Сенбі, 25 мамыр 2013, Алматы 21:07


ӘЛЕУМЕТ

Алланың атын араққа жазған кәсіпкер кешірім сұрады

Ақтөбедегі «Геом» серіктестігі арақ шишасының сыртына арабша «Алладан басқа жеңуші жоқ» деп жазғаны үшін мұсылман қауымнан кешірім сұрады. Компания қазір ол арақты дүкен сөрелерінен алып жатыр.

Шишасының сыртында арабша «Алладан басқа жеңуші жоқ» деп жазылған арақ. Ақтөбе, 5 сәуір 2012 жыл.
Шишасының сыртында арабша «Алладан басқа жеңуші жоқ» деп жазылған арақ. Ақтөбе, 5 сәуір 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
Бөтелкесінің сыртында Астана қаласындағы Бәйтерек монументінің суреті бар, көлемі 0,5 және 0,7 литрлік арақ саудаға былтыр желтоқсан айында шығарылыпты. Бірақ осы кезге дейін шишаның мойнындағы арабша жазуға ешкім мән бермеген. Өткен аптада семейлік бір тұрғын наразылық білдіргеннен кейін ғана бұл оқиға жұртқа мәлім болды.

ДАУДЫҢ БАСЫ – «БӘЙТЕРЕК»

«Бәйтерек» арағын өндірген ақтөбелік «Геом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мұны «жаңа өнімнің дизайнын жасап шығарған компанияның ағаттығы» дейді.

«Геомның» өндіріс жөніндегі директоры Ольга Эрингтің айтуынша, оларда «ешқандай арам пиғыл болмаған – тек ұлттық колориті бар өнім шығармақ ниетпен Ресейдегі дизайнерлік компаниялардың біріне тапсырыс берген».

– Біз тез арада бұл өнімнің көзін жоямыз. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі сауда өкілдерімізбен байланысып, тапсырма бердік. Бұл – біздің тарапымыздан жіберілген ағаттық. Ол үшін мұсылман қауымнан кешірім сұраймыз, – дейді Ольга Эринг.

Азаттық тілшісі түске дейін Ақтөбедегі бірнеше ірі сауда орталығын аралап көріп еді, дүкен сөрелерінен ол арақтың алынып тасталғанын байқады. Ал шағын дүкендерде 0,5 
Шишасының сыртында арабша «Алланың құдіреті бәріне жетеді» деп жазылған арақ. Ақтөбе, 5 сәуір 2012 жыл.Шишасының сыртында арабша «Алланың құдіреті бәріне жетеді» деп жазылған арақ. Ақтөбе, 5 сәуір 2012 жыл.
x
Шишасының сыртында арабша «Алланың құдіреті бәріне жетеді» деп жазылған арақ. Ақтөбе, 5 сәуір 2012 жыл.
Шишасының сыртында арабша «Алланың құдіреті бәріне жетеді» деп жазылған арақ. Ақтөбе, 5 сәуір 2012 жыл.
литрлігі 560-580 теңгеден, 0,7 литрлігі 650 теңгеден сатылатын «Бәйтерек» арағы әлі тұр екен.

– Мен араб тілі тұрмақ қазақ тілін де білмеймін. Оның үстіне «Геом» – лицензиясы бар өндіріс орны. Мен неге олар үшін жауап беруім керек! – деді өзін «Олямын» деп таныстырып, түсініктеме беруден бас тартқан қаладағы шағын дүкендердің бірінің сатушысы.

Ақтөбенің 11-ықшам ауданындағы «Әділ-Нұр» дүкеннің иесі Құралай Ырысмағамбетова:

– Осы хабар құлағыма тиген бойда дүкеніме келіп, сөрелерімді қарасам, «Бәйтерек» арағы таусылған екен. Ондай арақ болған күннің өзінде ешкімнің нұсқауын күтпестен сөреден алып тастаған болар едім. Алланың атын саудалай алмаймын, – деді.

Азаттық тілшісін түстен кейін өзі тұратын 11-ықшам аудандағы шағын дүкендерді тағы бір аралап шықты. Түске дейін дейін «Бәйтеректі» сатқан дүкендердің бәрі ол арақты сөреден алып тастаған екен.

«ПАЙҒАМБАР «ҚҰДАЙ ЖОҚ» ДЕУШІЛЕРДІҢ ӨЗІН КЕШКЕН»

Бұл араққа байланысты алғаш Семей тұрғындары мен қала имамдары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы наразылық білдірген еді.

Ақтөбе облысының өкіл имамы Әбдімүтәліп Дәуренбеков те осы оқиғаға байланысты «Гоем» серіктестігіне хабарласқанын айтады.

– Кәсіпорынның басшысы Андрей Андреевич Гооге мен қоңырау шалғаннан соң араға 10 
Ақтөбе облысының өкіл имамы Әбдімүтәліп Дәуренбеков. Ақтөбе, 23 мамыр 2011 жыл.Ақтөбе облысының өкіл имамы Әбдімүтәліп Дәуренбеков. Ақтөбе, 23 мамыр 2011 жыл.
x
Ақтөбе облысының өкіл имамы Әбдімүтәліп Дәуренбеков. Ақтөбе, 23 мамыр 2011 жыл.
Ақтөбе облысының өкіл имамы Әбдімүтәліп Дәуренбеков. Ақтөбе, 23 мамыр 2011 жыл.
минут салып мешітке жетіп келді, – дейді Әбдімүтәліп Дәуренбеков.

Имамның айтуынша, «Бәйтерек» арағын өндіруші кәсіпкер «бір білместік кеткенін» айтып, кешірім сұрап, сәрсенбінің кешінде кешірімнің жазбаша нұсқасын да мешітке әкелген.

– Мұсылманға сабырлылық пен саналылық қана жарасады. Ашулы жұртты сабырға шақырамын. Пайғамбарымыздың заманында ол «құдай жоқ» деушілердің өзіне кешіріммен қараған. Білместік атаулының бәріне мұсылман адамның кешіріммен қарағаны жөн. Бұл – менің жеке пікірім. Ал мүфтияттың әрекеті қандай болатынын білмеймін, – дейді Ақтөбе облысының өкілі имамы Әбдімүтәліп Дәуренбеков.

ДИЗАЙНЕРДІҢ «ДИЗАЙНЫ»

«Гоем» серіктестігінің директоры Андрей Гооге сәрсенбі, 5 сәуір күні түстен кейін Ақтөбедегі «Нұр-Ғасыр» мешітінде баспасөз мәслихатын өткізіп, жұрттан кешірім сұрап, «демеушілік көмек көрсетуге әзір екенін» де айтты.
Дизайнер тарихи кітаптағы өрнек репродукциясының бір бөлігін ою екен деп көшіріп алыпты.

Оның айтуынша, бөтелкенің мойнына кигізетін қорғаныш қалпақтың дизайнын жасаған кезде шығыс үлгісіндегі ою қолданбақ болған, «бірақ дизайнер тарихи кітаптағы өрнек репродукциясының бір бөлігін ою екен деп көшіріп алыпты».

Гоогенің сөзіне қарағанда, бұл арақ 2011 жылдың соңында, жаңа жыл қарсаңында ғана шыққан - арабша жазудың сыры белгілі болған соң өндірістен алынып тасталған.

– Бәріміз - Қазақстан азаматымыз. Отандастарымыздың көбі ұстанатын дінге құрметпен қараймыз. Қазақстандағы дінге сенетін адамдардың бәрінен тағы да кешірім сұраймын, – дейді «Гоем» серіктестігінің директоры.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Мақсат Қайдан: Алматы
05.04.2012 15:55
+0 / -0
"Мұсылманға сабырлылық пен саналылық қана жарасады. Ашулы жұртты сабырға шақырамын. Пайғамбарымыздың заманында ол «құдай жоқ» деушілердің өзіне кешіріммен қараған. Білместік атаулының бәріне мұсылман адамның кешіріммен қарағаны жөн".

Сөйте тұра муфтий Бақтыбай Айнабековпке сотқа шағымданып, 50 миллион мөлшерде өтемақы талап еткен болатын.
Айтады, өздері істемейді.
Содан кейін "Бәрін кешіре білу керек" деген саясатын, менімен келіссездер ме, келіспейсіздер ме, ағайын, оны өзіңіз білесіз, қазақтың түбіне жететін болды. Исламда кешіріммен бірге жазад бар.
Бейшара муфтият аузын аша алмағандықтан "кешірімді" болу керек деген саясатпен қазақты әбден қой ғып ететін болды.

Пікір алмасу

Кімнен: Теофил
09.04.2012 12:28
+0 / -0
Пайғамбар заманында "құдай жоқ" деп ешкім айтпаған! Арабтар Аллаға өздерінің пұт құдайларын ортақтастырып табынған...
Дін адамының аузынан мұндай тарихи қате сөз есту қызық екен.

Кімнен: Намыс .
05.04.2012 16:07
+0 / -0
Оларға кешірім сұрау аз жауапқа тару керек . Дамыу жоспары жоқ елдің сиқы , бәрі бетімен кеткен . Не істеседе өз еріктерінде . Бұл сасық саясат жолындағы саланың бір көрнісі қаншама сала тоқыраудың тонын киіп алып сапасыз өнім шығарып жатқандары қаншама . Әшеиінде шаитанға ермеңдердеп зар жылаған Әбсатар қажы қаида қарап отыр . Шықпаима осындаида егер шын мұсұлман болса , исламды моиындаса . Қасиетті дінді аздырған кәзіргі жүиенің кемшілігі .

Кімнен: Жандос
05.04.2012 17:36
+0 / -0
Жарайсың Гооге, дінің бөлек болсада мұсылмандардан кеш болсада кешірім сұрау мұның өзі үлкен азаматтық.

Кімнен: АКТОБЕ
05.04.2012 19:32
+0 / -0
Ұлттық нақышта жасамақ болған ғой өздерінше. бірақ соны саудаға шығармас бұрын неге тексертіп алмаған. Араққа "Бәйтерек", "Астана", "Сырым батыр" деген аттар қою дұрыс емес. Негізі арақ зауытын жабу керек. Ақтөбе арақ астанасы деген теңеуден арыла алмай келеді әлі...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.04.2012 20:00
+0 / -0
Осы араққа қарсы күрес қашан басталар екен? тіпті, ана Ресей елінде оған қарсы іс-қимылдар бар. Құдай-ау, біз мұсылман ел емеспіз бе?

Кімнен: Бахытжан Қайдан: stepnogorsk
05.04.2012 22:45
+0 / -0
ей қасқаларай енді Қазақты қоиып ИСЛАМға тисеін дедіма ол сендердің теңің емес қои

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.04.2012 15:00
+0 / -0
Бұл мағлұматты әлдекім әлеуметтік желілерге салса елдегі тіл білместер түгіл мемлекетіміз бүкіл дүние жүзінің мұсылман әлемінің ашу-ызасын туғызары белгілі."Ойнақтаған от басар"дегендей,арсыздықпен шайтанға ерген тексіздер тіл мен ділімізді құртпақ болып еді.Енді қайтер екен.әлеуметтік желілерде айыптап қоймай,қатаң жазаға тартуға әлемді шақырайық

Кімнен: Абзал Қайдан: Тараз
06.04.2012 19:10
+0 / -0
осылай журип бир куни озимизди де сатамыз.Неге осы казакка ес кирмейди екен

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
06.04.2012 20:34
+0 / -0
– Мұсылманға сабырлылық пен саналылық қана жарасады. Ашулы жұртты сабырға шақырамын.

=======================

шыдай-шыдай болдық қой?!?!? 300 жыл шыдап келеміз!! адамда малдың сабыры сияқты сабыр керек пе, мойнына пышақ тақап сояйын деп жатқанда үндемей жата беретін!!!
бұл ашық басыну!!!!

Андрей Андреевич сияқты момын қазақ халқын басынып бітті ғой..

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Борышкерлер, Eurovision дауы және Pussy Riot

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Иранда президент сайлауынан шеттілген қазіргі президент Махмуд Ахмединежадтың жақтасы кім?