Сейсенбі, 21 мамыр 2013, Алматы 21:27


БЛОГСТАН

Сандалбай сөз сайтанауыздан шығады

«Дарынсыз басшылар еліміздің Бас газетін бейшара күйге жеткізді» деп аталған сұхбат (Рахым Айыпұлы мен Гүлмира Тойболдина, «ДАТ. Общественная позиция» газеті, 08. 02. 2012 ж.) мені де бейжай қалдырған жоқ. Өзім куә болған қайдағы мен жайдағы есіме түсіп, көз алдыма небір көрініс көлденеңдеді.

Оралбай Аманбай Андабаев наразылық танытып жатыр. Ақтөбе, 5 тамыз 2011 жыл
Оралбай Аманбай Андабаев наразылық танытып жатыр. Ақтөбе, 5 тамыз 2011 жыл
Мәтін көлемі - +

Міне, Алматыдағы мәдениет сарайы. Дүние жүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы. Жиналған жұрт мәре-сәре. Қытайдағы, Монғолиядағы, Алманиядағы, Аустриядағы... қазақ қауымдарынан келген  өкілдер – қайран қазекемдер бізбен жылап көрісіп, атамекенге оралар күн туғанына шексіз қуанышты.

Сол күні таңертең Алматының әуежайында Монғолиядан келген қандастарымызды қарсы алғанымызда ұшақтан түскен қарттың еңкілдеп   дізе бүгіп, жерге маңдайын тигізіп: «Айналайын атамекенім!» деп егілгенде кәрі көздің ыстық жасы бұршақтап төгілгенін көріп, қабырғамыз сөгіле жаздаған. Туып-өскен жерде бейқам тайраңдап жүрген мен Отанның, елдің, жердің, халықтың қадірін біле бермейтінімді сонда түсініп, күпірлігім үшін құдайдан іштей кешірім сұрадым.
Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы, Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл.Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы, Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл.
x
Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы, Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл.
Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы, Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл.

Ал мынау сұхбаттан Шайынғазы Сейфолла дегеннің «Егемен Қазақстан» газетіндегі мақаласында «Отан, патриот деген сөзге лайық болу үшін адам осы елде ұзақ уақыт тұрып, ел көрген қиындықтарды бірге көруі тиіс» деген шикі-шірік пікірін біліп, жағамды ұстадым. Оның ойсымағынша, Қазақстанда туып-өспеген қазақта, атамекенін сағынуды былай қойғанда, қазақтығын ойлау деген болмайды екен. Қазақ екенін сезінуі үшін Қазақстанға келіп, ұзақ уақыт тұру, басқа қиырдан әкелінген малша жерсінуі керек көрінеді. Астафыралла!

Иә, мәдениет сарайының шаңырағын шат-шадыман да шалқар сезім кернеп тұрды. Ішкі-сыртқы қазақтар бәріміз көптен  күткен тойымыздың құшағындамыз. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті, дүние жүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев  көңілдене, көсіле сөйлеп, шеттен келген қандастарымыздың, егер жаңылыспасам, төртеуіне «Қазақстан республикасының азаматы» төлқұжатын жұрт   алдында тапсырып: - Қашан келсеңіздер де, төріміз дайын. Азаматтықты бірден  аласыздар! - деді. Қуатты қуанышпен құшырлана соғылған шапалақ күші салтанат сарайымыздың төбесін көтеріп кете жаздады...

Тағдырдың тауқыметімен жыраққа кеткен қазақтардың аман-есен жүргендерінің өздері, жат жердің топырағы бұйырғандардың ұрпақтары атамекеніне – Қазақстанына көш бетін түзеді. Бұқаралық ақпарат құралдарымыз аңсап келген ағайындарымызды әспеттеп айтып та, жазып та, көрсетіп те айызымызды қандыра бастады. Содан кейін, бірте-бірте...  сөз бұзылды, іс іріді.

"Оралмандар" деп аталған қандастарымыз, әкесінен баласы, ағасынан қарындасы айырылып дегендей, республиканың облыстарына пәлен үйлеп жөнелтілтіле салатын болды. Олар барған жерде баспанаға жарымай, жұмысқа орналаса алмай қиналды. Оның үстіне жергілікті әлдебір қаныпезерлер оларды «қытай», «мұңғыл» деп атап, көпе-көрінеу кемсітуді шығарды. Жоғары білімі бар мұғалімдер, дәрігерлер, ғалымдар, жазушылар бақташы, шопан, пошташы жұмыстарына ғана алынды. Жалпылап айтып отырған жоқпын, алайда көбінесе солай болды.
Есіл ауылындағы мектепке бармаған оралман отбасыларының балалары. Қарағанды облысы, 2 қыркүйек 2010 жылЕсіл ауылындағы мектепке бармаған оралман отбасыларының балалары. Қарағанды облысы, 2 қыркүйек 2010 жыл
x
Есіл ауылындағы мектепке бармаған оралман отбасыларының балалары. Қарағанды облысы, 2 қыркүйек 2010 жыл
Есіл ауылындағы мектепке бармаған оралман отбасыларының балалары. Қарағанды облысы, 2 қыркүйек 2010 жыл

Алматыда  да, жер-жерде  де желден жүн түткіш  алаяқтар оралманды: - Саған азаматтық алып беремін!.. Сенің  үй алуыңа көмектесемін!.. – деп алдап, ақшасын қақшып, зым-зия кетіп жатты. Ондай оңбағандық баспасөз бетінде айғақталды да. Бірақ тұтылған, тұтылса да жазаланған ешкім болмады. Қысқасы: оралмандардың көші-қоны алаяқ шенеуніктердің   «табыс көзіне» айналды. Оны да жалпылап айтып отырған жоқпын, алайда көбінесе солай болды. Жат елде ондай қулық-сұмдықты көрмеген қандастарымыздың жақсылықтан түңіліп, қайтадан көшіп кеткені, әлі де кетіп жатқаны сондықтан.

Республикамыздың облыстарын аралаған кездерімде, әнеу мақаласымақта айтылғандай, «күнелту үшін келген» оралмандарды көрген емеспін. Керісінше, «екі қолға бір жұмыс» таба алғандары жер емшегін еміп, диқан болып жүр, мал өсіріп, ет, сүт, май, қымыз, шұбат саудасын оңдап, маңайын жарылқан жүр. Негізгі мамандығын көксеп, сұрап  қасарысқаны жоқ (оралмандардың қаншасы қандай оқуда, қызметте екенін Рахым Айыпұлы дерек тілімен айтып беріпті). Яғни: «оралмандар бас пайдасын көздеп келді», «оралмандардан Қазақстанға ешқандай пайда болмады», «Жаңаөзендегі оқиғаға оралмандар кінәлі» деген сияқты сандалбай сөздер сайтанауыздан шығып жатыр.

Үкіметтің Жаңаөзен тұрғындарын басқа аймақтарға көшіру сияқты «өміршең мәселені» ойлап тауып, «президенттің тапсырмасы бойынша  «Жұмыспен қамту – 2020»  бағдарламасын  жасап», ол шараға 11,3 миллиард теңге бөлуді көздеуі, меніңше, - «Жаңаөзендегі қантөгіске оралмандар кінәлі» деген дүмбілез пікірді пісіру.

«Нұр» деген сөзді көрінген жерге тықпалау «дәстүрімізше» алыстағы қандастарымыздың атамекенге бет түзеген «Нұрлы көші» осындай  қитұрқыға ұшыраумен тежеле бастады. Биліктің «біз білгенді кім біліп жатыр» іспетті бүркемелі саясаты «Егемен Қазақстан» газетінде шайынғазылардың аузымен айтылса, ол саясатты құлыбаев-шүкеев-ертісбаевтар жаңаөзендіктерге таңа бастаса, «Нұрлы көш» тоқтады, басы таудай, аяғы қылдай болды дей берелік.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Phd Қайдан: Алматы
13.02.2012 20:58
+0 / -0
Оралмандар келгелі бері біздің дәстүрімізге, тілімізге көп ұлес қосты, олардың көбі мемлекеттің ақшасымен емес, өз күштеріне сүйеніп көшіп келіп күн көруде, ал біздің үкімет документтің мың түрін жасатқызып, олардың қанын сорды. Жалпы елімізде Қазақ көбейсе, орыспен қытайға бағынышты болмай қаламыз, билікке бұл жақпайды, сондықтан олар осындай намыссыз адамдар жалдап тапсырыс бойынша істетіп отыр.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.02.2012 09:18
+0 / -0
Үкімет 2000 жылға дейін көшіп келуге тек 500 отбасыға квота беретін.Сол кезде келген Өзбекстан, Түрікменстан азаматтарының 98 пайызы үкіметтен квота алған жоқ. Жергілікті ағайынның "оралманға ақша беріп жатыр" дегені 2003 жылдардан кейін келгендеріне ғана қатысты.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.02.2012 00:44
+0 / -0
Өскеменнен келе жатып, жолда қол көтерген әйел кісіні автокөлігіме мінгізіп алдым. Тағы да қол көтерген екінші келіншекті де мінгізіп алдым. Екеуі де Георгиевкаға дейін баратын болып шықты. Сөйлесе келе, бірінші әйел 20 жыл бұрын Қазақстан қандастарды шақырғаннан соң, хирург болып жұмыс жасаған күйеуі екеуі 5-6 баласымен Мұңғолиядан көшіп келген екен. Қазақстанға келгеннен соң күйеуіне "мұңғолиядан алған медициналық депломың Қазақстанға жарамайды"- деп, сол арадағы бір қойшы ауылға қойдың құйрығын құртта деп, үй беріп отырғызып қойыпты. Ол жерде 1-2 жыл "өмір сүріп", сол ауылдың 27 баласын бір тиын алмай, тегін сүндеттеп беріпті. Хирургтің адалдығына, тазалығына, адамгершілігіне риза болған ауылдағылар (балалардың ата-аналары)ұйымдасып, "бұл азаматқа көмектесейік"-деп, 27 қойды сыйға тартып, алдына салып беріпті.
Қойларды Өскеменге алып барып, сатып, қалтасына ақша түскесін жаңағы әйел Қазақтелекомға барып, Мұңғолияның Денсаулық Сақтау министрінің өзіне тіке телефон шалып, "ау, бұл қалай болғаны, "Қазақстанда сендерге үй дайын, дәрігерлік жұмыс береді"-дегеніңіз қайда, Мұнғолияның дипломы Қазақстанға жарамайды"-деп, бізді қойдың құйрығын құрттатып қойды ғой"-деп, ауызша арызданыпты. "Арада екі-үш күн өткеннен соң, ауылға бірнеше УАЗ-ға мінген, қара костюм-шалбары мен ақ көйлегіне галустук таққан бір топ шенеулік сау ете қалып, қол-аяғымызды жерге тигізбестен, Георгиевкаға көшіріп алып барып, үй беріп, күйеуімді аудандық ауруқананың хирургі етіп жұмысқа қойды" деді.
Екінші мінген келіншек, "ие анау бәленше ағайдың жолдасы екенсіз ғой, ойбай, ол кісіні білеміз ғой, өте мықты хирург қой"- деп, ол кісіні танып жатты.
Мен хирургтің әйелін алыс жол жүріп бара жатсам да үйіне дейін жеткізіп салдым. Үйі Қазақстанның хирургтерінің үйіне ұқсамайды, орташа дәрежедегі үй екен.
Сөзінің арасында әйел кісі күйініп, "ой, мен Қазақстанға келген 20 жылдың ішінде біздің тәртіпсіз елдің бетімен кеткен бандит басшылардың жасап жатқан бассыздықтары мен бюрократизмінің кесірінен 40 жылға қартайып кеттім ғой"- деді.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?