Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:47

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзен әйелдері әкімдік алдында пикет өткізуге рұқсат сұрады

Бүгін Жаңаөзен оқиғасы бойынша айыпталып, қамауда отырған азаматтардың аналары, әпкелері мен әйелдері қаладағы төтенше жағдай алынғаннан кейін тұңғыш рет әкімшілік алдына жиылды. Олар ақпанның 23-інде әкімдік алдында пикет өткізуге өтініш тапсырды.

Жаңаөзен әйелдері әкімдік жанында шеру өткізу үшін қол жинап тұр. Фотоны блогшы Дина Байділдаева түсірген. 13 ақпан 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Азаттық радиосына Жаңаөзен қаласы әкімдігі алдына тұрғындардың жиналғанын сол жақта жүрген блогшы Дина Байділдаева телефон арқылы хабарлады. Оның айтуынша, әкімнің кеңсесі өтініш хатты қабылдап алған. 

«ЖАҚЫНДАРЫҢ БОСТАНДЫҚҚА ЕШҚАШАН ШЫҚПАЙДЫ»

Байділдаеваның айтуынша, әкімдік алдына жиналған азаматтардың ұзын саны – жиырмаға жуық. Олар жақындарының «қуғындалып жатқанына» қарсылықтарын 
​​осылайша білдірмек. Алайда полиция жасақтары мен ішкі әскер сарбаздары шұғыл келіп, әйелдер жиынын бақылауға алған. Олар, ата-аналардың айтуынша, «журналистерге интервью бермеңдер, әйтпесе жақындарың бостандыққа ешқашан шықпайды» деп ескерту жасаған. 

​​

«ТАРАП КЕТУ» ТУРАЛЫ КЕҢЕС

 - 16 желтоқсан күні Жаңаөзенде болған төтенше жағдайларға байланысты жазықсыз жала жабылған азаматтарымызды шығару үшін ата-аналар болып келіп тұрмыз, - деді інісінің айыпталғанына наразы Нұрсия Бекболатова Азаттық тілшісіне.

Әйелдерді бақылауға келген полиция өкілдері оларға тарап кетуге кеңес берген.

Ақпанның 23-інде пикет өткізуге ​​өтініш өткізген жаңаөзендік аналар қазір үйлеріне тарап кетті. Олар енді әкімдіктің жауабын күтеді.  

2011 жылы желтоқсанның 16-сында Жаңаөзен мен Шетпеде ереуілшілер мен полиция арасында қақтығыс болып, полицейлер атқан оқтан 17 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жарақат алды.

Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев 2012 жылы қаңтардың 25-і күні мемлекеттік телеарналар арқылы Жаңаөзен оқиғасы туралы мәлімдеме таратып, 
Қала көшесінде тізіліп тұрған полиция жасағы. Жаңаөзен, қаңтар 2012 жыл.
x
Қала көшесінде тізіліп тұрған полиция жасағы. Жаңаөзен, қаңтар 2012 жыл.
​​​​"Қазіргі кезге жаппай тәртіпсіздіктердің 6 (алты) ұйымдастырушысы – Сақтағанов, Жарылғасинов, Ирмуханов, Досмағамбетов, Уткилов және Тулетаева анықталып, оларға Қылмыстық кодекстің 241 (екі жүз қырық бірінші) бабының 1 (бірінші) бөлігі бойынша айып тағылып, қамауға алынды. Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздіктердің 23 (жиырма үш) белсенді қатысушысы және бүліншілік пен тонаушылық жасаған 11 (он бір) адам анықталып, қамауға алынған. Олардың басым бөлігі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғанын және қатысқандарын растады" деген болатын. 

Ақпанның 9-ында Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеевтің үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Сарбөпеевтің орнына Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі Серікбай Тұрымов тағайындалды.

Жаңа әкімді Жаңаөзен қаласы мәслихатымен таныстыру рәсімінде Маңғыстау облысының әкімі Мұхамеджанов "көптеген адамдарға Жаңаөзен қаласының әкімі болу ұсынысы жасалғанын, тек Тұрымов қана келіскенін" айтты. Облыс әкімі Тұрымовқа "жұмыстың өте ауыр екенін, қордаланған мәселелерді «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнымен бірігіп шешу қажеттігін" ескерткен еді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Расул Қайдан: Ақтау
13.02.2012 13:56
+2 / -0
Жаңа Өзендік аналар мен қарындастарымыздың осы бастамасын жаңа әкімде қолдап ел болып қолдау білдіре білсек қой шіркін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.02.2012 03:10
+0 / -0
кара бауыр каскалдак-осы оленин текстин ким биледи ? ?

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
13.02.2012 14:09
+1 / -0
Адамымыз автомат оғынан жан тапсырып жатса оны моргтен сұрап алып, жерлеуге де рұқсат сұраймыз. Азаматымызды бекерден-бекерге қамап отырса ол адамның босатылуын талап етерге митінгі жасауға да рұқсат сұраймыз. Бұл бетімен кете берер болса ұзамай таңертең үйіміздің кілтін белгілі бір құқық қорғау орындарына ма, болмаса әкімшіліктегілердің бір қызметкеріне ме беріп, тек солар арқылы кірерміз өз үйімізге? Мен басқа жол көрмей тұрмын.

Ау қазақтарым бармысыңдар?!! Неге біздер біздің есептен байып отырған мына ұры билікке "КЕТ" дей алмаймыз?
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
13.02.2012 14:57
+2 / -0
Ұры билікке кет деп айту үшін 25 ақпанда митингіге кел, менің естіумше 3 қалада болады деп жатыр. Үлкені,әрине Алматыда болады.

Кімнен: білгіш
13.02.2012 14:24
+1 / -0
болмайтын нәрсені қойсаңдаршы.
біздің билік өлсе де бермейді рұқсат.
шығатын адам ешкімнен рұқсат сұрамай шыға беру керек митингке ана Египет, Тунистегі сияқты
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.02.2012 15:15
+1 / -0
Қаңтардың 23-і емес ақпанның 23-і шығар, қаңтар өтіп кетті ғой. Негізі 25-інде шығу керек, рұқсат неме қажет.
Пікір алмасу

Кімнен: Амангелді Қайдан: Қарағанды қаласы
13.02.2012 16:11
+1 / -0
Алаңға шығудудан бұрын, аналардың жан айқайы дивандағыларға жетіп, жедел әрекет етсе, ұлдары бостандыққа шықса, бастысы осы емес пе?! Негізі бұл Жаңаөзендік емес жалпы қазақтың мәселісі сияқты...
Пікір алмасу

Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
13.02.2012 19:08
+1 / -0
Дивандағылар аналардың жанайқайын ұрсын ба. Олар жанайқай дегенді түсінесін болса, ана алаңдағы қарусыз халықты атпас еді ғой, жараланғандарды фашистер де, тұтқындап сосын емдеген, ал олар дубинкамен ұрып өлтірген.
Жастарды көшеден ұстап алып,сабап, қамаққа алып барып ,қорлап өлтірген, жауыздардан қандай рақымшылық күтесің. Олар сыйлау дегенді , аяушылық дегенді білмейтін жануарлар. Оларға тек қорқыныш деген сезім тән. Сондықтан, бізде алаңға барып,көптігімізді білдіріп,қорқытпасақ, басқа амал жоқ. Назарбаевтың арқа сүйейтіні Путин еді, 2 айдан бері ол Путиннің сіңбіруге мұршасы жоқ, өзі сасып жатыр, Ресей қалаларында он мыңдаған, жүз мыңдаған халық жиналған митингілер есін кетіріп жатыр. Осы уақытты пайдалануымыз керек. Шындыққа тек шерулер арқылы жетеміз.
Пікір алмасу

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
13.02.2012 16:42
+0 / -2
Заң сыйлап үйренген халық емеспіз бе?

Кімнен: Сәрсенбай Қайдан: Ақтау
13.02.2012 15:01
+1 / -0
Құрметті Азаттық! 23 қаңтар емес, ақпан шығар?
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
13.02.2012 15:08
+1 / -0
Құрметті Сәрсенбай,

расымен ай атауы қате жазылып кетіпті, қазір түзетілді, өздеріңізден ғафу өтінеміз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.02.2012 15:28
+2 / -0
25.02.2012 Жаңаөзен рухсат бермесе 25,02,2012-де Ақтау қаласы ынтымақ алаңына өткенде 1 апта тұрған алаңға шықса, Жаңаөзен 1,5 сағат жер.
Пікір алмасу

Кімнен: Бәкен
13.02.2012 15:38
+0 / -0
Осы жерде шынымен білетін адам болса айтыңдаршы, ел ішінде "өлген адамдарды үкімет өзі көмген, иелеріне өлікті бермеген" деген алып қашпа әңгіме қаншалықты рас? Сонда өлген адамдардың туыстары дененің қайда жатқанын (көмілгенін) біле ме, жоқ па?
Және сұрақ, ондай адамдар бары рас болса, неге мүрдені рұхсатпен қайта алып, қазақша арулап қоя алмайды?
Тек шын жазыңдаршы. Көп сұрақтан басымыз қатып кетті.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.02.2012 16:16
+0 / -0
"ДЕТДОМ"НЫҢ БАЛДАРЫН СҰРАП ОТЫРСЫЗ БА?
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: озен
13.02.2012 17:10
+0 / -0
бакен онын бари рас.олгенде,табылмай жатырган адамдарда коп.моргтен адамды бермеди.егерде балдардын колдарынан таяк жеген деп жазып берсен,содан кеин гана берген олген адамдарды.Менттердин колдарынан олген адамдарды каланын сыртына,подвалдарга лактырып кеткен.казир уакытта Озенде менттер катты жумыс жасап жатыр.халык казир басылып калды,брак уакытша.Енди тек улкен калалар шыкпаса бизде жагдай киын козгала алмаи отырмыз.Егерсендер шыгып котерилип жатсан,биздин кала ДАЙЫН деп ойлаимын.Бакен аитып отырганымнын бари рас

Кімнен: Sunhar Heran Қайдан: Astana
13.02.2012 16:26
+1 / -0
Жаңа әкім бейбіт шеру өткізу өтінішін қанағаттандыруға тиіс. олай болмағанда биліктің көзбойаушылығы білініп қалады. көктем шыға жаппай бейбйт шерулер болатын шығыр. әр жерде, бастығының басынуынан жапа шеккен қызметкерлер мен жұмысшылар әрең отыр.
оларға жаңаөзендік бастама, бақдар көрсетіп, басшылырын ауыстыруға, жалақыларын толық алуға үшін талап қойуға итермелейтін болады. бұл жолы аналар өтініші қанағаттанбаса 8 наурызда, бүкіл аналарға көмектесуге үндеу жарйалау керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.02.2012 16:43
+1 / -0
Жаңаөзен халықты оятты.
Енді қашқан ұйқы қайта оралмас.

Кімнен: DDoS-шабуыл Қайдан: Тау
13.02.2012 17:04
+0 / -0
Айналайын Азаттық! Ақпанның 23-і ме әлде 25-і ме? Біраз жігіттер барайық деп едік. Дәл қай күні, қай сағатта, Алматының қай жеріне баруымыз керек?

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
13.02.2012 17:06
+2 / -0
Халық қара қылды қақ жарған әділдікті талап етеді. Билік үйреншікті алдарқату жолдарымен құтылғысы келеді. Жазықсыз мұнайшылар мен оппозиция белсенділерін қуғындау арқылы отқа май құю кімге тиімді екенін түсіне алмай әлекпін.

"Халық қаһарланса, хан құлайды" дегенді біздегі биліктегілер түсінбей ме, әлде шынымен мылтықтың күшімен тырп еткізбей ұстап отыра береміз деп сене ме?!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.02.2012 17:58
+1 / -0
Ең бірінші фотодағы апам (ақ шәлі, ұлттық өрнектегі шапан киген) ортада тұр, осы адамның машина ішінде жылап К+ке интервью беріп отырғанын көріп едім.
Далаға шыққанда тым болмаса киімін өзгертіп шықпай ма, танитындар болса ескертсе екен.
Ұстап кетпесін.
Пікір алмасу

Кімнен: Alim Asan
14.02.2012 01:53
+0 / -0
ДӘЛ СОЛ АНАМЫЗ, БАЛАСЫН ЕКІ АЙ БОЛДЫ КӨРМЕГЕНІНЕ!!!! КӨЗДЕРІҢДІ АШЫҢДАР!! ЕГЕР ДЕ СЕНДЕР
ҮНДЕМЕЙ ҚАЛСАҢДАР. ЕРТЕҢІНЕ СЕНДЕРДІҢ АНАЛАРЫҢ ӨСИТІП БИЛІКТІҢ АЛДЫНДА ҚАЙЫРШЫ КҮЙІН КЕШЕДІ! ОЙЛАНЫҢДАР ҚАЗАҚТАР. ОЯНЫҢДАР!!!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Асқар Қайдан: Арқа
13.02.2012 19:09
+1 / -0
Олар белсенділерді қамау арқылы. Елді қорқыту әрекетіне барып отыр. Тек қорқынышпен ұстамақ. Сен түгіл серкелерінді де қамаймыз деген сынай танытуда. Аржағын ойлап отырған жоқ. Жоғарыда бір пікірді қолдаймын. 25 ақпан, одан кейін де, көктем шығып күн жылынған кезде т/б билік рұқсат бермеседе өткізу керек. Рұқсат сұрау міндетті түрде болу керек.Бермесе өздері білсін. Біз рұқсат сұрадық, айттық,ескертік болды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.02.2012 20:39
+1 / -0
Жаңа әкім енді шекесінде бірдеңе болса халық жағында болу керек, әйтпесе ұры-қарылардың қолшоқпары болған бұрынғы әкімнің жағдайын көріп отырғой. Олар шу шықса өзіңді орға жығып жүре береді.
Пікір алмасу

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Алматы
13.02.2012 22:05
+1 / -0
Республика сарайында өткізуге рұқсат бермесе Жамбыл атындағы филармония сахнасында өткізу керек еді! Ол жердің дыбыс мамандары өз істерінің шебері!
Пікір алмасу

Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
14.02.2012 21:04
+0 / -0
Ал ,сол ұры-қарылардың бастығы Нұрсұлтан болса, жаңа әкімге қандай кеңес бересің,

Кімнен: Нұрәділ Мәткәрім
13.02.2012 22:49
+2 / -0
Заңды сыйлай білмейтін сауатсыз, санасыз биліктің алдында заң білетіндігімізді, оны сыйлайтындығымызды білдіріп бәрін заң шеңберінде жасауымыз, яғни рұқсат сұрауымыз өте орынды деп ойлаймын.
Бірақ билік рұқсат етуі мүмкін емес. Ондай жағдайда жалтақтамай, жасымай ойымызды іске асырып бейбіт шеруге шығып, арандатушы алаяқтардан аулақ болып, билікке орынды талап тілектерімізді тура қоюымыз және табанды түрде талап етуіміз керек. Міне тап осылайша сауатсыздарымызды сауаттыландыруымыз, жауапсыздарды жауаптыландыруымыз мемлекетіміз үшін де, өзіміз үшін де зор пайда бермек.
Болған бассыздықтардың басыт күнәхарлары құтылуына, олардың орнына адал азаматтарымыздың тұтылуына жол беріп қойсақ, бұл біздің елдігімізге зор күнә болып жамалмақ.
Асыл азаматтарымызға араша түсу баршамыздың борышымыз.
Қашан талаптар дұрыс шешімін тапқанша бейбіт шерулерді жалғастыра беруіміз керек. Халықты жеңер күш жоқ екенін бұл билікке көрсетіп, мойындаттыруға тиіспіз. АЛЛА ауыз бірлік, тату тірлік берсін.

Кімнен: Айна
13.02.2012 22:52
+1 / -0
Жауыздар соққыға шығып, күшпен мойындатып отыр ғой, бар қылмысты, яғни өздері жасаған қылмысты жазықсыз адамдардың мойындарына іліп, мойындамағындарды өлтіріп, подвалдарға лақтырып, не деген жауыз едіңдер!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Alim Asan
14.02.2012 01:56
+0 / -0
ӘЛБЕТТЕ!! ЖАҢАӨЗЕННЕН КЕЙІН БИЛІК САСҚАН ҮЙРІК СИҚЫЛДЫ КӨТІМЕН СҮҢГУГЕ КІРІСТІ.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: атырау
14.02.2012 00:01
+1 / -0
25 ақпанда алаңға ана 86 желтоқсаншылары афганистан соғыс ардагерлері азғантай қалған зиалылар опазиция және қожахмет аға мен жасарал қуанышалин ағаларда шығады сөз сөйлейді деген үміті бар халықтың ал жаңаөзендік ана әпкелерге сіздердің митингі ұйымдастыруларыңыз өте орынды дегім келеді алға қазақтар алға қазақстан
Пікір алмасу

Кімнен: желтоқсан жасасын-"ауған? Қайдан: АЛМАТЫ
15.02.2012 08:26
+0 / -0
Желтоқсансышымен "ауғандықты"қатар қоюға болмайтын сияқты. Сенің ойымша желтоқсандар әуелден халқы үшін күрескен шын мәрттер. Ауғандықтардың екі төрағасының жүрісі анау. "нұр отан" деп айғайлап. бақытжан ертвев пен бахытбек . екеуі де қазір депуттаттыққа өтіп алды.Мүмкін халқын сүйетіндері бар шығар. бірақ біз көрмей жүрміз.Әлде бұл онда жүрек қалауымен емес, біздің "омондар" сияқты "случаино" барғандығынан ба екен. Желтоқсаншылар молодец,25-жыл боиы қазағының , әділдіктің қасынан табылып жүр. АЛЛА ТАҒАЛА оларға разы болсын.сіздер біз сияқты қарапайым қазақтың жүрегіндесіздер.

Кімнен: Alim Asan
14.02.2012 01:46
+0 / -0
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ, ҚАУЫМ, ҚОҒАМ!!!! БІЗ ӨЗІ ҰЛТПЫЗ БА? НЕГЕ ЖАҢАӨЗЕНДЕГІ БАУЫРЛАРЫМЫЗДЫ ҚОЙША БАУЫЗДАП ҚЫРЫП АТЫП ЖАТҚАНДА ҚАЛАЙ ҮНДЕМЕЙ ОТЫРА БЕРЕМІЗ. НЕ ДЕГЕН МЫНА ЗАМАН? ЖЕТПІС ЖЫЛ КЕҢЕСТІК ҮКІМЕТ ЖИЫРМА ЖЫЛ ҚАНІШЕР ҚАЛМАҚТЫҢ ШЫРМАУЫНДА БОЛДЫҚ, ОЯНАТЫН КЕЗ ЖЕТТІ!!! ЕГЕР ОСЫ ЖАҢАӨЗЕННЕН КЕЙІН БҰҒА БЕРСЕК БҰЛ БИЛІК ТЫҒА БЕРЕДІ!!! ЕСІҢДІ ЖИ ОЯН ҚАЗАҚ!!!!

Кімнен: Азамат Қайдан: Кокшетау
14.02.2012 11:57
+0 / -0
Тек кана алга казак бауырлар, соракы биликтин сайкал саясатынан жапа шеккен казакстандыктар мойымандар. Одан сайын кайраттанып, ащи унимизды, айбат рухымызды корсетуимиз кажет. Ол ушин коп болып аланга шугу кажет.

Кімнен: Хабарландыру
14.02.2012 15:44
+0 / -1
Үйде отырып-ақ 25 мың теңгелік жұмыс жасағысы келгендер маған тез арада хабарласыңыздар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.02.2012 12:51
+0 / -0
Сорлы аналар -ай, көрейін дегендерің осы ма еді.

Кімнен: otk_101 Қайдан: Маңғыстау облысы
16.02.2012 23:48
+0 / -0
мен букіл мгыстау халкын 23 ынтымак аланын шакырамын жане мен казакпын деген азаматтарды акпаннын 25де митингіге шкырамын