңенің иісін сезетін сияқтысың. Имамға ұюдан бас тартып, мешітті менсінбей, ата-бабамыздың рухани-діни жолына түкіріп қойғаны бар бұларды аяудың қажеті жоқ десем, мүмкін артық кетермін, бірақ обалы да шамалы. Шаш ал десе бас алатын "комитетчиктердікі" де дұрыс емес әрине, бірақ қалталарына жаппай наша салып, қудалап жатыр дегенге өз басым сенбеймін. Ақтауда сондай жігіттердің "таксис пен полицияны өлтіріп, жол бойы полициямен атысып-шабысқандағы" мақсаты - Арабияға барып оқу екенін өз ауыздарынан есіткен, көрген адаммын. Олардан әке-шешісінің өзі, бүкіл ауылдастары безіп отыр. Айтатын несі бар бүйректен сирақ шығарып жүрген жігіттердің ісін дұп-дұрыс деу өте қиын. Оларды тек жалпыға бірей адам құқығы мен ар-ождан бостандығы деген желеумен ғана қорғауға болады, меніңше "Азаттық" радиосының да ұстанымы осы.
Сөз соңында айта кетейін, шапырашталырға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, "шапырашты емеспін, найман емеспін, анау емеспін, мынау емеспін, Кіші жүзден құдай сақтасын, Ұлы жүзі құрысын, Орта жүз оңбаған" дейтін бейпіл ауыздарды жек көретін қаймана қазақтың бірімін.

Кімнен: Асан Қайдан: Алматы
16.07.2009 16:52
+0 / -0
Қосымша: Шапыраштының "Чехиядағы босқын қазақтарды салафиттер деп атайды. Бұл ислам дініндегі көп ағымдардың бірі. Нақтырақ айтсақ, олар Мұхаммед пайғамбарымыздың ізімен жүрушілер, соның жүріп өткен жолын жалғастырушылар" деген анықтамасы кісінің күлкісін келтіреді. Діни сауатсыздықтың бұдан асқан сорақылығы болмайды. Чехияда сандалып жүрген жігіттер де тап осылай ойлайтынына күмән жоқ. Ой, сұмдық-ай!

Кімнен: ЖИСУ Қайдан: Ақтөбе
16.07.2009 17:48
+0 / -0
"Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол" деген жаксы макал бар қазақта. Соны Бауыржан, ескермеген екенсің. Өз елің маңдайыңнан сипамаса өзге сипайды деп ойлайсың ба? Қателік! Енді балаларың мен әйелің тартып отыр ғой сол ақымақшылығыңды. Өз өзіңді іштей жеп, қайғыдан құса боп өлмесең нетті. Аянышты тағдырды өзің таңдадың бірақ...

Кімнен: Асанга Қайдан: Asanniya
16.07.2009 18:07
+0 / -0
Ақтауда сондай жігіттердің "таксис пен полицияны өлтіріп, жол бойы полициямен атысып-шабысқандағы" мақсаты - Арабияға барып оқу екенін өз ауыздарынан есіткен, көрген адаммын.
Асеке! Сізге де айырып айтқан дурыс! Сіздің ақылыңыз
Бір шапыраштыны жек көреді екенсің, оған басқа шапыраштыларды қоспай, жек көрген шапыраштыңды атап айт.
Бұл жереңіз нағыз өтірік
Олардан әке-шешісінің өзі, бүкіл ауылдастары безіп отыр.

Кімнен: Шапырашты емес Қайдан: Астана
16.07.2009 21:02
+0 / -0

Асанға:
Асан, бауырым сен тым қатты кетіпсің. Шапырашты емес деген бүркеншік атымның өзі кімді жек көретінімді айқындап тұрған жоқ па? Мен билік басында жиырма жыл бойы отырған шапыраштыны, оның туысқаны, қазір Талдықорған қаласында отырған әкім шапыраштыны, ұлттық қаупсіздік комитетінде отырған шапыраштыны және елдегі ең ірі, аты бар да, заты жоқ партияны басқарып отырған шапыраштыны жек көремін. Олардың атын тізіп шығуға да болар еді, бірақ олай етсем осы сайттың редакторлары менің пікірімді жарияламай тастайды. Сенің өзі осы шапырашты руынан шаққан адамсың ау деймін. Шыж быж болғаныңа қарағанда, солай сияқты. Жалпы, мен рушылыдық дегенді жек көретін адаммын. Егер де менің осы бүркеншік атым сенен басқа да адамдарға ұнамай жатса, өзгертейін. Онда менің келесі атым Назарбаевемес болады. Оған қалай қарайсың, шапыраштыларды қорғаушы Асан бауырым. Қарсы болмасаң жазып жібер.

Мен діни сауатты адам емеспін. Сен біреуге пікір жазбас бұрын, оның пікірін мұқият оқып алсаң болады ғой. Чехияда осындай босқындардың бар екенін ең алдымен Азаттық радиосынан оқыдым. Бұл басылым олар туралы көп жазды. Азаттық радиосының бетінде шетелдік, одан қалса отандық құқық қорғаушылардың әлгі қазақтар туралы және олардың бүгінгі тұрмыс тіршілігі жайында өз пікірлерін айтты. Неге екенін белгісіз, барлығы бір ауыздан Қазақстанда адам құқығының сақталмайтынын айтты. Сол уақытта өзің араша түсіп отырған шапыраштылар, нақтырақ айтар болсам билік басындағы басшылардың бірде біреуі қарсы пікір айтқан жоқ. Неге? Бұл сауалдың жауабын мен айтпасам да білетін шығарсың. Сен өзің өтірік айтқанда алдыңа жан салмайды екенсің, олар полияциялармен атысып, таксистерді өлтірді депсің, бұл ақапартты қайдан алдың? Әлде бір жерде жарияланды ма? Олай болатын болса, сондай жағдайдың орын алғанын әйтеуір бір естір едім ғой. Шамасы, саған пештің түбінде ұршық йіріп отырған апаң немесе әжең айтып берген шығар мұндай ертегіні. Әлде, ауылдың өсек айтықш қатындарының аузынан естідің бе? Маған сол босқын қазақтардың қылмысқа қатыстылығын дәлелдейтін бір құжатты жариялашы? Әй қайдам, сен де аузыңмен орақ оратын қазақсың ау деймін, әлгі Дамир сияқты шарбақтан ары асып көрмеген. Қалай болғанда да аман бол. Бірақ, өтірік айтқанды қой. Ең болмаса бір шапырашты (билік басындағы шапыраштыларды айтамын) өтірік айтпайтын болса, бүгінгі қазақстаннның жағдай басқаша болар еді.

Кімнен: Асан Қайдан: Алматы
17.07.2009 10:24
+0 / -0
Шапырашты емеске сөз шығындау артық екен. Сөз төркінін ұқпайтын адаммен салғыласып абырой таппайсың.
Дегенмен де басқа «комментарийшілер» үшін айта кетейін.
Алдыңғы пікірінде "Чехиядағы босқын қазақтарды салафиттер деп атайды. Бұл ислам дініндегі көп ағымдардың бірі. Нақтырақ айтсақ, олар Мұхаммед пайғамбарымыздың ізімен жүрушілер, соның жүріп өткен жолын жалғастырушылар" деп анықтама берген адам, бір күн өтпей «Мен діни сауатты адам емеспін» деп отырса әрі қарай не деуге болады? Діни сауаты жоқ болса салафиттердің кім екенін қайдан біледі?

«Сен өзің өтірік айтқанда алдыңа жан салмайды екенсің, олар полияциялармен атысып, таксистерді өлтірді депсің, бұл ақапартты қайдан алдың? Әлде бір жерде жарияланды ма? Олай болатын болса, сондай жағдайдың орын алғанын әйтеуір бір естір едім ғой. Шамасы, саған пештің түбінде ұршық йіріп отырған апаң немесе әжең айтып берген шығар мұндай ертегіні. Әлде, ауылдың өсек айтықш қатындарының аузынан естідің бе? Маған сол босқын қазақтардың қылмысқа қатыстылығын дәлелдейтін бір құжатты жариялашы? Әй қайдам, сен де аузыңмен орақ оратын қазақсың ау деймін, әлгі Дамир сияқты шарбақтан ары асып көрмеген».

Демек, мына «шапырашты емес» естімеген нәрсені жұрт та естімеуі керек екен ғой!!? Алдыңғы пікірімде мен Ақтауда болған уақиғалардың біріне байланысты «естідім» деп емес, «көрдім» деп жаздым. Яғни ауыл халқымен сөйлесіп, ауылдың, облыстың имамының пікірін біліп, әлгі салафийлер жазықсыз кетті ме деп үйіне дейін өз аяғыммен барып, әке-шешесімен тілдескен соң айттым. Сол жантүршігерлік уақиға туралы Маңғыстау газеттерін айтпағанда республикалық басылымдардың бәрі жазды («Ана тілі», «Түркістан», «Жас Қазақ», «Үш қиян», т.б. Ұлттық кітапханадан тұрған газет тігінділерін ақтарып шыққан кез-келген адам таба алады (сериялы мақалалар, шамамен 01.02.2008 – 01. 06. 2008). Осыны, осы секілді тағы да қаншама оқиғаларды естімей, оқымай, көрмей «шапырашты еместің» аузына келгенді оттап, көкитіні таңғаларлық.

Ал «Азаттық» радиосы, менің ойымша бұл мәселені әлгі жігіттер салафи, не болмаса уаһһаб болғандықтан көтеріп отырған жоқ сияқты. «Жалпыға бірдей адам құқығы» халықаралық конвенциясына Қазақстан да қол қойған мемлекеттердің бірі. Бұған еліміздің Конституциясын мен халықаралық «Ар-ождан» бостандығын қосыңыз. Осы халықаралық құқық бойынша бұл жігіттердің қудалануы, онда да қалталарына есірткі салып, түрлі аяр жолдармен қудалануы өрескел заңсыздықтардың бірі. Яғни біздің елімізде заң бойынша азаматтарды қандай да бір діни наным-сеніміне қарай қуғындауға жол жоқ. Уаһһаб, салафит түгілі бахаит, кришнаит секілді қаптаған ...иттердің Қазақстанда қалауынша жүріп-тұруына еркі бар. Қаласақ та қаламасақ та заң солай. Осы тұрғыдан келгенде «даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» болып отырған әлгі жігіттерді қуғын-сүргінге түсіру заңсыз. Ал мен мораль... немесе діни көзқарас тұрғысынан айтып отырмын. Қалғаны бөлек әңгіменің тақырыбы.

Кімнен: Шапырашты емес Қайдан: Астана
17.07.2009 11:39
+0 / -0
Асанға: Әй, өзің сөз түсінбейтін адам екенсің ғой. Қазақстанда Нұр деген сөзден басталатын партия бар, оның қарамағында Ж Отан деген жастардың ұйымы бар. Әлгі ұйымның белсенділері (шолақ белсенділері дегеніміз дұрыс болатын шығар) солар пікірталасқа шыққанда, баяғы жас комсомолдар секілді тоқтамай сөйлейді. Сөздері жаттанды екені көрініп тұрады. Ауыздары кәдімгі автомат секілді бір тынбайды. Кейбір кезде ойлаймын, сол шолақ белсенділер өздерінің не айтып жатқанын түсіне ме екен деп. Асанның, әр бір сөзіне қарап, менің басыма ол да осы шолақ белсенділердің бригадасынан болу керек деген ой келді. Сондықтан, бауырым сенімен сөз жарысытырып отыратын уақытым жоқ. Әйтеуір аман бол. Өзің айтқан газеттерде ондай мақала жарияланған емес. Үлкен шапырашты секілді сен де өтірік айтқанды қоймайды екенсің. Дегенмен, өтірікпен алысқа бара алмайсың. Мен Ұлттық кітапханада басшылық қызметтердің бірін атқаратын танысыма хабарласып, әлгі газеттерді ақтарттым. Сенің сөзіңді дәлелдейтін ештеңе таба алмадық.

Ал Чехиядағы қазақтарға Құдай қуат берсін. Жаратқан олардың бүгінгі тілегін орындасын. Асан секілді аузын бассаң, бір жері сөйлейтін не еркек емес, не қатын емес, әйтеуір екі аяғы бар, адамға ұқсас (түрі ұқсас, жандүниесі түсініксіз) пенделерге ренжімеңдер.

Кімнен: Асан Қайдан: Алматы
17.07.2009 16:22
+0 / -0
Ей, "Шапырашты емес" былжырақ! Кітапханаға есі дұрыс адам біреуді жұмсамайды, өзі барады. Егер кітапхананын кайда екенін білмейтін мал болсан телефонынды бер, ертіп апарып көзіңе шұқып көрсетейін!

Кімнен: Нурлан Қайдан: Порто
22.07.2009 01:47
+0 / -0
Калай ауыздарын барып,казак боскындары деп жаздындар.Дурысы казак болудан безген боскындар.