Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:20

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Ақтөбелік судья «экстремистермен байланысы бар» деген айыппен қызметтен шеттетілді

Ақтөбе облыстық сотының судьясы Ағызбек Төлегенов «экстремистік ағымдағы діни ұйымдармен байланыс орнатқаны үшін» деген ресми шешімге сәйкес қызметтен шеттетілді.

Ақтөбе облыстық сотының судьясы Ағызбек Төлегенов.
Мәтін көлемі - +

«ДІНИ НАНЫМ ҮШІН ЖАЗАЛАНЫП ОТЫРМЫН»

Ақтөбе облыстық сотының судьясы Ағызбек Төлегенов діни нанымы үшін қызметтен шеттетілгенін айтады. «…Мен жалпы сенімім үшін, діни наным үшін жазаланып отырмын», – деген судья бұл айыпты мойындамай, бастықтарына қарсы сотқа шағым түсірді.

Бірден атап өтейік, ол жұмыстан шығарылмаған. Судьяларды ресми жұмыстан шығарып, тағайындайтын - тек Қазақстан президенті ғана.

Бірақ Төлегенов судья ретінде жұмыс істеп жатқан жоқ. Қыркүйектің аяғында оны қызметтік тергеуден соң жұмысынан шеттетті. Құжаттарда судья Ағызбек Төлегеновтың діни экстремистермен тыйым салынған байланыс орнатқаны айтылады, ҰҚК-дан келген құжатқа сілтемелер жасалады. Сөз арасында «Жамағат ат-Таблиғ» ұйымының аты аталады. («Таблиғ-и жамағаты» ұйымын меңзеген болар).

Ағызбек Төлегенов, өзінің айтуынша, он жылдан астам уақыт бұрын дін жолына түскен. Алматылық «Шапағат Нұр» діни журналының жылдық тігіндісін біраз оқыған соң, 2000 жылы намазға қалай жығылғанын есіне алды.

– Онан соң намазсыз жүре алмайтындай әрі онсыз бұл өмірдің мәні жоқтай сезімге бөлендім, – дейді Ағызбек Төлегенов Азаттық радиосына берген сұқбатында.

Қызметтен шеттетілген судья енді қорған іздеп жүр: сотқа беріп, кейбір қоғамдық ұйымдарға өтініш жасады. Ағызбек Төлегенов «Әділет»
Онан соң намазсыз жүре алмайтындай әрі онсыз бұл өмірдің мәні жоқтай сезімге бөлендім.

партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаевқа және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі  республикалық коалиция мүшелеріне жолдаған хатының мәтінін Азаттық радиосы редакциясына да ұсынды.

«2011 жылы 15 қыркүйекте облыстық сот төрағасы еңбек тәртібін және судьялық әдеп нормаларын өрескел бұзғаны үшін тәртіптік іс қозғау туралы алқаға ұсыныс жасады. 20 қыркүйекте алқа аталмыш ұсыныс бойынша маған қатысты тәртіптік іс қозғады және 27 қыркүйекте ұсыныста көрсетілген дәл сол бұрынғы негіздерге сәйкес судья қызметінен босату туралы шешім қабылдады» деп жазады Ағызбек Төлегенов.

Судьяның пікірінше, Ақтөбе облыстық соты басшылығы мен судьялық алқаның әрекеттері Қазақстан Конституциясының 18-бабына қарсы келеді. Аталмыш бап бойынша «әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар».

«ЭКСТРЕМИСТІК АҒЫММЕН БАЙЛАНЫСЫ ҮШІН ШЕТТЕТІЛДІ»

Адам құқықтары мен бостандықтары жөніндегі республикалық коалиция хатшылығының басшысы Мақсат Нұрыпбаев Ағызбек Төлегеновтың ісін мемлекеттік қызметшіге қатысты наным-сенім құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған Қазақстандағы алғашқы белгілі жағдай деп қарастырады.

«Әділет» партиясы және 24 үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірген коалиция хатшылығының басшысы – Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжановтың хатынан кейін – Ағызбек Төлегеновтың қызметтен шеттетілгенін мәлімдеді. Ол хатта судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін шешуді сұраған болатын.

Ағызбек Төлегенов туралы «елімізге жат діни көзқарастары бар азаматтарға құқықтық және материалды көмек көрсету тұрғысынан экстремистік ағымдағы діни ұйымдармен тығыз байланыс жасайды» деп жазады алқа мүшелері. Сонымен бірге шешімде айтылғандай, 2011 жылдың 1 қаңтарынан 1 қыркүйекке дейін судья Ағызбек Төлегеновтың 25 рет кешіккені байқалған және қызмет орнында жалпы 2 сағат және 44 минут жоқ болған.

Ақтөбе облыстық сотының тәртіптік-квалификациялық алқасының төрағасы Руслан Жанысбаев Азаттық радиосына Ағызбек Төлегенов ісінің қаралғанын растады. «Заңмен белгіленген жөн-жосық бар, сөйтіп келіспеген жағдайда, оның республикалық тәртіптік-квалификациялық алқа отырған Жоғарғы сотқа шағым арыз беру жөні де бар», – дейді Руслан Жанысбаев.

Сөйте отыра ол шеттетілген судьяның діни экстремистермен байланыс жасағаны туралы болжамды және бөтен діни көзқарастары бар азаматтарға заңгерлік әрі материалды көмек көрсеткенін растаудан бас тартты, өйткені журналист оған Ағызбек Төлегеновтің хатының орысша мәтінін оқып берді.

«Мәтін (комиссия шешімінің мәтіні – Азаттық радиосы) қазақша жазылған, кімнің қалай аударғанын – мен қайдан білейін? Қазақша керек пе – мақұл!» – деді де, телефон тұтқасын қоя салды Ақтөбе облыстық сотының тәртіптік-квалификациялық коллегия төрағасы.

СУДЬЯНЫҢ ТАЛАБЫ

Судья Ағызбек Төлегенов 3 қазан күні «мәліметтерді жарамсыз деп тану және олардың жалған екенін мәлімдеу міндеттерін жүктеу туралы» шағым арызын сотта тіркеді. Дәл қай сотта екенін айтпай, бұл жайтты жария етуді кейінге қалдырып отыр. Ағызбек Төлегенов жауапкер деп, өзінің айтуына қарағанда, Ақтөбе облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментін көрсеткен. Арыздың журналистке ұсынған көшірмесінде Төлегенов былай деп жазады: «Облыстық сотқа ҰҚК департаменті ұсынған материалдармен танысуыма мүмкіндік берілмегендіктен, мен бұл мәліметтердің жарамдылығына көз жеткізбедім, сол себепті де заңмен белгіленген тәртіпке сай қорғана алмаймын».

Ағызбек Төлегенов сотқа берген шағымында аталмыш мәліметтердің жалған екенін мәлімдеуді Қазақстанның арнайы қызметінен талап етеді. Өйткені, деп жазады ол, облыстық сот төрағасы өзінің ұсынысында «ешқандай дәлелдермен расталмағанына қарамастан, ҰҚК департаменті  ұсынған мәліметтерге» сілтеме жасайды, оның үстіне оның «аталмыш ұйымдарға әлдебір көмек көрсеткенін және олармен байланысын» дәлелдейтін құжаттар жоқ.

«Менің экстремистік ағымдағы діни ұйымдармен тығыз байланысымды және мемлекетімізге кереғар көзқарасы бар азаматтарға материалды және құқықтық көмек көрсеткенімді дәлелдейтін ештеңе жоқ. Менің өз тарапымнан экстремистік діни ұйымдармен қандай да бір байланыс жасап, оларға материалды және құқықтық көмек көрсеткен бір де бір кезім болмаған. Екінші жағынан, бүгінгі күні Қазақстан Республикасының
Менің экстремистік ағымдағы діни ұйымдармен тығыз байланысымды және мемлекетімізге кереғар көзқарасы бар азаматтарға материалды және құқықтық көмек көрсеткенімді дәлелдейтін ештеңе жоқ.

Қылмыстық кодексінің 233-3 бабы бойынша маған қатысты қылмыстық іс қозғалмаған. Бұл бап экстремизмді қаржыландыруға байланысты қылмыстық жауапкершілікті қамтиды, сондықтан сот жоғарыда көрсетілген кең таралған мәліметтерді шындыққа жанаспайды деп тануға тиіс деп есептеймін. Өйткені мұның барлығы бірігіп келіп судьялар ұжымы, туған-туыстарым мен отбасымның мүшелері алдындағы менің абыройым мен ар-намысымды түсіреді», – деп жазады шағымында Ағызбек Төлегенов.

Азаттық радиосының тілшісімен телефон арқылы әңгімесінде Төлегенов қарапайым мұсылман екенін, қазақстандық шенеуніктер Қазақстан үшін дәстүрлі ислам мектебі деп атайтын ханафи мазхабын ұстанатын айтты.

Ақтөбе облысы сотының құжаттарында судья «Жамағат-ат-Таблиғпен» байланыс жасаған деген болжамы айтылады. Бұл – исламдағы бір ұйым, олар бос уақыттарында исламды насихаттау үшін тұрғындарының басым көпшілігі мұсылман елді мекендерді аралап, уағыз айтады.

Ағызбек Төлегенов сақтана отырып, бұл ұйым жайлы өз білгендерін айтып берді: «Таблиғтерді экстремистерге қосуға болмайды, өйткені мысалы «Хизб ут-Тахрир» сияқты Қазақстанда тыйым салынған қозғалыстардың тізімінде олар жоқ. Мұхаммед пайғамбардан бастап қазіргі имамдарға дейін – барлығы да Аллаһқа шақырумен болған. Осы қозғалыстың негізінде де төрт ереже жатыр: саясат пен жергілікті дәстүрлерге араласпау, мазхабтардың айырмашылықтарын сөз қылмау және мешіттің істерінен аулақ болу».

Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК департаментіне қарсы мәліметтерінің жарамсыздығын мойындау туралы сотқа берілген шағымнан бөлек, ол облыстық алқаның шешіміне байланысты Жоғарғы соттың жоғарғы алқасына шағым арыз беруге ынталы екенін айтады. Сөйте отыра Ағызбек Төлегенов ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарсы азаматтық іс біржақты болмайынша алқа шешімін орындауды тоқтата тұруды да талап етуде.

Ағызбек Төлегеновтың сот процестерінен шеттетілгеніне қарамастан, еңбекақысын ұдайы алып тұрады. Қазақстан президентінің жарлығы ғана судьяны жұмыстан шығаруға түпкілікті негіз болып санала алады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Сарапшы
10.10.2011 04:17
+0 / -0
Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК департаментіне қарсы мәліметтерінің жарамсыздығын мойындау туралы сотқа берілген шағымнан бөлек, ол облыстық алқаның шешіміне байланысты Жоғарғы соттың жоғарғы алқасына шағым арыз беруге ынталы екенін айтады. Сөйте отыра Ағызбек Төлегенов ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарсы азаматтық іс біржақты болмайынша алқа шешімін орындауды тоқтата тұруды да талап етуде.

Ағызбек Төлегеновтың сот процестерінен шеттетілгеніне қарамастан, еңбекақысын ұдайы алып тұрады. Қазақстан президентінің жарлығы ғана судьяны жұмыстан шығаруға түпкілікті негіз болып санала алады.
-----------------------------------------------------------------------------------
От көсеушінің деңгейіндегі білімі бар Назарбаевтың дәуірінде ақшасы көп, білімі жоқ топастар мемлекеттік қызметке орналасып, мемлекеттің қаржысын құр босқа шашуда. Бұл айтылғанның бір мысалы, ҰҚК-нің судия туралы бас-аяғы жоқ, адамның тағдырын сергелдеңге салып қоятын шала-жансар, заңсыз, қатын-өсекке тең жоғарыдағы ісін айтуға болады.
Қазақстандағы барлық мемлекеттік қызметшілердің ісі дәл осындай.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
10.10.2011 08:41
+0 / -0
Ия, қолыңа құман ұстап дәрет алуға кетсең, қайтып келуің неғайбіл заман туды десеңші? Тіліңді "көбейткені" аздай, дінің тұсауланды деген осыыыы. Мына Назарбаев-Голощекин "Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын" деген заманды көз алдыға елестетпекші десеңші жақынарада?...
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уя
10.10.2011 10:17
+0 / -0
Исламга жане мусылманга карсы ашык согыс биыл НАНнын туркистанда турып мусылман айелдеринин басындагы орамалга тиicкен созiнен кейiн жаппай етек алган.

НАНнын ол созiнен кейiн, онын шаш ал десе бас алатын жандайшаптары мусылмандарга карсы ашык согысты бастап кеп жiбердi; оку орындарында орамал тагуга тиым салды, намазханаларды жапты, ендi, намаз окыган кызметкерлердi жумыстан шеттете бастады.
Тiлдiн зары аз болгандай ендi тiлге дiннiн зары косылды!
Азаттык ел болсак та орыстар салып кеткен коммунизм атеизмнен алi арыла алмай турмыз....

Кімнен: муслим
10.10.2011 09:19
+0 / -0

Бисмилләһир рахманир рахим!

Құрметті қазақ халқы! Осы қазақ жерінде тұрып жатырған момын мұсылман бауырлар! Діні бір ағайындар! Мақсаты мен мүддесі бір азаматтар!

Басқа елдерге қарағанда біздің еліміз Аллаға мың шүкір, мың тәубә! Яғни еліміз тыныш, халқымыз бай, көңіліміз жай. Мейірімді Алла біздің елге ырыздық несібе мен тыныштықты мейілінше беріп қойған. Елімізде 130-дан аса өзге ұлт өкілдері бола тұра, әртүрлі дін иелері мен сан түрлі храм-шіркеулері бола тұра, біз көршілерімізбен ең тату-тәтті отырған момын елміз. Құшағымызды айқара ашып босқын мен қашқын сияқтыларға мейіріммен қарап пана болған елміз. Ешкімді де бөлмедік, өзіміз аш болсақта өзгенің қарнының тоқ болуын ойлаған жомарт елміз. Сұм-саясаттың кесірінен шет асып және млн-дап қырылған елміз. «Мың өліп мың тірілген» қазақпыз. Сол үшін де біз, өзіміз бен елімізге құт-береке дарытқан Алла-Тағалаға үнемі құлшылық жасап зор дұғада болуымыз керек! Ал енді біздің осы тыныштығымыз айналамыздағы қызғаншақ көршілерімізге ұнай ма? Әлде оларға керегі мұнай ма? Еліміздегі не керектің бәрін де қалағанынша беріп жатырмыз ғой. АҚШ-қа аңқылдап, қытайдың қас-қабағына қарап, өзбек өзегімізден тепсе де еш ренжіместен, орыстың ойлауымен өмір сүріп келеміз. Ол аз болғандай, шетелдіктің саясатын қолдаған биліктегі санаулы сатқындар енді ұстанған дінімзге қол салғандары ма? Біз ежелден мұсылман ел емес пе едік? «Құдай бір, Құран шын, Расул хақ» деген қазақ емес пе едік? Кезінде қылышынан қан тамған кеңес империясы небір мықты молдаларымызды, көзі ашық діни ғалымдарымызды, қазақтың қаймақтарын ит жеккенге айдап жер аударып, өмір бойы абақтыда шірітіп, құранды өртетіп, бет сипағандарды түгел аттырып, сан-алуан атейзм мектептерін аштырып : «Дін – апиын, дін – қараңғы ін, құран – құр ән, дін – бекер, коммунизм жолы – шекер» деп оқытып, дінге қыспақ, зорлық-зомбылық жасатқан жоқ па еді? Арты не болды, дінді жоқ қыла алды ма? Дәл осындай тарихтар қазіргі біздің билік басында ұрпақ үшін емес ұрпақты құртпақ үшін жүрген сатқын лауазым иелеріне ғибрат емес пе? Өздерінің сыбайлас жемқор секілді мінін білмей, дінін сатқан кейбір шенеуниктер елдің опат болуына жоспар құрып жатыр. Мұсылманға намаз оқу парыз. Ол – Алланың бұйрығы. Ал Алланың бұйрығына қарсы шығып, Алланың қаһарын туғызған елге Алладан жәрдем болады деп ойлай ма екен? Бұл – апатқа ұшыраудың басы. Келер ұрпаққа не деп жауап береміз.
Пікір алмасу

Кімнен: Жебе
10.10.2011 10:24
+0 / -0
Орыстар бұндайда мели мели Емеля твоя неделя дейді екен қыртепсең муслим жантошка!

Кімнен: Дос
10.10.2011 11:30
+0 / -0
Актобеде кукык коргау органдарында баска да "диндарлар" табылады. Кор де турындар!!!

Кімнен: Ғалымжан Қайдан: ҚАЗ
10.10.2011 15:35
+0 / -0
Ешкімге сенбейтін заман болды ғой.

Кімнен: Ақтөбе
10.10.2011 19:35
+0 / -0
Ақтөбеде дін істер агенттігі төрағасы Б Есмахан, бұрыңғы имам ғой. Агенттік намаз оқуға тиым салып жатыр, бұрыңғы өкіл имамға намаз оқуға қиын болған шығар.

Кімнен: арман Қайдан: актау
10.10.2011 23:06
+0 / -0
сотты да соттайтын қабырдағы от барғой

Кімнен: Қазақ.
11.10.2011 01:39
+0 / -0
МашАЛЛАҺ. Намаз оқитын сот барын қазір естіп тұрмын. АЛЛАҒА шүкір. Бұл кісіге бұл жерде, дінсіздердің арасында алдағы уақытта жұмыс жасау мүмкін емес, себебі олар діннен бейхабар болғандықтан түсінбейді. Шаш ал десе бас алатындары сондықтан. Ақтаушы болып жасағаны ДҰРЫС.
Мақұлықтардың ішінен дәрежемізді көтеріп, адам етіп жаратушы АЛЛА тағала - пенделеріңнің жүректеріне иман беріп, бұл дүниедегі тура жолыңмен жүруді нәсіп ете көр.


Кімнен: Мұсылман.
11.10.2011 14:06
+0 / -0
Таблиғтар деген дағуатшылар ғой. Олар өздерін жамандықтан тиып, өзгелерді жақсылыққа, Алла жолына шақырушылар менің түсінігімше. Негізі осы дағуатшыларды қолдау керек. Адамдарға уағыз, дін туралы түсінік жетіслей жатыр. Жүректеріне иман келіп дінді түсінгісі келгендерге кейбіреулер бірден Құран сүрелерінен, хадистерді үйрете бастайды. Жастарымыз сүрелерді жаттап алады да сол бағыттан айырылмай қатып қалады да салаф, уахаб болып шыға келеді. Бұлай бірден түсіндіру қиын тиеді. Үйретушілердің өздері де әуелде уағыз арқылы келгендерін ұмытып қалған. Дінге келушілердің көпшілігі кезінде Дарын Мүбаровтың уағызын тыңдап, сол арқылы дінді жүректеріне сіңіргендерімен хабары жоқ білімдері "асып кетіп" Дарынды менсінбей қазір шет елмен хабарласады. Қазіргі уақытта уағыз бірінші құзырлы органдағыларға керек. Себебі қазіргі жағдайға байланысты , дінді ұстанушылардың тағдырлары солардың қолында. Егер органдағылар діннен бейхабар болса талайлардың обалына қалып, Алланың жазасына ұшырайды. Өйткені Дін Алланың бұйрығы.

Кімнен: нур Қайдан: алтай
12.10.2011 09:43
+0 / -0
диндарды соттаганша паракор албасты судьяларды соттамайма

Кімнен: Әмір Қайдан: ақтау
12.10.2011 22:12
+0 / -0
Сот отырысы өтіп жатыр,намаздың уақыты болып қалды,қылмыскерге ойлануға мұрша бермей тездетіп жауап беру керек не істеу керек?Әрине қаза намаз оқуға болар,бірақ мемлекеттік қызметкерлерді ақтаудың қажеті шамалы себебі бір шарумен барсаң сөйлесуге қырын қарайтын олар,әрине намаз оларға тек себеп.Дарын мубароф туралы маса кз-тен оқыңдар оның кім,ұлты,қайда оқыған бәрін білесіңдер сонда таблиғи-жамағаттың не екенін ....

Кімнен: Арлы Қазақ
18.10.2011 00:18
+0 / -0
Алла өзі "Діндар" иманды соттан емес, "дінсіз, имансыз, арсыз" соттан сақтасын! Жүзінен нұр төгілген Ағысбек бауырымызды қандай да бір негізсіз дақпыртпен қаралауға жол жоқ!