Accessibility links

Анар Мешімбаеваның соты басталды


Қазақстанның статистика агенттігінің бұрынғы жетекшісі Анар Мешімбаеваға іздеу жарияланғаны туралы Қазақстан қаржы полициясының ресми сайтындағы (finpol.kz) ақпараттан скрин-шот.
Қазақстанның статистика агенттігінің бұрынғы жетекшісі Анар Мешімбаеваға іздеу жарияланғаны туралы Қазақстан қаржы полициясының ресми сайтындағы (finpol.kz) ақпараттан скрин-шот.
Бүгін Астананың Есіл аудандық №2 сотында Қазақстан статистика агенттігінің бұрынғы жетекшісі Анар Мешімбаеваның соты басталды деп хабарлайды Tengrinews сайты.

Сотта куәгерлер санын көбейтуді сұраған Мешімбаеваның адвокаты Ботагөз Бейсембаеваның өтінішін судья қанағаттандырған. Адвокат сот процесінен хабар таратылуына қарсы болмаған, бірақ соттан сурет және видео түсіруге тыйым салуды сұраған. Бірақ судья адвокаттың бұл өтінішін қабылдамаған.

"Қазақстан жаңалықтары" агенттігінің хабарлауынша, сотта Мешімбаева өзіне тағылған айыптардың ешқайсысын мойындамаған.

2010 жылы қаңтарда Қазақстанның экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) «2009 жылдың ақпан және наурыз айларында жүргізілген халық санағы кезінде бюджет қаржысын жымқырған» деген айып бойынша Анар Мешімбаеваның үстінен іс қозғап, прокуратура оған іздеу жариялаған.

Мешімбаева 2013 жылы 6 ақпанда Мәскеуде ұсталып, қыркүйектің 7-сі күні Қазақстанға экстрадицияланған.

Анар Мешімбаева 2009 жылы күзде халық санағына қатысты дау туындаған соң Қазақстанның статистика жөніндегі агенттігінің төрайымы қызметінен отставкаға кеткен еді.
XS
SM
MD
LG