Accessibility links

Астанада Смағұл Сәдуақасұлының күлі жерленді


Смағұл Сәдуақасұлы
Смағұл Сәдуақасұлы
Астанада мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының күлі қайта жерленді.

Алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлының хабарлауынша, жерлеу рәсімі бүгін Астрахань тас жолының бойындағы мұсылмандар зиратында өткен. Оған парламент депутаттары, зиялылар және Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

Қаңтардың 20-сы күні Мәскеудегі Дон зиратында жатқан Смағұл Сәдуақасұлының сүйегінің күлі алынғаны туралы Азаттық радиосы хабарлаған еді.

20 ғасырдың басында жоғары лауазымды қызметтерде болған Смағұл Сәдуақасұлы совет үкіметінің саясатына қарсылық танытқаны үшін қудаланған болатын. Ол 1933 жылдың күзінде Мәскеу ауруханасында көз жұмды.
XS
SM
MD
LG