Йемен армиясы "Әл-Қаида" сарбаздары басып алған елдің оңтүстік батысындағы Зинджибар қаласына шабуылдап жатыр. Бұл қаланы "Әл-Қаида" сарбаздарының басып алғанына бір жылдан асып барады.
Йемен әскерилерінің мәліметтері бойынша, бүгін таңертең армия Зинджибар қаласын екі жақтан қоршауға алған. Қақтығыстарда "Әл-Қаиданың" 15 жауынгері оққа ұшқан.
Қаланы қоршау америкалық пилотсыз ұшақтардың бомбалауынан кейін басталған. Ұшақтар қаладағы 20 шақты "Әл-Қаида" мүшесінің көзін жойған. Бұдан өзге, кейінгі үш апта ішінде Йеменнің оңтүстігінде "Әл-Қаиданың" үш жетекшісі қаза тапқан.