Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:29

БЛОГСТАН

Шындықты айтқандар Ақорданың қырына ілігеді

«Рух пен тіл» пікірталас клубының жетекшісі Жанболат Мамай. Ақтау, 26 тамыз 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +
Ақпанның 21-і күні Алматыда белгілі театр режиссері Болат Атабаевқа Германияның Гете институты әлемдік өнер мен мәдениетке қосқан үлесі үшін Гете атындағы медаль беру туралы шешімін салтанатты түрде хабарлады, медальдің өзі тамыз айында Германияда тапсырылуы тиіс. Бірақ Қазақстанда үстінен «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген баппен іс қозғалған Болат Атабаев шетел түгіл Алматы қаласының шекарасынан биліктің рұқсатынсыз шыға алмайды. Сейсенбі күнгі салтанатты кешке Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері де келді, бірақ олар режиссерді құттықтау үшін емес, Болат Атабаевқа ертеңгі болар тергеуге шақыру қағазын тапсыруға келіпті.

Әлемдік қауымдастық еңбегін бағалап, мойындаған режиссердің үстінен іс қозғалып, мұндай қуғынға түсудегі басты себебі не дейсіздер ғой? Ол - оның әділеттілігі, өтірік пен жағымпаздықты жан дүниесімен жек көретін адалдығы. Принципшілдігі. Басқа зиялысымақтар сияқты «Жаңаөзенде бүлік шығарған
Теат режиссері Болат Атабаев. Алматы, 8 ақпан 2012 ж.
x
Теат режиссері Болат Атабаев. Алматы, 8 ақпан 2012 ж.
​​бұзақылар деп» биліктің сойылын соғып, табанын жаламағаны. Жаңаөзенде билік қарапайым халықты автоматпен қырып тастағанын, бұған тікелей жауапты Ақорда иелері екенін ашық айтқаны.

Сол күннің ертеңіне Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тергеуге шақырылғандардың бірі жас саясаткер Жанболат Мамай. Оның да үстінен «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген бап бойынша іс қозғалған. Жанболаттың жасы жиырмадан жаңа асқан жас жігіт. Кешегі студент. Ал билік оған неге шүйлікті? Жап-жас жігітке мұндай ауыр айып тағылардай ол нені бүлдірді? Ештеңені де.

Бұл қос азамат та қылмыскер емес. Билік оларға күйені тонналап жаққысы келгенімен оларға күйе жұқтыра алмайды. Себебі бұл азаматтар халықтың мұңын жоқтап, жоғарғы биліктен жасқанбастан олардың айыптарын бетіне басып, қателіктерін бадырайтып ашып бергеніндіктен қудалануда. Ал әлем мойындаған қазақ режиссерін, жиырмадан жаңа асқан жас саясаткерді соттау, қудалау арқылы билік өз қолымен қазақ өнері мен қазақтың болашағын тұншықтырмақ ойда.

Болат Атабаевты істі қылу өнерді соттаумен бірдей емес пе? Ал Жанболат Мамайды істі қылу ше? Мамай студенттiк кезiнен өз маңайына еркiн ойлы жастарды топтастырып, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қателіктерін халық алдында ашық айтып, премьер Кәрім Мәсiмовтiң қызметтен кетуiн талап еткен мыңдаған жастардың қолын топтастырып, режимнің қытығына тиiп жүрген ең жас саясаткер.

Былтыр Маңғыстаудағы мұнайшылар ереуiлi кезiнде, жаз мезгiлiнде билiк оның мұнайшылармен кездесуiнiң өзiнен сескенiп, тағы да сол тапсырыспен, қисынсыз жаламен, полиция қызметкерлерiне қарсылық көрсеттi деген айып тағып, Ақтау қаласының әуежайына қонған бетiнде ұстап, он күнге түрмеге тоғытқаны естерiңiзде болар. Сол кезде Жанболаттың полиция қызметкерлерiне қарсылық көрсеткенiне, сол үшiн айыпты болғанына бiреу сендi ме? Жоқ! Оның қазiр қудалануы мен iстi болуының, жала жабылуының басты себебi - осы жігерлі жастан сескенген биліктің үрейі, қорқынышы.

Бұл азаматтардың шындығына келгендегi басты айыбы – президент Назарбаев пен оның құрған саяси режимiне қарсы ашық күресi. Бiрақ бiзде президент пен билiктi сынағаны үшiн соттайтын заңның жоқтығынан ұлттық қауiпсiздiк комитетіндегілердің әлгіндей қисынсыз айып табуына тура келдi.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қарлығаш Қайдан: Қызылорда
23.02.2012 13:05
+1 / -0
Болат пен Жанблатты қорғайық, ағайын! Билік жұртты жаппай қылмыскер етіп шығармақшы.Бұл олардың шарасыздығының дәлелі. Биілк күнді алақанымен көлегейлей алмайды.
Пікір алмасу

Кімнен: ОРТА ЖАСТАҒЫ
23.02.2012 21:24
+1 / -0
Жанболат, Инга , Қажымұқан сияқты АЗАМАТ жастар көбейе берсін.
Пікір алмасу

Кімнен: Макан
24.02.2012 10:02
+0 / -1
Шахановтай кокесин лактырып кеткен мамайдан аулак болайык агайын Ол бала емес, журген нагыз пале

Кімнен: Ардақ Қайдан: Алматы
24.02.2012 13:54
+0 / -1
Ел жұрт абай болыңдар! Жанболат, Инга , Қажымұқан сияқты АZAmaTTaR КНБ-ның агенттері, бұларға сенуге болмайды
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.02.2012 17:17
+0 / -0
Инга!
Жанболат!
Сендерді тапқан Аналарыңнан айналайын!
Оттай лаулап жанып тұрсыңдар. Үміт отын өшірмеңдер, сәулелеріңді шаша беріңдер азабы мол, бейнет шеккен қазақ деген халықтарыңа!
Сендердің күндерің туады алда! Тілектеспіз!

Кімнен: bulbul kus Қайдан: Алматы қаласы
24.02.2012 16:54
+1 / -0
Ассалаумағалейлум! Алаш арстары, ақиқатты жақтаушылар сіздерге Алланың нұр жаусын!!! Аман болыңыздар" кешегі ардақты ағаларымыз Алытынбек пен Заманбектен айырлдық, Ер мінезді, ұлттық рухы асқақ Бекболат ағамыз биліктен шеттетірілді... Енді Жанболат сияқты еңсесі биік, ұлтжанды жастардың жаманның жемтігіне айналуына жол бермеймыз!!! неге олар кінәлі? ащы шыныдықты айтақаны үшін бе? халықтың сөзін сөйлегені үшін бе? қазақты кім сатады? қазақты қазақтан басқа ешкім сатпайды деген осы емес пе? неге билік осындай жігерлі, намысшыл , ел келешегін ойлайтын ұлы жастарды қинайды? қайта соларды ертеңгі ұрпаққа қайырлы жол бастайтын қазақ жастары деп жағдай жасап, жәрдемшісі болу керек қой!!!

Атам қазақ айтқан үш нәрседен сақ бол...
үн -түнсіз жатқаннан ,
Ана тілін сатқаннан.
Елдің ерін атқаннан деп бекер айтпаған екен сонда біз енді кімнен сақ болумыз керек???
Пікір алмасу

Кімнен: Бекен Қайдан: Алматы
24.02.2012 23:54
+0 / -0
Анай үріп отырған биліктің күшігінің есімін қалайша Ардақ қойған. Сені қай ұрғашы тапты екен. Сен (сені есі дұрыс адам деп те айтуға болмайды) Жанболаттың садағасы болуға да жарамайсың. Жанболат пен Инганы халық қандай жақсы көрсе, сендей малғұндарды соншалықты жек көреді.
Пікір алмасу

Кімнен: Арман
27.02.2012 16:17
+0 / -0
Жазу стиліңіз қандай тамаш Инга! Сіздің даусыңыз да сондай тамаша....Абай ескерткіш алдында жерге аунап жатқаныңызды көрдім..әдемісіз

Кімнен: Ақиқат Қайдан: Алматы
25.02.2012 08:05
+0 / -0
Жанболат Мамай ҰҚК жансызы емеспе Оған ешқашан сенуге болмайды Өркөкірек сорлы емеспе
Пікір алмасу

Кімнен: Сапар Қайдан: Алматы
28.02.2012 00:11
+0 / -0
Көрінген тесікке кіріп күнің үшін жүрген өзің сол кнбның салпаңқұлағысың. Ішкен-жегеніне мәз болып жүрген сен сияқты азғындар әлі баршылық. Құдай есебіңді табар!

Кімнен: казак Қайдан: Алматы
26.02.2012 17:02
+1 / -0
Жанболат пен Инга ерте есейіп саясатқа ерте араласқан жандар. Олардың жастығына қарамастан (22-23 жас) осындай қиын жолды таңдауы бүгінгі режимнің кесірі. Егер бүгінгі билік әділ, шыншыл, халқына жанашыр болған болса Жанболат пен Инга парлементте отыруға лайық еді. Жастығына қарамастан өздерінің құрдастарынан суырылып шығып мемлекеттік деңгейде мәселелер көтеріп, елдің жоғын жоқтап, қатігез биліктің солақай саясаты әшкерелеп, онымен тынымсыз күресуде. Бар күш жігерін, уақытын осы мақсатқа жұмсауда. Сондықтан бір туар азаматтарды көпшіліктің арасынан ажырата білейік, жоғарыдағыдай негізсіз сөздер айтуға болмайды. Жанболаттай Ингадай қазақтың жастары аман болсын.

Кімнен: Аққуан Қайдан: Ақтау
26.02.2012 21:27
+0 / -0
Жанболаттай саналы салиқалы жас саясаткерді болашақ Қазақ елінің мүддесіне пайдалана білу керек,биліктің санасы болса.

Кімнен: Расул Қайдан: Маңғыстау
28.02.2012 00:37
+0 / -0
Мен өз басым Жанболат Мамайдың Қазақ елінің шын тәуелсіз болуына үлес қосқан ұлт қамын ойлаған шыншыл жас саясаткер екенін білемін.Біреулерің ол биліктің адамы дейсіңдер,мүлдем олай емес,билікке қызмет еткен адам еш уақытта билікке шындық айтпайды.Ал Жанболат үнемі елдің, ұлттың мәселесін көтеріп жүр,содықтан осындай жастарымызды қорғап сақтай білейік ағайын.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.03.2012 12:39
+0 / -0
Шыңғыс ханның жаугершілік соғыстарын көзімен көріп, жазып жүрген шежіресіні шақырып алып, хан :" менен рұхсат алмай жаздың" деп жазаламақшы болған екен. Сонда шежіресі қарт : - "... Ақиқат жұмыр жердің саңлауын тауып аралап шығады. Шындықты айтқанда ханнан да, қарадан да рұхсат сұралмайды " деген екен.

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
07.03.2012 21:44
+0 / -0
Қазіргі БИЛІКтің іс -әрекетінен Биліктің ішінде де қазақ ұлтына қарсы ҰЛТТЫ КҮЙРЕТУ мақсаты мен Спец ЗАДАНИЯ мен отырған САТҚЫН АГЕНТТЕР барма деген ойлар туындайды!!!
МЕН ӨЗ ҰЛТЫНА ӨЗДЕРІ ОҚ АТҚАСЫН МЫНА БИЛІКТЕН ШОШЫНАЙЫН ДЕДІМ!!! ОЯН ҚАЗАҚ!!!

Кімнен: ара
11.03.2012 16:02
+0 / -0
Жанболат Мамай деген кашкын Абяловтын айтагында журген адам.
кiмнiн акшасы болса сонын сойылын согады. олар оз максатарына жету ушiн демократияны желеу етедi.
Мухтар Шахановты "кадап" кеткен адамнан не сурайсын??

Кімнен: Беріш . Қайдан: Шындықтан қорқатын ел.
16.03.2012 18:27
+0 / -0
Ара мен сізбен келісе алмаимын . Өмір өзенінде елін сүиген ерлерге еркін жүзуге мүмкүндік береиік . Олар аита аита көсем болар , шаба шаба батыр болар ерлердеп түсүнгенін дұрыс болар .Өз арамыздан шыққан қаисар ұлдарымызды жау санамаиық құрметтеиік .Онсызда аиналамыз анталаған жау бине бір билік басып шығарып жатқандаи . Олар көзге көрінбеседе атып , қамап ,сатып ,өлтіріп жатқан жауды жазаиық аитайық әрбір сөзіміз оларға оқ болып атылсын . Шындықты аиытқандар ақ орданың қырына ілігері анық , себебі шындықты есту арты лас қоғамға қорқынышты . Шындықтың көзіне тіке қарау мүмкүн емес . Қатты аитылған бір ауыз шын сөз ол жарылған атом бомбасыментең Сондықтанда Жанболат болсын басқа болсын сөкпеиік олардың жалындап жануына қарсы болмаиық бауырлар .

Кімнен: Baha88 Қайдан: Astana
18.03.2012 22:40
+0 / -0
Шындыгын не булар отирик айтады. Осылар халыкты куртады, халыкты емес, Тауелсиздик алган елимизди куртады. Мен оз басым Опазицияга сенбейм, неге?- деген суракка келер болсак, олар кезинде биликте кызымет еткен, акша жеди, дурыс жумыс истемеди, сол ушин жумыстан босады. 2 шы ден олар халыкты пайдаланып биликти кулаткысы келеди. Ал биликке келер болсак Назарбаев Казакстанды дамытуда, ол отирик емес рас, жастар билим алсын деп бар жагдайды жасап жатыр, шет елгеде окытып жатыр. Назарбаев жаксы жумыс истейд, тек астандагы министрлер барин куртады. Мамай мен Ингага келер болсак айтар созим жок. Бундай адамдардан аулак болайык

Кімнен: Беріш Қайдан: Көз жасы төгілген ел .
19.03.2012 17:51
+0 / -0
Baha 88 . Тоқсанға екі саны жетпеи қалған Астаналық . Опозицйяға сенбесең сенбеи жүре бермедіңбе оны неге мақтанғандаи аитып отырсың . Ал мен сенем ертең елімнің гүлденіп дамығанын алдыңғы қатарлы елдермен теңесетінімеде сенемін . Ол үшүн кәзіргі билікті таратып жаңа билікті құруымыз керек . Опозицйя болмаса кәзіргі билік оиына келгенін жасап халықтан бәрін жасырып отырар еді. Есіңізде болсын опозицйя елімді құртпаиды қаита дамыудың даңғыл жолына түсіреді асықпа .Адал ерлерімде жұмысың болмасын билікті құлатама ,тұрғызама онда сенің шаруаң қанша . Қаидағы болмаған дамуды аитып отырсың түс көргеннен саумысың . Шолақ оилы адамның тап өзі екенсің ,шолақ белсендіге ұқсаған .Шетелде оқыса несібар заман талабы солаи болса соны сөздеп аитып мақтанып отырсыңба . Сен не десеңде , мен елімді жерімді , жетімімді баилығымды сатқан ,жемқорлыққа жол ашқан ,тілімді жетім еткен , дінімді дүбара қылған , қазақ қыздарына арын сатқызған , халқын қырып қан төккізген , ерлерін өлтірген қамаған ,соттаған билікті өлө өлгенше қолдамаимын . Мен атақты әулиенің шөбересімін мен армандаған , аңсаған күнде жақындады асықпа оныда көресің . Сенің дегенің емес мына менің дегенім болады . Сонда ұиалғаннан бетің қызарармекен .

Кімнен: Мақсат Қайдан: Батыс .
19.03.2012 19:08
+0 / -0
Baha 88 Шабамдеп шаба алмаи қалған шабандоз . Сен сияқты тормыздардың қырсығынан 20 жылда елді алдап қанап келдік Қарға құсап қақылдап кері сөилегеніңе жол болсын . Арамдау оиыңды бұл жерде емес басқа жерде аитарсың . Әділдікті ту еткен ер азаматтарда жумысың болмасын , оларға сен сенбесеңде сенетін қалың елі бар . Оданда Бақа болып сасыған көліңде мекен етебер .
Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл

Назарға көп іліккен