Сейсенбі, 30 қыркүйек 2014, Алматы 19:49


ӘЛЕУМЕТ

Назарбаев университеті «адам өмірін ұзартатын дәріні» көрсетті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 2 тамыз 2011 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 2 тамыз 2011 жыл.
Астанада өткен халықаралық ғылыми конференция барысында «адам өмірін ұзартуға арналған дәрі» - йогурт тәрізді биоөнім дайын болғаны жарияланды.

Қарашаның 1-і күні "ҚазАқпарат" агенттігінің хабарлауынша, Назарбаев университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығының бас директоры Жақсыбай Жұмаділов ғылыми конференция қонақтары мен қатысушыларына өз мекемесі жасаған, «адамның денсаулығын жақсарту арқылы өмірін ұзартатын» «Нәр» симбиотикалық биоөнімнің дәмін татқызған.

Назарбаев университетінде өтіп жатқан «Регенерациялық медицина мен сапалы ұзақ өмір сүру» атты екінші халықаралық конференция кезінде:

- Бүгін көптеген сауалдар «Нәр» биоөніміне қатысты туындады. Ия, осындай биоөнім бізде жасалды. Ол зертханалық сынақтан өтті. Қазіргі уақытта клиникалық сынаудан өтуде. Дегенмен, мен бір ғана биоөнім ұзақ өмір сүру мәселесінің шешім болып табылмайтындығын баса айтқым келеді. Бұл ең біріншіден денсаулық сапасын жақсартуға бағытталған. Ал денсаулық ұзақ өмір сүру кепілі, - деді Жақсыбай Жұмаділов журналистерге.

Назарбаев университетіндегі Өмір туралы ғылыми орталықтың мақсаты - «жасанды жүректің көлемін кішірейту, адам ағзасының қартаюында қабыну мен инфекциялардың рөлі жөніндегі зерттеулерге қатысу, аурулардың алдын алу мен оларды емдеу үшін, қатерлі ісік пен діңдік жасушаларды зерттеу үшін генетикалық тестілеуді зерттеу».

«ЖАСАРТАТЫН, ӨМІРДІ ҰЗАРТАТЫН ДӘРІ»

Адам жасын ұзарту, қартаюға қарсы дәрі ойлап табу – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірнеше рет айтқан мәселесі.

Ол жасартатын дәрі жайлы 2010 жылдың 20 қазанында,  «2020 жылға дейін есептелген жеделдетілген индустриалдық-инновациялық бағдарламаңыз жүзеге асқанға дейін өкілеттігіңізді  ұзартайық» деп өзіне ұсыныс жасаған Роман Ким (Қазақстан кәрістері қауымдастығының президенті) есімді азаматқа айтқан.

– Онда сонымен қатар маған жасартатын және қуат беретін дәріні де қоса ұсын. Мүмкін, мұндай дәрмек Кореяда бар шығар? Мен айттым ғой, 2020 жылға дейін келісер едім, тек маған жасартатын дәрі тауып бер, – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент соңғы рет 2010 жылы желтоқсанның 7-сінде Назарбаев университеті студенттеріне дәріс оқығанда болашақта Қазақстаннан Нобель сыйлығын алатын адамның шығатынына сенімді екенін, өзі құралпы адамдардың кәрілікке қарсы дәріні тағатсыздана күтіп отырғанын тағы да айтты.

– Менімен жасты адамдар ұзақ өмір сүруге мүмкіндік беретін, өмірді ұзартатын жаңалықтарды қатты тосып жүр, мұның тезірек болғанын қалайды, – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.11.2012 19:14
+1 / -0
эта гнида еще в сказки верит
Пікір алмасу

Кімнен: Айбалта
02.11.2012 07:21
+0 / -0
Ол өзі тірі болғанымен Халық санасында баяғыда сасып кеткен өлімтік!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Түркістан Қайдан: Түркменстан
03.11.2012 14:40
+0 / -1
Ашуыңызды басыңыз, ендігісі келгенде бұған дазәру болмайық...

Кімнен: Білгіш Қайдан: Мәңгіжасуды білетінжерден
01.11.2012 19:21
+0 / -0
Ұзақ жасау, тіпті мәңгі өлмейтін жолды мен білемін. Оның бір ғана жолы бар, басқа ешқандай да, жолы жоқ. Ол, өте оңай жол- шәйтанға айналу. Кім өлгісі келмесе, маған келсін, бірден шәйтанға айналдырып жіберейін. Келіңдер, келіңдер, өлгілерің келмесесе, шәйтанға айналдырайын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.11.2012 19:44
+0 / -0
мәңгі жас болып қалғысы келіп өлермен болып жүрген шалың баяғыда шайтанға айналып кеткен, оның кім екенін бәріміз де білеміз ғой...
Пікір алмасу

Кімнен: ниха Қайдан: елорда
02.11.2012 10:20
+0 / -0
хахахаааа

Кімнен: Хақназар хан
01.11.2012 19:51
+2 / -0
Қарғалар 400 жыл өмір сүреді, жеті жұртты мекендейді, бірақ сол қарғадан не көріп не білдің деп сұрасаң боқ шұқығаннан басқасын айта алмайды екен!
Ұзақ жасағаннан не пайда егер адам тек күнәға немесе Раббісін танымай, ешкімге жақсылық істемей өмірден ештеңе арттырмай кететін болса (тек дүние мен мансаптың құлы болып)!??? Кейбір дұние мен байлықтың құлдары қарғаға ұқсайды!
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
01.11.2012 23:47
+0 / -0
қарға деген құс та Аллаһтың бір сыры ғой.. Адам атаның баласы қызға таласып бауырын өлтіріп, оны не істерін білмей сасытып арқалап жүргенде Аллаһ Тағала қарғаны жіберіп өлген нәрсені жерге көмуді сол қарға арқылы көрсеттірген екен. Өткен жылдары Қазақстанның бірінде "Аллаһ, Аллаһ" деп жатқан қарғалард көрсетті. Ал жақында Ресейдің бір облыс орталығында шенеуніктердің қымбат көліктеріне сол қарғалардың тас жаудырып кеткендері туралы cенімді газеттерде тағы жазылды.
Пікір алмасу

Кімнен: Meн Гой Қайдан: Озимнен
02.11.2012 19:37
+0 / -1
Каргамен сен бе сойлесип журген?)
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
02.11.2012 22:45
+1 / -0
байқа, күлкіңді тыйа алмай қалма..

Кімнен: Мылтық
01.11.2012 20:06
+0 / -0
Қазір әлемде ағызаларды жасартуға арналған дәрмектер көп. НАН университеті де сондай біреуін жасаған болуы керек. бірақ ол өлместің дәрісі емес. Өмірді ұзату мүмкіндігі бар. Бірақ ажалды жеңу қолдан келмес. Университеттердің сондай бір ғылыми зерттеумен айналысқаны қуандырады. Ештеңені зерттемей, тек өткен ғасырдың кітаптарын сабақ қылып өте беретін университеттерді түгел жабу керек. Ғылыми зерттеу болғанда ғана, мейлі ол қандай нәтижеге жеткізсе де, ел дамуына жол ашады: мені университеттің аты да, ондағы өлмес үміті де қызықтырмайды, қайта аталған университеттің ғылыми зерттеумен айналысқаны қуандырады.

Кімнен: Нағашыбай Есмырзаев Қайдан: Алматы
01.11.2012 20:09
+0 / -0
Осыдан тура бір жыл бұрын "Ғасыр Ғұламасы" атағын берген кезде: "Бұл қай ғасырдың Ғұламасы екен?" - деп таң қалғаным рас еді. ХХІ ғасырдың Ғұламасы болатынына толық көзім жетті. Жасасын "Ғасыр Ғұламасы"!

Кімнен: Иманды қазақ Қайдан: Жерден
01.11.2012 20:11
+0 / -0
Өлім сені қумайды.ЖОЛЫҒАДЫ.ҚҰДАЙ сақтанғанды сақтайды деп мақалдататын боларсыздар бәлкім.РАС.десе де жас ұзартатын дәрінің жүзін жұтсаңда өлім періштесі тағдырың жазылған тақтадағы уақытың біткенде жаныңды алатынын жадымыздан шығармағанымыз жөн!

Кімнен: Лиза Қайдан: Актау
01.11.2012 20:11
+0 / -0
Бул дарини олгиси келмейтин Назарбаевтын ози ише берсин.Бизге тукте катысы жок осыны да жаналык деп айтып отрган неси.Олгиси келмейди бейшера.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
01.11.2012 20:18
+0 / -0
Бұл алжыған кәрит ақыры өзі ғана кетпей барша қазақ ұлтының тұқымын тұздай құртып өлетін болды...
Осыдан кейін Кәрішал Асан-Атаның сұңғылалығына таңданбай көр, 200 жыл басқыншылық жасап қазақты құрта алмаған барша жоңғардан мына сұмпайы бір жоңғар асып түсті-ау!

Кімнен: Дарига Урысултан
01.11.2012 20:18
+0 / -0
Туринай мынау казак емеской.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.11.2012 21:00
+0 / -0
Казактын казба байлыгын тауыспай кетпейин деп тур тажал

Кімнен: Alpturk
01.11.2012 21:04
+1 / -0
Өлейін деп өлмейді өлерлік жан,
Әсте өлмесін білгендей қылық қылған.
Ажал келіп бас салса, жанды ұрласа,
Өмір қайда, сен қайда, соны да ойлан.

Адамзат - бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойла шырақ.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.11.2012 21:47
+0 / -1
Биоөнімнің атын Нәр-Нұр деп атау керек
Пікір алмасу

Кімнен: Құлпырған (Құтырған) Нұр Қайдан: Нұрландия
01.11.2012 23:23
+0 / -0
Биоөнімнің атын Нәр-Нұр-Ұр-ырр десе де болады
Пікір алмасу

Кімнен: бақсы
02.11.2012 13:26
+0 / -0
Ана айранның аты (йогурт па, құрт қосқан шалап па) НӘР ма? Бәлкім нәр емес "Р" әріпі теріс айналып кеткен Ь - мәки знак шығар, сонда "НӘЬ - НӘЬ" мәни кәші, оны зәрі тоқтамайтын балалар ішуге болады. Үлкендер ішсе таза ЗӘР, қуып кетеді. Қуып кеткендер ішсе капут болады.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.11.2012 22:15
+0 / -0
Алланың жазмышына қарсы келіп ұзақ жасайтын дәріні ойлап тапқан екен сабаздар (Егерде мәлімет шындық болса). Енді олар адамды мүлдем алжытпайтын дәріні ойлап тапсын. Әйтпесе бұл шалдың крышасы жыл санап емес, күннен күнге кетіп бара жатыр.
Пікір алмасу

Кімнен: Дауа Қайдан: Алматы
02.11.2012 00:01
+0 / -0
Бұл қалмақ институтты жастарға білім берсін деп ашқан жоқ екен, өзін және өздерінікін жасарту, қартайтпау, кемінде 100 жасауға жеткізу үшін жұмыс істеуге ашқан екен. Алланың ақ өлімінен құтылуды жанталаса ойлағанына неше жыл болды десеңші! Үрім-бұтағы мен сыбайластарының, ең әуелі, әрине, өзінің жемқорлық қылмысы төбесінен асып кеткен соң, не істеуі керек? Жасатқан дәрісін өзінен басқаға, бала-немерелеріне де берместен жалғыз өзі ішіп, жасарып, қылмысын әшкерелейтін ұрпақ өліп таусылғанша жүрмекші. Ойпырым-ай, қазақ халқының маңдай соры бес елі емес, он елі екен ғой!

Кімнен: киши жуз
01.11.2012 22:50
+0 / -0
Астафируллаһ не дейд Аллаһтын берген ризыгы омири битсе узарту тугул манги омир суретин дари комектеспейт ой ой ой галымдарай не дейд сендердин алдарында омир сурип кеткен не бир мыкты галымдар болган солар таппаган дарини сендер таптындарма кулдирмендерш олай бул дарини шетел сетимесин кулип журер,осыны шетелге далелдеп экономиканы котеруге болад да адамдар или булда мунаймыз казба байлыгымыз сиякты шетелге таратамызба екен эййй койындарш мен сенбейм осы дарине бырак шыгад ертен сенетиндер

Кімнен: Маразым Крепшайытов Қайдан: ыЗаКО
01.11.2012 23:17
+0 / -0
Адамның өмірін ұзартқан дұрыс, егер тек ол шыныменен адам болса....

Кімнен: zheltocsan
01.11.2012 23:36
+0 / -0
– Менімен жасты адамдар ұзақ өмір сүруге мүмкіндік беретін, өмірді ұзартатын жаңалықтарды қатты тосып жүр, мұның тезірек болғанын қалайды, – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.
====

"полицияға қарсы оқ атты" деген сылтаумен гранатаметпен қырып салған қыршын жастардың жандары тәтті емес екен де, сол жастарды қырып салуға бұйырған шалдардың қу жандары тәп-тәтті екен... ой, заман-ай!

мың жерден жандарың тәтті болса да, "жасартатын және қуат беретін дәрінінің" мың түрін ойлап тапса да Аллаһтан бұйрық келген сәтте бір секунд та кешіктірілмей қу жан тәннен ажыратылады.
Пікір алмасу

Кімнен: мүслім
02.11.2012 00:31
+0 / -0
Шыңғысхан жарықтта осыны армандап еді.....
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.11.2012 13:30
+0 / -0
Тенуге келмейди
Пікір алмасу

Кімнен: 999
02.11.2012 17:21
+0 / -0
Шыңғысхан жарықтық армандап саған айтып кетіппе еді
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
02.11.2012 22:48
+1 / -0
Тенуге келмейди
====

ия, теңеуге келмейді, Шыңғысхан жарты әлемді Жаңаөзенге айналдырған еді.

Кімнен: Ай Нур Қайдан: Алматы
02.11.2012 02:36
+0 / -0
Аллаһтың жазғаны болады.
Ажал деген кәрілікпен ғана келетін нәрсе емес қой...

Кімнен: АРА Қайдан: ҰЯДАН
02.11.2012 10:17
+0 / -0
Назарбаев әбден алжиын деген бе, әлде нәпсі құрғыр өлімнің ақиқат екенін білсе де мойындағысы келмей ме, мынау тура жынды адамның сөзі ғой, жасартатын дәрі ойлап табу деген..
Тіпті Аллаһтың пайғамбарлары өлді.

Құранда Аллаһ өлімді 164 рет айтыпты. сол аяттардың бірнешеуі:

Өлім есірігі шындықты келтірді. Одан қашушы едің. (Қаф сүресі, 50:19)

Сендер қайда болсаңдар да, тіпті мықты қорғандарда болсаңдар да өлім жетеді. (Ниса сүресі, 4:78)

(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын да адам баласына мәңгілік (өмір) бермедік. Ал егер сен өлсең сонда олар мәңгі қала ма? Әркім өлімді татады. (әнбия сүресі, 21:34-35)

Әркім өлім татады. Шын мәнінде қиямет күні ақыларың толық төленеді. Сонда кім оттан құтқарылып ұжмаққа кіргізілсе, рас құтылды. Негізінде дүние тіршілігі алданыштың ғана нәрсесі. (әли ғымран 3:185)

БҰЛ АЯТТАР ТЕК НАЗАРБАЕВ СИЯҚТЫЛАРҒА АРНАЛМАҒАН, БӘРІМІЗ ӘРДАЙЫМ ЕСІМІЗДЕН ШЫҒАРМАЙТЫН АЛЛАНЫҢ СӨЗДЕРІ!!!!

Кімнен: Бахытжан
02.11.2012 10:54
+0 / -0
пиғылыңнан табасың ғо ібіліс
Пікір алмасу

Кімнен: Дауа Қайдан: Алматы
02.11.2012 15:04
+0 / -0
Бахытжан, "ақ патшаны" ібіліс дедің бе? Оны естісе, мысалы, Гер-ағаң, Герольд Бельгер, қатты ашуланады. Өйткені ол былтыр оның туған күнінде былай депті: "Бүгін Нұрекең, Нұрсұлтан Әбішұлының туған күні. Ол 71 жасқа толды. Бір кездегі жалынды комсомол. Қазіргі Елбасы, қазақтың біртуар перзенті. Ұлт мақтанышы. Кейде кейбір істеріне сын айтсам, ол - ағалық наз" ("Парасат" журналы, №10. 2012 ж. қазан. 10-бет). 70 жылдығында да осылай табына жазып еді. 72 жылдығына не дегенін де осы журналдағы "Күнделік беттерінен" алдағы жылы оқырмыз. Жыл сайын 2-3 кітабы шығып жататынының тағы бір құпиясы: былтырғы "Күнделігінде" жазғанындай (осы журналда шыққан) Иманғали Тасмағамбетов оған жылда соғып жеткізіп беріп тұрады екен, "он бес жыл болды" депті сөйткелі. Оппозициялық көзқарастағыларды да, билікті де риза етіп жүру үшін де талант керек екен.

Кімнен: zheltocsan
02.11.2012 12:53
+0 / -0
қазақты кәріс билеген заман болды-ау
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Редактор таңдауы

Ауғанстандағы Азаттық радиосына жіберілген бейнежазбадан скриншот.

ИМ Ауғанстан мен Пәкістанға көз тікті

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Ауғанстан мен Пәкістанды да қамтуы мүмкін бе? Бұл аймақтағы кейбір әскерилер ИМ басшылығына адал боламыз деп ант берген соң, қауіп күшейді. Толығырақ