Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:46

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

Қыз абыройы Өзбекстанда жалған мақтанға және қуғындау үшін сылтауға айналды

«Қыз абыройының салмағы» фильмінің ауторы Умида Ахмедова өз халқына «жала жапқаны және ар-намысына тигені үшін» сотталды. Ол билік пен халықтың өзі көз жұма қарап отырған әйел құқын қорғау проблемасын көтеруге әрекет жасаған-ды.

Күн сәулесінен қорғану үшін бетіне айран жағып алған қыз. Умида Ахмедованың «Әйелдер мен ерлер: таң атқаннан күн батқанға дейін» атты фотоальбомындағы сурет.
x
Күн сәулесінен қорғану үшін бетіне айран жағып алған қыз. Умида Ахмедованың «Әйелдер мен ерлер: таң атқаннан күн батқанға дейін» атты фотоальбомындағы сурет.
Мәтін көлемі - +

ҮКІМ ЖӘНЕ РАҚЫМШЫЛЫҚ

Бұдан бұрын Азаттық радиосы өз оқырмандарын Өзбекстандағы бірінші кино және фотодокументалист әйел – Умида Ахмедоваға қатысты жағдайлармен таныстырған болатын.

Ол өзбек халқының ар-намысына тиіп, жала жапқаны үшін айыпталды. Өткен жылдың мамыр айында өзбек тергеу органдары оған қарсы қылмыстық іс қозғады.

Умида Ахмедоваға екі жылдан үш жылға дейінгі түзеу жұмыстары немесе алты айға дейін түрмеге қамалу қаупі төнді. Ташкенттің Мирабад аудандық соты биылғы жылдың 10 ақпанында Умида Ахмедоваға қатысты үкім шығарды.

Сот оны қылмыстық кодекстің «бас пайдасы үшін немесе арсыздығы себепті жала жабу» және «баспа немесе өзгеше тәсілмен көбейтілген мәтінмен, болмаса бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жала жабу» деген екі бабы бойынша айыптап отыр.

Алайда, бұл үкім шыға салысымен, Өзбекстанның тәуелсіздік күніне орай, өткен жылдың 28 тамызында жарияланған рақымшылықтан
Умида Ахмедованың «Әйелдер мен ерлер: таң атқаннан күн батқанға дейін» атты фотоальбомындағы сатушы қыздың суреті.
соң Умида Ахмедоваға кешірім жасалып, ол бостандыққа шықты.

Айта кетейік, Умида Ахмедоваға алғашқылардың бірі болып Өзбекстанның баспа және ақпарат жөніндегі мемлекеттік агенттігі қарсы шығып, ол өзбек құқық органдарының назарына осыдан кейін іліккен-ді.

Бұған, 2007 жылы «Швейцария елшілігінің гендерлік бағдарламасымен» шыққан Умида Ахмедованың «Әйелдер мен ерлер: таң атқаннан күн батқанға дейін» деп аталатын фотоальбомы мен Умида Ахмедованың Олег Карповпен бірігіп шығарған «Қыз абыройының салмағы» атты деректі фильмі себеп болды.

ҚОЛДАУШЫЛАР МЕН ҚАРСЫЛАР

Араларында психологтар, дін өкілдері және өнертанушылар бар агенттіктің сарапшылары Умида Ахмедованың фотоальбомы мен фильмінде келтірілген әдепсіз түсініктемелердің өзбек халқының ұлттық діңгегі мен салт-дәстүрінің беделін түсіруге бағытталған жасырын, астыртын мағынасы бар деген қорытындыға келді. Сонымен бірге, онда жағымсыз ақпарат бар, ол жастардың моральдық-психологиялық жағдайына теріс ықпалын тигізеді-міс.

Билікшіл сарапшылардың және өзбек шенеуніктерінің пікірінше, Умида Ахмедова өз жұмыстарында Өзбекстан халқының ұлттық
Ресейлік адам құқын қорғаушылар Умида Ахмедоваға қолдау танытып, Өзбекстанның Ресейдегі елшілігі алдында тұр. Мәскеу, 11 ақпан 2010 жыл.
дәстүрлеріне өзінің кемсітушілік, сыйламаушылық қатынасымен жала жапқан.

Өзбек билігі қысымға алған соң-ақ Умида Ахмедованың ісі халықаралық жаңғырық тудырды. Батыстағы зиялы қауымның бір тобы мен «Журналистерді қорғаудың халықаралық комитеті», «Хьюман Райтс Вотч», «Амнести Интернэшнл» сияқты беделді халықаралық ұйымдардың сарапшылары Ахмедованы қорғап, ресми Ташкенттен кино- және фотодокументалисті қудалауын жедел тоқтатуын талап етті.

Алайда өзбек билігі өз шешімдерін қабылдап, бәрібір Умида Ахмедованы соттады. Тағы бір айта кетерлігі, сот басталар алдында әлі үкім шығарылмай тұрып-ақ өзбек мемлекеттік теледидары Умида Ахмедованың шығармашылығына байланысты шешімін асығыс шығарып та үлгерді. Өзбекстанда Умида Ахмедоваға қарсы тұтастай науқан жүргізілді.

ЖАБЫҚ ТАҚЫРЫП

Бұл жолы Умида Ахмедованың «Қыз абыройының салмағы» атты фильмі өзбек билігінің жіті назарына ілінді.

Бірнеше билікшіл сарапшылар бұл фильмді көріп шыққан соң оған қатысты өз үкімдерін шығарып, мемлекеттік теледидардан сөз сөйлеп,
Умида Ахмедова өзіне Тәшкент сотының қандай үкім шығаратынын күтіп тұр.
оны өзбек халқының құндылықтарына шабуыл жасады-мыс деп айыптады.

«Қыз абыройының салмағы» фильмі Шығыстың көптеген елдері үшін өте зәру болып отырған, алғашқы неке түніне дейін қыз абыройының сақталу тақырыбына арналған.

Онда, енесі келінін қыз болмай шықты деп есептегендіктен, үйлену тойынан соң күйеу жігіттің үйінен қуып шыққан жас қыздың тарихы әңгімеленеді. Бұдан соң әлгі қыз бірнеше мәрте өзіне қол салмақ болады, оның өмірі осылай тәлкекке ұшырады.

Шығыстың өзге де көптеген елдеріндегі сияқты Өзбекстанда да алғашқы неке түніне дейін қыз абыройын сақтау тақырыбын талқылауға тыйым салынған.

Бақылаушылар, Умида Ахмедова өзбек қоғамында тыйым салынған осы тақырыпты ашық талқыға салғандығы үшін қуғынға ұшырады деп есептейді.

ҚЫЗ АБЫРОЙЫНЫҢ ЖАЛҒАН КУЛЬТІ

Осыған байланысты «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының Өзбек қызметі фильм ауторына, тәуелсіз сарапшыларға «шынымен де бүгінде бұл мәселе өзбек қыздары үшін үлкен ауыртпалық салады ма және бұл тақырыпқа неге тыйым салынған?» деп сұрақ қойды.

Әңгіме барысында «Қыз абыройының салмағы» фильмінің ауторы Умида Ахмедова оның фильмінің кейіпкері өзбек қызы емес, қырым
Умида Ахмедованың «Әйелдер мен ерлер: таң атқаннан күн батқанға дейін» атты фотоальбомындағы сурет.
татары екенін айтты. Қазіргі уақытта, Ахмедованың пікірінше, некеге дейін қыз абыройын сақтауға көптеген жабық қоғамдарда талап қойылады.

– Атап айтқанда, қыз пәктігін сақтау Әзірбайжанда, Кавказда, қырым татарларында, қырғыздарда, Қазақстанның оңтүстігінде бар. Жай ғана адамға сенім керек. Ешқандай күнәсі жоқ жас қыз, бала кезіндегі проблемаларға және физиологияға байланысты қыздық пердесінен айрылғанына кінәлі емес. Әншейін, біздің адамдарымыздың санасында қыз абыройының культі қалыптасқан, – дейді Умида Ахмедова.

Умида Ахмедова оның фильмін Өзбекстанның ресми тұлғалары бұрмалап түсіндірді деп есептейді. Оның айтуынша, елдегілердің көпшілігі бұл фильмді қыздардың арасында қыз абыройының теріс жақтарын насихаттады деп есептейді.

– Олай емес. Осыдан көп жылдар бұрын мен бір мекемеде жұмыс істедім. Сол жерде өте жақсы, тәрбиелі қызды көретінмін. Бірақ, үнемі оның еңсесі түсіңкі жүретін. Мұндағылар әлгі қыз келін болып түскенінде қыздық абыройы болмағандықтан күйеу жігіттің отбасы оны үйінен қуып шыққанын сыпсыңдасып айтатын. Осыдан кейін әлгі қыздың өмірі жақсы қалыптаспады. Мен бұл қыз соншалықты қандай күнә жасап қойыпты деп ойладым. Оның жазықсыз жазғырылғаны көрініп тұрды, – дейді Умида Ахмедова.

ШЕШІМІ БАР МӘСЕЛЕ

Осының арасында, Азаттық радиосы Өзбек қызметінің тілшісімен болған әңгімеде тәуелсіз өзбек журналисі, өзбек қыздарының проблемаларына арналған блог ауторы Гульасаль Камолова фотодокументалист Умида Ахмедованың өзбек қоғамында тыйым салынған тақырыпты қозғауын дұрыс деп санайды.

Гульасаль Камолова бүгінде қыз абыройы Өзбекстан қоғамында әлдебір жалған мақтанышқа айналған деп есептейді.
Гульасаль Камолова, тәуелсіз журналист, өзбек қыздарының мәселелеріне арналған блогтың ауторы.


– Өзбек қыздары абыройларына мүлдем назар аудармайды және бұл олар үшін соншалықты маңызды емес деп айтқым келмейді. Бірақ оларды екі-үш топқа бөлетін болсақ, өзбек дәстүрінде тәрбиеленген қыздар үшін бұл маңызды. Тіпті 30 жасқа келгенде де олар тұрмысқа шықпай тұрғанында абыройын сақтайды. Сонымен бірге, абыройы соншалықты маңызды емес қыздардың тобы да бар. Мен үйлену тойына екі-үш күн қалғанда гинекологқа барып қыздық пердесін қалпына келтіріп алған соң күйеуге тиіп, бақытты өмір сүріп жатқан көптеген қыздарды білемін, – дейді тәуелсіз журналист.

Оның пікірінше, өзбек қоғамы бұл жайында жақсы біледі. Сондықтан, алғашқы неке түніне дейін қыз пәктігін сақтау тақырыбына ашық әңгімелесетін уақыт жетті.

– Тақырыптың жабық болуына байланысты көптеген адамдар бізде мұндай проблема жоқ деп ойлайды. Өзбек телеарналарына қараңызшы, онда әйелдер қыз абыройын сақтау қажет деп айтады. Бірақ оларды кім тыңдап жатыр? Тек қыздардың ата-аналары. Бұл - қыздарға әсер етпейді, өйткені күн санап біздің қоғамымыздағы қыздар еркіндеу болып келеді, – деді тәуелсіз журналист Гульасаль Камолова.

ЖЕЗӨКШЕЛІКПЕН ТЕҢЕУ

Өзбекстанда қыз абыройын сақтау тек бұл елде ғана емес, әлемнің бүкіл негізгі діндерінде жабық тақырып деген пікір қалыптасқан.

Некеқияр қарсаңда қыз пәктігін сақтау мәселесі жайында бұрынғы өзбек теологы, қазір діндарлардың құқын қорғаушы Мутабар Ахмедова былай деп пікір білдіреді:

– Діни тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл тек исламда ғана емес, өзге де діндерде тыйым салынған тақырып. Ол – әйелдердің физиологиясымен байланысты.

Қыз абыройы қыздың мәдениетін бағалаудың негізгі өлшемі болып табылады. Егер қоғамда бұл мәселеге қатысты көбірек еркіндік берілсе, онда ол бұзылып кетеді. Қоғам толық бей-берекетсіздікке ұрынады. Қыз абыройы отбасында да, оның болашағында да үлкен рөл атқарады. Қыз абыройы ешқашан біздің әйелдеріміз үшін салмақ болған емес, бұл – табиғи құбылыс. 20 жылдан бері өзбек қоғамында үйленгенге дейінгі қыз абыройының жоғалуы жайында жиі айтады. Қыз абыройының жоғалуы жезөкшелікпен тең, – деді діндар құқыққорғаушы.

ИСЛАМ БҰНЫ ТАЛАП ЕТПЕЙДІ

Алайда, Азаттық радиосының Өзбек қызметіне берген сұқбатында қуғындағы өзбек имамы Мухаммадсалих Абутов өзгеше дәлелдер келтіреді. Оның айтуынша, қыздық пәктігін сақтау мәселесі әйелдер үшін салмақ салмауы тиіс.

– Әйел тұрмысқа шыққан ба, шықпаған ба, ең бастысы – оның жаны таза болуы тиіс. Естеріңізде болса, Мұхаммед пайғамбар Хадишаға
Мухаммадсалих Абутов, Өзбекстандағы мешіттің бұрынғы имамы.
үйленген кезінде әйелі қырық жаста болатын. Оның алғашқы некеден екі баласы бар болатын. Сондықтан да міндетті түрде абыройы ашылмаған қызға ғана үйлену керек деген шарт жоқ. Ислам заңдары бұны талап етпейді. Үйленбеген жігіт бұрын күйеуде болған әйелге үйлене алады немесе керісінше. Бұл олар үшін әлдебір қорлық деп есептелмейді. Ислам бұны талап етпейді, ол бұның барлығынан биік тұр, – деді бұрынғы имам.

Сонымен бірге имам Мухаммадсалих Абутовтың айтуынша, кейбір жабық қоғамдарда қыз абыройын үлкен проблемаға айналдыру сол қоғамды реформалау қажеттігін көрсетеді.

– Қазіргі жағдайында қоғам реформалануға мұқтаж. Абыройынан айрылған қыздар дәрігерге барып, өтірік алдау арқылы отбасын құрады. Бұл – қоғамның трагедиясы. Бұның барлығы пайда болған материалдық проблемалармен байланысты. Сонымен бірге, қоғамда мәдени, адамгершілік құндылықтар бұзылған, оның салдары осыған алып келеді. Бұны айтқаннан мәселе шешіліп қалмайды. Қоғамда реформалар жүргізу қажет, – дейді Мухаммадсалих Абутов.

«Ферғана» агенттігінің хабарлауынша, әзірге Өзбекстанда Умида Ахмедованың шығармашылығына тыйым салынған. Ал ТМД мен алыс шетелдерде қуғынға түскен фотодокументалистің фотоальбомдары мен «Қыз абыройының салмағы» фильмін көрсету жоспарланып отыр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
19.02.2010 09:25
+0 / -0
Жалпы қазақтың өз ағадан үйренері көп. Олар ұлттық намыс дегенді қашанда ең жоғары орынға қояды. Тілін де, дінін де, ділін де өз санатында ұстанған текті халық екенін көрсетумен, дәлелдеумен келеді. Қандай бір мемілекеттің билігі ең алдымен сол мемілекетті құраушы ұлттың мүддесін ең басты орынға қоюы керек. Сонда ғана елдікті баянды сақтап тұруға, Мәңгілік ел құруға болады. Меніңше өзбек билігінің бұл әрекеті өз ұлты үшін өте орынды, одан саяси мін іздеудің керегі жоқ сияқты.

Кімнен: Абылай Қайдан: Астана
19.02.2010 11:59
+0 / -0
Біз ұлттық құндылықтар туралы көп айтқан сайын, сонымен қатар оның жойылып бара жатқанын да көреміз. Тұрмысқа шығатын қыздың күйеуіне таза, әрі пәк күйнде келгені жақсы ғой, бірақ, соңғы жылдары біздің жастарымыздың көзқарасы батыстанып баражатқан соң ба, әлде мына оңбаған билігі бар, азып тозып баражатқан қоғамның әсері ме, әсіресе жас қыздарыыз, пәктік, күйеуге қыздығын білдүрмей шығу деген прициптерге күліп қарайтын болды. Егер де, біздің билік басында НӘН, Ни, Имеке, Жәке, Усатый сияқты адамдар болмағанда, олардың орнына мемлекетімзді Балтық жағалауы елдеріндегі басшылар сияқты адамдар басқарғанда, біраз нәрсе бүгінгіден өзгеше болар еді. Осы жоғарыда айтқан адамдарға, молданың баласы (ӘБ-ты айтамын) сатылып кетпегенде, бүгінгі қоғам кешегіден басқа болар еді, біз осы өткен аз жылдың ішінде, демократиямен қатар, ұлттық құндылықтарымызды қайта жандандыруға ықпал етере едік қой.

Сондықтан да, бүгінгі жастардың проблемасы текелей биліктің жүргізіп отырған саясатымен тығыз байланысты. Жастарымыздың теріс жолға кетуіне де, осы билік кінәлі.

Өзбектер ұлттық құндылық, дін дәстүр мәселесне келгенде қазақтардан озық тұр. Мұны мойындаймын. Алайда, ол жақтағы диктаторлық режим де өздері қастерлейтін ұлттық құндылықтарды жерге таптап жатыр. Өзбекстан халқының басым бөлігі, аш, кедейшілікте өмір сүруде, бұл олардың жалқаулығыннан гөрі, бұл мемлекеттің билігінің де оңбаған саясатын көрсетеді.Аш адам, ұлттық прициптерді еш уақытта бірінші орынға қоймайды. Басқалар қыздығын сақтап жүре берсін, ал мен нан тауып жеуім керек деп, жұмыс іздейді, таппаса тәнін саудалайды. Бұл амалсыздықтың шарасы. Немесе, Қазақстандағы жезөкшелердің арасында өзбекстаннан келген қыздар бар емес пе? Қазақтың да қыздары оңып тұрған жоқ, олар одан әрі кетуде. Талай адамның көз жасы, талай қыздың лас қонақүйлерді ағып кеткен пәктігіне билік кінәлі. Ең бастысы НӘН кінәлі. Ол жалмауызды орнынан алып тастамайынша, қоғамдағы озбырлық сақтала береді.

Кімнен: Murat
19.02.2010 12:03
+0 / -0
менiмше, бұл - орта ғасырлық надандық. Өзбектен жұмыс істеуді үлгі ету керек.

Кімнен: қар қыз Қайдан: Алматы
19.02.2010 13:00
+0 / -0
"Бір ұлды тәрбиелеу -бір адамды тәрбиелеу ;ал ,бір қызды тәрбиелеу -бір ұлтты тәрбиелеу " Ең бастысы өз отбасымызда тәрбиені күшейтейік ағайын.
Өз басым жалпы қыз баланың таза , пәк болғанын қалаймын, қай жағынан болмасын.

Кімнен: Aisaghali Қайдан: Aqtau
19.02.2010 13:49
+0 / -0
Біздің елімізде батыстың анайы әдет-ғұрпы белең алып кеткені сөзсіз. Қыз абыройы, пәктігі деген нәрселерді қазіргі жастар түсінбейтін боп барады. Бірақ, оған Назарбаев кінәлі деуге бола ма? Әр ата-ана кінәлі. "Отан - от басынан басталады" деген Баукеңнің сөзін ұмытпаңыздар. Өнегелі от басынан тәрбиелі, саналы бала шығады.
Біздің елде ұлттық идеология жоқ деген сөз айтыла-айтыла жауыр болды. Міне, жастар тәрбиесі, ұлттық менталитеттің сақталуы, салт-дәстүр мен тәрбие мәселесін осы Ұлттық идеология шеңберінде ең биік деңгейге көтере отырып, қоғам болып қолға алу керек еді.
Біздің жерімізге гастарбайтер ретінде жүрген қыздардың тәнін сатып, пұл қылуға бейім екенін ел көріп отыр. Өзбек қыздарының біздің қыздардан артықшылығын көре алмадық. Бірақ, ағайын, алдымен өзіміз ұл-қыздарымызға жақсы тәрбие беруге талпынайық.

Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
19.02.2010 14:39
+0 / -0
Кешіріңіз Мұрат. Орта ғасырды надан деп сізге кім айтты? Қыздың пәк болғаны кімге жаман? Не сонда, қойныңдағы қатыныңа бұрын біреу сарып кеткен болса сол сізге мақтан болар ма еді? Қателесесіз! Мәдениетті қоғамның белгісі ар-ұят пен ұлттық құндылықтарды сақтау екенін есіңізде берік ұстаңыз! Меніңше имандылық, сабырлылық деген әйелдің тәнінен басталады. Еркекке де осы өлшем етілген. Егер ер адам өзі пәктігін алған қызды әйелдікке алмаса, ол асқан қиянат, ауыр кінә, өлшеусіз жауыздық болады. Өткен дәуір сөз бола қалса, біраз адамдар өздерін кемеліне жетіп алған кісідей сезініп, тарихқа бір түрлі кемсітумен қарауға үйренген. Бұл нағыз өзгені зор санайтын құлдың, құлдық сана сезімнің бүгінге берген жемісі. Сондықтан қыздың пәктігін дәріптеу тек өзбекке ғана тән мінез емес, қайта адамзат жаралғалы жалғасып келе жатқан Имандылықтың бір үрдісі екенін ұмытпағанымыз абзал.

Кімнен: Арман Қайдан: Қарсақбай
19.02.2010 15:09
+0 / -0
Өзбектікі дұрыс. Біз батыстың беті жылтырақ нәрселерін үлгі етсек азып-тозып кетеміз, ел болудан қаламыз. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды әспеттеуіміз қажет. Ата салтын құрметтеуіміз керек.
Қазір Батыстың азғындаушы үрдістерін кері итерудің орнына, орынды жағдайларды көп сөгетін болып кеттік. Қыз-қырқынның етек ашып, кіндігін көрсетіп жүруі әдеттегі жағдайға айналып барады. Есті жияйық. Қыз тәрбиесіне зор маңыз берген дұрыс деп ойлаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: Арайлым Қайдан: Қарағанды
19.02.2010 17:12
+0 / -0
Қыздың ар-ұяты, абыройы оның пәктігімен өлшенетін заманда өмір сүріп жатырмыз. Оны теріс көрмеймін. Бірақ осы қыздар заңды некеге дейін адалдығынан не жетіспегендіктен айырылады немесе бесіктен белі шықпай жатып, бала тауып, аборт жасатып жатыр, осыған сәл де болса бас қатырып көрдіңіз ба, ағайын? Аурудың диагнозын таппай емдеу мүмкін емес. Бұл да, өкінішке ҚАРАЙ, қоғамымыздың бір үлкен жарасы.

Кімнен: Анахарсис Қайдан: судан
19.02.2010 16:59
+0 / -0
Технологияның дамуы пәктіктің жасанды нұсқасын ұсынып отыр және оның жасанды екенін дәлелдеу де мүмкін емес. сондықтан пәктік дененің пәктігінен көрі рухтың тазалығы болса құба-құп.
Сосын кедейлік, кіріптарлық қыздарды пәктіктен айрылуға мәжбүрлеуі, аздыруы мүмкін.
Сосын еркектердің өзі қыздарды бұзып алып, ертең оны лақтырып кетеді. Ол қыздар өзі бұзайын деп бұзбайды ғой, алғашқы түн көбінесе сеніп қалудан туады. Демек әрбір әңгіменің артында бір трагедиялық сценари бар.
Әйелдер жалпы нәзік халық. Оларды тым тұмшалап тастау қоғамның тұмшалануы болады. ал олардың ашылуы қоғамның да ашылуы болады.
Жалпылама бір таяқпен айдап, бірбеткей қорытынды шығарудан бұрын нақты жағыдайлардың қалай болғанына қарау керек. Әрине пәк болғанға не жетсін. Бірақ Қазіргі өмір сүру үлгісінен қарағанда ол соншалықты маңызды тақырып емес, тіпті Пайғамбарымыздың да үйленге әйелмен тұрмыс құруын еске алсақ, біздің әйелдерден тым қатал талап күтіп, бар кінәні ертең ана болатындарға артатын жауыздығымыз әділдік емес.

Кімнен: aidarhan Қайдан: Almaty
19.02.2010 17:44
+0 / -0
Өзбек өкіметіне өзім дән ризамын, өзін ақылды санаған Умидаға сол керек, мүмкін сол Умиданың өзі қыздығынан ерте айырылған болар, сондықтан сол тақырыпты қозғаған ғой.

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Кокшетау
19.02.2010 18:26
+0 / -0
Мұның артында қандай күштер тұрғаны көпшілік қауымға бесенеден белгілі. Жіптің бір ұшын тауып, соның ізімен қуа отырып зерттесеңіз сол баяғы "батыстан" бір -ақ шығасыз. "Қыз абыройы", "өзбектердің ортағасырлық жабайылығы" т.б. сөздер бұл жерде сылтау ғана. ғана.Ұлтсыздандыру,анайылық,жалаңаштану, тұтас бір ұлттың азғындауы міне осыдан басталады. Қыз бала,әйел адам- ұлттың берекесі,ұйытқысы. Олар азған күні ұлт- ұлт болудан қалмақ. Мәңгүрт,жетесіз,моралді білмейтін тобырды басқару оңай. Ол үшін оқ шығындап керегі жоқ. "Батыстық мәдениет" Орта Азияда өз экспансиясын табысты түрде жүргізіп жатыр. Батыс үшін Умида сияқты феминисткалар- таптырмайтын олжа. Олар енді адам құқығын сылтауратып, оны "жан салып" қорғайды. Ал, салт- дәстүр исламдық мораль туралы ашық айтқан адамдар- "варвар", "фундаменталист", "жабайы" болып көрсетілетін болады батыс БАҚ- нда.

Кімнен: еңбекқор Қайдан: ауыл
19.02.2010 18:47
+0 / -0
АЛжас ағаларың алжып біткен көрінеді! Олжас жастарды алжытпаса деңіз! Олжекең тағы да оттапты! Қараңыз:
http://www.jasqazaq.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=783:2010-02-19-06-36-45&catid=38:2008-12-28-10-23-19&Itemid=57

Кімнен: vty Қайдан: Көкше
19.02.2010 20:55
+0 / -0
Пәктігін сақтау Қазақстанның оңтүстігінде сақталған? Мұны қай дерекке сүйеніп айттың? Солтүстіктегі қыздардың барлығы беті ашылған демексің бе? Мүлде олай емес. Керісінше нағыз қазақи салт пен дәстүрді, солтүстік қазағынан табуға болады.

Кімнен: cұрақ
19.02.2010 21:47
+0 / -0
Өмір, тағдыр дейміз ол әр адамның басына жазғанын көреді. Мысалы, менің құрбым 20 жаста болғанда 1985 жылдары, бір жігіт ғашық болды, міне, нағыз пәк, адал қазақтың қызы деп ауыз толтыра айтатын ару еді. Жігіт опасыз болып шықты, алдап, соңына келгенде: "Сенің опытың жоқ,"- дегенді сылтауратып, үйленбей кетті.Кейін бір жігіт ғашық болды, оған басындағы өткенін бірден айтты, ол болса:"Сен чистый емессің" - дегенді айтты, ал енді біздің жігіттерді түсініп көр. Сонымен, ол ару өмірінде еркек атаулыдан баз кешіп, жүріп жатқан жайы бар. Қарап тұрсаң адал адамға бұл өмірде өте қиын.

Кімнен: Пайдалы кеңес
19.02.2010 22:33
+0 / -0
Каждая девушка, желающей быть матерью должна два раза в год гинекологический осмотр, не смотря, что девственница или нет. Люди, будьте благоразумны, и мальчики тоже должны быть в свое время у доктора. Если хотите иметь нормальную жизнь и потомства в этой экологически бедственное время. А когда не сможешь иметь ребенка, тогда не будет речи даже о девственности.

Кімнен: Ермек Қайдан: Алматы
20.02.2010 02:40
+0 / -0
Мақаланы оқып шығып, астындағы пікірлерге көз салдым. Бұл адамдар сонда нені талқыға салып отыр? Үмида өз фильмі және суреттері арқылы билікке оқ атып отыр. Басқа амалы жоқ. Фильмді көрдім. Талақ етілген бейкүнә келіннің жан айқайы. Күйеу жігіт те шошынған, бірақ атырынған шешенің айтқанынан шыға алмай отыр. Келін де неке түніне дейін ешкіммен болмағанын айтып зар илейді. Фильмнің авторы медициналық проблема болуы мүмкін екенін айтады. Бірақ жігіттің шешесі билігі бар адамдарға шағымданып, Умиданың үстінен арыз жазады, бұзылған әйелді қорғады деп.
Сонда қалай, Умида болған жағдайды сол қалпында баяндап, бейкүнә адамды қорғағаны үшін сотталу керек пе?
Бұл не тағылық? Сонда ұлттық намыс екі бұттың ортасында болғаны ма? Фильмді көрмей бұл не аттан?!
Пікір алмасу

Кімнен: ВВС
20.02.2010 15:33
+0 / -0
Бұл не тағылық? Сонда ұлттық намыс екі бұттың ортасында болғаны ма?
-------------------------------
Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.с) хадисінде былай делінген:"Үмбетім екі жақтың арасы (тіл) мен екі аяқтың арасындағы(жыныс) мүшелеріне ие болсын" Бұл сөздің астарына үңілсеңіз адамға пәленің көбі осы екеуінен келетінін байқайсыз.Шынында да аңдамай айтылған сөз үшін кейбіреулер өмірін құрбан етсе, ерлі- зайыптылардың бір- біріне опасыздығынан шырқы бұзылған семьялар немесе жыныстық ауру туралы бұл жерде айтып жатудың қажеті де шамалы. "Ел болам десең- бесігіңді түзе","қызға- қырық үйден тиым","қазаннан қақпақ кетсе- иттен ұят кетеді" деп халқымыз бекер айтпаған. Ұлттың ұлт болып қалуы да ар, абырой, намысқа байланысты.Сондықтан Ереке, ұлттық намыс қалай десеңіз де, өзіңіз айтқандай "екі бұттың арасын" айналып өтпейді екен

Кімнен: Бегім Қайдан: Түркістан
23.02.2010 18:51
+0 / -0
Мен имам Мухаммадсалих Абутовтын пікіріне мүлдем келіспеймін. Ислам діні некесіз косылуға қарсы. Ал, тұрмыста болып келгендер тағдыры бөлек мәселе. Қазақ қыздарының абыройы әрдайым биік болғай...
Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл