Accessibility links

AzattyqLIVE: «Қазақ елі» сериалы қандай болмақ?


AzattyqLIVE студиясында отырған «Қазақ елі» сериалының сценарий авторы Смағұл Елубай мен Азаттық журналисі Қасым Аманжол. Алматы, 29 қаңтар 2016 жыл.
AzattyqLIVE студиясында отырған «Қазақ елі» сериалының сценарий авторы Смағұл Елубай мен Азаттық журналисі Қасым Аманжол. Алматы, 29 қаңтар 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» сериалы жайы талқыланды. Студия қонағы сценарий авторы Смағұл Елубай болды.

«Қазақ елі» сериалы 2015 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен түсіріле бастаған. Жоба авторлары 2015 жылдың соңына дейін 10 бөлімге жоспарланған сериалды түсіріп бітеміз дегенімен, әзірге туынды экранға шықпай жатыр.

Сериал қашан түсіріліп бітеді, жұрт оны қашан көреді, сериалда қай замандағы қандай кейіпкерлер бар, нендей тарихи оқиғалар қамтылған, қаражат мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Көпшілік күтіп жүрген сериал төңірегінде осы тәрізді сұрақтарға сценарий авторы Смағұл Елубай жауап берді.

«Қазақ елі» сериалы қандай болмақ?
please wait

No media source currently available

0:00 0:33:04 0:00

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

XS
SM
MD
LG