Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:09

МӘДЕНИЕТ

Ринат пен Рүстемнің айтысы

Биліктің қамқорлығына өткен айтыс жыл бойы аудандық, облыстық, қалалық деңгейде ұйымдастырылып, қорытынды сөз додасы Қазақстанның тәуелсіздік күніне орай Астанада болды. Азаттық радиосы «Тәуелсіздік тағылымы» деген атпен үш күн бойы өткен ақындар айтысын жүйелі түрде беріп отырмақ.

Айтыскер ақын Ринат Заитов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
x
Айтыскер ақын Ринат Заитов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.

Мультимедиа

Дыбыс
Мәтін көлемі - +
Айтыстың жүргізушісі Жүрсін Ерман айтыс басталмай тұрып:

– Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Мәулен Әшімбаев ақындарды қабылдап: «Ештеңеден қорықпай, аянбай айтыңдар, тілге тиек жоқ» деді. Айта алмаса, ақындардың өзіне серт! –  дегенді айтты.

Айтыста алғашқы жұп болып сахнаға Ринат Зайытов пен Рүстем Қайыртайұлы шықты. Сөз сайысын бастаған Ринат Зайытов жыл сайын өтетін Астана күніне шетелдік әртістердің шақырылатынын шымшып өтті:

- Сөз айтсақ бір шындыққа жанасатын,
Пайымдауға жетеді парасатым.
Еңселі Елордамыз жасай берсін,
Еліме бас қала боп бағы асатын.
Жыл сайын Астананың күнін атап,
Шетелдің әртістерге қарасатын.
Көгінен самолетпен бұлт қуалап,
Шығаруға талпынған жаңаша күн.
Римнің папасына ескерткіш сап,
Ватиканның төріне жол ашатын.
Саммиті де дүркіретіп өткіздіңдер,
Бар ғаламға шығарып Алаш атын.
Алматыда Азиада басталса егер,
«Бізде де өткізсін» деп таласатын.
Оннан асып кетсе де, омыраудағы
Баладай елдің емген қаражатын.

Ринат Зайытов Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. 17 жасында қолына домбыра алып, айтысқа түскен Ринат республикалық айтыстарда бірнеше мәрте бас жүлдені жеңіп алған.

Оның жұрт жадында жүрген елеулі айтыстарының бірі – Дінмұхаммед Қонаевтың 95 жылдығына арналған айтыстағы Балғынбек Имашевпен болған сөз сайысы.

Ринаттың қарсыласы Рүстем Қайыртайұлы да қарап қалған жоқ. Сөзін қазақ тарихынан қозғаған айтыскер Қазақстан тәуелсіздігін жырлай келіп, қоғамдағы түйткілді мәселелерге де тоқталып өтті.

- ... Мен бірақ қазақтықтан қашып жүрген
Жандарды ойлап, уайым жей беремін.
Орыс болғым келеді дейтіндер бар,
Қазақша қорлық көріп сөйлегенін.
Неміс болғым келеді дейтіні бар
Намысы жоқ қызтеке кей неменің.
Батыс болғым келеді дейтіні бар,
Рэп тыңдап, жыртып киген жейделерін.
Осындай сұмдықтарды естігенде,
Керең болғым келеді кейде менің.

Рүстем Қайыртайұлы 1986 жылы 26 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Үштөбе ауылында дүниеге келген. Жастайынан айтысқан Рүстем жеті рет бас жүлде алған. Ринат Зайытов екеуі он бір рет сөз сайысына түскен.

Ринат Зайытов пен Рүстем Қайыртайұлының айтысын мына жерден тыңдай аласыздар.




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Бауыржан Қайдан: Алматы
27.12.2010 21:05
+0 / -0
Айтысқа тұсау салды, аузына қақпақ қойды... Әкімі де, ақыны да айдауда, байлауда... ....Бұл өзі қай заман?!

Кімнен: Бәленше Қайдан: Дәл сол ауылдан
27.12.2010 22:25
+0 / -0
Айбек Қалиев пен Сараның айтысы - шынайы әрі көркем шығыпты, Айнұрдікі баяғы сарын.

Кімнен: Қазақ баласы Қайдан: Ауылдан
28.12.2010 12:32
+0 / -0
Айбекті бұл айтысқа қатыстырған жоқ қой. Ол "Тіл кеспек жоқ..." атты айтыс. Мынау "Тәуелсіздік тағылымы", осы желтоқсан айында болған айтыстан. Қалған жұптардың айтыстын да тезірек берсеңіздер деп күтеміз

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: ауылдан
28.12.2010 17:41
+0 / -0
Рүстем мен Ринат қазақтың белгілі ақындары.екеуінеде қазақ риза.

Кімнен: Қуаныш Қайдан: атырау
28.12.2010 23:23
+0 / -0
Айтыс сүйетін ағайын айтысты қалай жүктеуге болады?алдын-ала рақмет!
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
21.01.2011 17:29
+0 / -0
Құрметті Қуаныш! «Тәуелсіздік тағылымы» деген атпен үш күн бойы өткен ақындар айтысы сайтымызда толық жарияланып біткен соң ғана үнжазбаны жүктей аласыз.

Кімнен: Шынторинов Аблай Қайдан: Жезқазған
18.01.2011 15:30
+0 / -0
Айтыс керемет болды. Маған ұнады. Жүрсін аға жарап тұр