Accessibility links

Ақтөбе: сот А.Садықовқа шығарылған үкімді өзгертпеді


Ақтөбеде облыстық сот оппозиция қайраткері Айдос Садықовтың үстінен шығарылған сот үкімін өзгеріссіз күшінде қалдырды. Айдос Садықовтың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмау туралы шешім сәрсенбі күні қабылданыпты.

Ақтөбедегі оппозиция қайраткеріне өткен мамыр айының соңында көшедегі бейтаныс адамды соққыға жықты деген айып тағылған болатын. Алайда Айдос өзінің кінәсін мойындамай, керісінше өзінің жапа шеккенін мәлімдеді.

А.Садықов – «бұзықтық істеді» және «полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті» деген айыптармен 2 жылдық мерзімге түрмеге кесілді.
XS
SM
MD
LG