Жексенбі, 26 мамыр 2013, Алматы 01:49


БАЛАМА ТАРИХНАМА / Шаңырақ оқиғасы

Атабекті қолдаушы жастар Жовтисті мысал етеді

Facebook желісінде «Арон Атабек пен Шаңырақ оқиғасы бойынша сотталған жастар бостандығы үшін!» деген топ құрылды. Оны құрушылар жұртқа Арон Атабек туралы көбірек мәлімет бере отырып, қоғам белсендісін бостандыққа шығаруды талап етеді.

Ұлан Шамшет, азаматтық қоғам белсендісі. Алматы, 6 сәуір 2010 жыл
Ұлан Шамшет, азаматтық қоғам белсендісі. Алматы, 6 сәуір 2010 жыл

Мультимедиа

Мәтін көлемі - +

Бастамашылар 2009 жылы көлік апатына қатысты сотталып, биыл бостандыққа шыққан құқық қорғаушы Евгений Жовтисті қамаудан ерте босатуды талап етуші азаматтық қозғалыстың халықаралық деңгейге көтерілгенін мысал етеді.

Олар 2006 жылғы Шаңырақ оқиғасына байланысты айып тағылып, 18 жылға сотталған Арон Атабек те ұмыт қалмауы тиіс деп санайды.

FACEBOOK БУЫНЫ

Әлеуметтік желілер Қазақстандағы азаматтық қоғамның белсенділігін арттыра бастаған факторлардың біріне айналды. Арон Атабекке қолдау көрсететін 1500-ге жуық мүшесі бар Facebook-тегі («Фейсбук») бастамашыл топ өкілдері "диссидент ақын, қоғамдық белсенді Арон Атабек қамауда емес, халықтың ортасында болуы керек" деп есептейді.

- Қазақстанға дәл қазір Арон Атабек сияқты нағыз патриот, ел арасында беделі бар, халықтың мүддесін шын жүрегімен ойлайтын жетекші керек, - дейді азаматтық қоғам белсендісі Қадыр Қошқаров Азаттыққа берген сұқбатында.

Қадыр Қошқаровтың ойынша, әлеуметтік желілер, оның ішінде Facebook арқылы қазақтар да өз елі мен әлемде болып жатқан көп жайттан хабардар бола бастаған. 

«ХАЛЫҚ ҮШІН БАС ТІГУ – БАТЫРЛЫҚ»

Азаматтық қоғам белсендісі Ұлан Шамшет "Арон Атабек халықтың мүддесін қорғау жолында түрмеде отыр, оны ісін қайта қарауды талап етеміз" дейді:

- Біз Арон Атабекке тағылған айыпты әділетсіз деп қараймыз, оның ісі ұлттық деңгейдегі іс ретінде қайта қаралуы тиіс... [Оның] қазақ азаматтарының үй мәселесін қорғап, халық үшін осылай бас тігуін батырлық деп есептеймін, - дейді Ұлан Шамшет.

Қадыр Қошқаровтың айтуынша, қазақстандық ақпарат құралдарының көбі мемлекетке қарағандықтан, онда Арон Атабек сияқты «халықтың адамы» жайлы айтылмайды.
Арон Атабек, қоғам белсендісі, диссидент ақын. Шаңырақ ауылы, 14 шілде 2006 жылАрон Атабек, қоғам белсендісі, диссидент ақын. Шаңырақ ауылы, 14 шілде 2006 жыл
x
Арон Атабек, қоғам белсендісі, диссидент ақын. Шаңырақ ауылы, 14 шілде 2006 жыл
Арон Атабек, қоғам белсендісі, диссидент ақын. Шаңырақ ауылы, 14 шілде 2006 жыл

- Халықтың көбі Арон Атабекті, оның Шаңырақ ісіне қатысты сотталғанын білмейді, себебі телеарналар ол туралы сонша көрсеткен жоқ. Қазақ интеллигенциясы Арон Атабек туралы білгенімен, қарапайым халық ол туралы көп біле бермейді. «Ол кім, Қазақстан үшін не жасады?» деп сұрайды. Сол жағдайдан кейін біз Арон Атабек туралы көбірек хабар тарататын топ құрдық, - дейді азаматтық белсенді.

Бастамашыл топ жетекшісі Қадыр Қошқаров:

- «Арон Атабек босатылсын!» деген талабымызды билікке жеткізуге күш саламыз. Егер олардан жауап болмаса, халықаралық ұйымдарға өтініш жазамыз, ең ақыры митинг өткізіп, халықтың дауысын жеткізуге тырысамыз, - дейді.

САЯСИ ТҰТҚЫНҒА ТЕҢЕУ

Ал Ұлан Шамшет «Шаңырақ ісін» ұмытпас үшін Арон Атабекті саяси тұтқын деп қарастыруымыз керек деген пікір айтады.

Ол «Арон Атабек босатылсын» деген талапты алты жылдан кейін қоя бастауына түрмеде отырып шыққан құқық қорғаушы Евгений Жовтис сияқты азаматтың босатылуы түрткі болды деп санайды.
Арон Атабектің ісі көрінбей қалды. Шаңырақ оқиғасы ұмытылып барады. Оның түрмеде отыруы мына қазақ қоғамының әлсіздігін көрсетіп отыр.
 
- Жасыратыны жоқ, қазақ қоғамының санасы енді-енді ғана оянып келе жатыр. Мысалы, Жовтис түрмеде отырған кезде мен өзім де Жовтиске болысып кеттім. Себебі Жовтисті қорғайтын ынталы топтың қазақ қоғамына қарағанда, саяси мәдениетінің жоғарылығы көрініп тұрды. Жовтистің артында көптеген қоғам қайраткерлері тұрды, шетелде оның лоббиі күшті болды. Ал Арон Атабектің ісі көрінбей қалды. Шаңырақ оқиғасы ұмытылып барады. Оның түрмеде отыруы мына қазақ қоғамының әлсіздігін көрсетіп отыр. Өзіміздің батырымызды өзіміз қорғамасақ, бізге шетелден келіп, ешкім көмектесе алмайды, - дейді Ұлан Шамшет.

«Арон Атабек пен Шаңырақ оқиғасы бойынша сотталған жастар бостандығы үшін!» деген топты құрушылар: «Жақында Жаңаөзен оқиғасы бойынша қамалған журналист Игорь Винявский де осындай бастамашыл топтың акциялары арқылы бостандыққа шықты. Бірақ осыған ұқсас айыппен қамалған тағы бір белсенді Серік Сапарғалиді қолдайтын ондай шаралар өтпегендіктен, ол әлі қамауда отыр» деп ойлайды.

2006 жылы Алматы қаласының түбіндегі Шаңырақ ауылында «заңсыз салынды» деп танылған үйлерді жергілікті билік орындары қирата бастағанда, тұрғындар қарсы көтеріліп, полициямен арада қақтығыс болған еді. Бұл оқиға кезінде бір полиция қызметкері ауыр жараланып, қаза тапқан.

Шаңырақ оқиғасына қатысты қоғам белсендісі Арон Атабек «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған» және «полиция қызметкерін қасақана өлтірген» деп айыпталып, 18 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Қазір ол Қаражалдағы АК 159/22 түрмесінде отыр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: қазақ Қайдан: қазақстан
30.03.2012 00:41
+0 / -0
Өте жақсы бастама! Арон Атабек ағамызға бостандық берілсін!

Кімнен: Томирис Қайдан: Шымкент
30.03.2012 09:30
+0 / -0
Мысалы мен Шанырақты ешқашан ұмытпаймын ! НАН мен Тасмағамбетовтың таңғы сағат 5 тен қазақтарға соғыс ашқанын букіл ел біледі десек те болады. Халықтың әлеуметтік мәселесін шешпей Европаға несіне ұмтылады Назарбаев ? Сұрақтар өте көп

Кімнен: ара Қайдан: уядан
30.03.2012 15:13
+0 / -0
Арон Атабек ел баскаруга лайык азамат!

Кімнен: Ару Қайдан: Батыстың ар жағынан
30.03.2012 15:48
+1 / -0
Мен осы уақытқа дейін түсінбей келемін Арон Атабек сияқты батырды букіл қазақ болып бостандыққа шығара алмай жүрміз. Жовтисті айқай шусыз грамотно шығарып алды. Ол да жақсы адам ғой. Бірақ Арон Атабек ешкімді өлтірген жоқ қой. Ол қарапайым халықты аяп, баспананасын қалдырғысы келмеді емеспе?. Неге біз сондай халықбыз. Оралмандар болмағанда ұлт ретінде жоғалып кетуіміз әбден мүмкін ғой деп ойлаудан басқа амал жоқ. Олар қазір көп, демек Арон Атабекте жақын уақытта бостандыққа шығады. Тек Аллам оған денсаулық берсін. Ауызбіршілік жасап, шығаруымыз керек, ол өзіміздің жігіт қой. Ағалар, қарапайым халыққа болысқан әділ жігітті бүкіл сауатымызды пайдаланып, заң шеңберінде шығарайықшы бостандыққа. Осындай адал, батыр жігіттерімізге болыспағанда, кімге болысамыз?

Кімнен: Алмас
30.03.2012 16:55
+0 / -0
Азаттық радиосының ұжымына және белгілі журналист Үкілай Бестайға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Кімнен: Ұлан Қайдан: Тараз
30.03.2012 18:51
+1 / -0
Мен Аронды қолдаймын мені қоғамға қосуларыңызды сураймын
Пікір алмасу

Кімнен: Алмас
03.04.2012 18:29
+0 / -0
Құрметті Ұлан, егер Арон Атабекті босатуға шақырған бастамашыл топқа қосылғыңыз келсе, Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшаға кіріңіз.https://www.facebook.com/#!/groups/277714035637123/ Осы топтағы Қадір, Ұлан, Мақсат деген жігіттерге жазыңыз.

Кімнен: Бақыт Қайдан: Алматы
30.03.2012 21:53
+1 / -0
Арон нағыз батыр! Нағыз азамат! Талантты ақын! Оны осында (интернетте) отыратын кейбір қоян жүрек ақынсымақтар күндейді. Есі ауысқан ба, деп балағаттайды. Бұлар өздерінің Аронның басқан ізіне татымайтындарын жүрегімен сезеді. Сол себептіде оны Ұлы батыр ақынды жек көреді.

Кімнен: Ақиқат Қайдан: Аронды туған ел.
31.03.2012 04:05
+1 / -0
Билік көзі ашық ,көкірегі ояу азаматтарды әдеиі соттап атып отырады , оларды саясат сахнасына шығармаиды , себебі халық танымау керек , халық олар туралы білмеу керек . Содан келіп ел басқаратын Назарбаевтан басқа адам жоқдеп аитудан жалықпаиды. Елді Назарбаевтанда 100 есе жақсы басқарып қои үстүне бозторғаи ұя салған заманды орната алатын адамдар бар тек олар туралы білмеиміз . Арон Атабек арқалы киелі ақын ел ертеңін сеніп тапсыруға лаиық . Арон ағаның жазғанында бір ерекшелікпен жаныңды желбіп өтер самал желде , сарқырап аққан өзенде , ысқырып соққан дауылда бар . Арон Атабекті жүрегіміз соғып тұрғанда босатуға ат салысуымыз керек . Арқалы ағамызды қолдаиық , қорғаиық . Билік Арон ағаның НӘНге қауіпті екенін бізден бұрын сезіп 18 жылға соттады . Бостандықтың ауылында , өмірдің аидынында Арон ағаға еркін жүзуге мүмкүндік алып береиік ағаиын .

Кімнен: Ақмарал Қайдан: Ақтөбе
31.03.2012 13:07
+0 / -0
Ақыл жастан деген сөзді растап отырған жастардың өмір жастары ұзақ болсын! Елім деп еңіреген ерді елі жоқтамай тастағаны рас еді. Осындай артынан жоқтаушысы беймәлім болатынын сезіп отырғандар қалай өз ұстанымын білдірмек? Аронның отбасына төзімділік тілеймін.

Кімнен: Алмас Қайдан: Астана
31.03.2012 20:22
+0 / -0
Комент қалдырғандардың бәрінің сөзіне қосыламын. Бірақ тек сөзбен іс бітпейді. Кім не істей алады? Кім қалай көмектеседі? Мәселе сонда. Жақында арнайы топ құрылады. Соған үн қосып, көмекке келіңіздер.
Пікір алмасу

Кімнен: Момын Қайдан: kz
01.04.2012 20:34
+0 / -0
Жовтистің артында Батыс, Соколова мен Винявскийдің артында Ресей тұр. Ал Аронның артында бүкіл қазақ тұр деп айтуға болмайды. Рас, оған іштей тілектес қараша қазақтар саны біршама, бірақ оны ашық қолдайтындардың қатары тым сирек.
Бастамашыл топ шетелдік демократиялық күштерге сүйенбесе, олардың Арон Атабекке бостандық беру жөніндегі талабына біздің билік пысқырмайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Жақып Қайдан: Алматы
03.04.2012 07:52
+0 / -0
:Жастар, дұрыс айттыңдар, Аронды бүкіл жастар қауымы болып іздемей болмайды. Арон өтірік айыппен сотталды. Полицейді арандатқан қала әкімдігі, Астанадағы билік, өздеріне қарсы бас көтергендердің көрнектісі Ароннан құтылуды көздеді. Ол билікті, оның итаршыларын сынап өткір өлең жазып жүрген. Бұл билікке кәрі-жас болып ашық хат жазып, тізім жасап қол қойып, парламентке апарып тапсыру қажет, сонда бүкіл ел білетін болады. Жовтиспен, Есіргеповпен байланысып, халықаралық ұйымдарға Арон мен жолдастарын ақтау жөнінде ресми құжат жіберу, егер мүмкіндік болса, Еуропарламентке апарып беру керек. Жастар, осыны іске тезірек асырыңдар! Мен қартпын, жүріп-тұрып көмектесе алмаймын. Арон қамалған кезде, одан соң Астана жаққа апарылған кезінде өзіне де, түрме бастықтарына да хат жазғанмын, бірақ хабарсыз кетті, өзіне, әрине, бермеді. Иә, Жовтиспен, Есіргеповпен жолығыңдар, ақылдасыңдар.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Борышкерлер, Eurovision дауы және Pussy Riot

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Иранда президент сайлауынан шеттілген қазіргі президент Махмуд Ахмединежадтың жақтасы кім?