Сейсенбі, 18 маусым 2013, Алматы 13:55


МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Маржан мен Айнабектің айтысы

Наурыздың 15-і мен 16-сы күні Шымкент қаласында «Наурыз айтысы» өтті. Алғашқы күнгі сөз сайысының аудио нұсқасын Азаттық радиосы техникалық себептерге байланысты жаза алмаған еді. Сондықтан тек наурыздың 16-сы күні өткен айтысты оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Айтыскер ақын Маржан Есжанова. Алматы, 12 ақпан 2011 жыл.
Айтыскер ақын Маржан Есжанова. Алматы, 12 ақпан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Айтыстың екінші күні Батыс Қазақстан облысының жас ақыны Айнабек Бейсенғалиев Оңтүстік Қазақстан облысының белгілі айтыскері Маржан Есжановамен сөз қағыстырды. Қос ақын айтысқа Дінмұхамед Қонаевтың игі істерін арқау етті.

Сөз бастаған Маржан Есжанова Қонаев жайлы былай деді:

 - ...Аңсаған қазағына азат қоғам,
Оңтүстікте орыны ерекше еді.
Құтты еді ғой қадамы әр аттаған.
Шет елдік боп кетер ме еді Мақтааралың?
Шекарадан өткізбей, сол ап қалған.
Қайран ердің қадірін білдік пе екен
Туған жерді өзгеге тонатпаған.
Естелігін оқысаң қынжыларсың,
...Өмір соңын айтыпты тозақ болған, - деді.

Айнабек Бейсенғалиев қазақтың қазіргі әлеуметтік күйін «көкектің жұмыртқасын басқан көгершіннің» кейпімен салыстырды.

 - Талайға біздер құшақ ашып жүрміз,
Дос қылып, қатарға алып қосып жүрміз.
Шетелдіктер қос-қостан коттедж салып,
Біз болсақ, пәтер таппай босып жүрміз.
Мұнай менен шахтаны жұртқа беріп,
Өздеріне жалданып, жасып жүрміз.
Жер астының байлығынан рахат көрмей,
Жер үстінің жұртына шашып жүрміз.
Алтын, мұнай, күмістен қандай пайда, 
Өзгеге беріп қойып, тасып жүрміз.
Біз, қазақ, әлі күнге көгершіндей
Көкектің жұмыртқасын басып жүрміз, -деді
Маржан мен Айнабектің айтысы
Айтыстың радио нұсқасын алдағы аптадан бастап әр  сейсенбі сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Astana Қайдан: Astana
17.04.2012 00:24
+0 / -0
Kurmetti Azattyq radiosy Sizderge kop kop raxmet,kai jerde kandai aitys bola kalsa sony jetkizuge tyrysasyzdar! Kai jerde kai uakytta aitys bolatynyn bildirsenizder de jaksy bolar edi raxmet?!

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?