Accessibility links

Батыс елдері Ходорковскийге қатысты сот үкімін айыптады


АҚШ пен Еуропа елдерінің үкіметтері Кремльдің сыншысы Михаил Ходорковскийдің қосымша 6 жылға қамалуына байланысты Ресейді сынап отыр.

Бұрынғы "Юкос" мұнай компаниясының басшысы Михаил Ходорковский мен оның кәсіпкерлік әріптесі Платон Лебедев айыпты деп танылған соң бейсенбі күні 14 жылға түрмеге жабылды. Бұл 2003 жылдан бері оларға шығарылған екінші сот үкімі. Оған сәйкес, Ходорковский мен Лебедев 2017 жылға дейін қамауда болады. Адвокаттар сот шешіміне байланысты шағымданатындарын мәлімдеді.

АҚШ пен Еуропа үкіметтері Ходорковскийге шығарылған сот үкімінің саяси астары бар болуы мүмкін деп қауіптенетіндерін айтты.
XS
SM
MD
LG