Accessibility links

Солтүстік Корея президентінің туысы өлім жазасына кесілді


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын (оң жақта) мен оның немере ағасы Чан Сон Тхэк.
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын (оң жақта) мен оның немере ағасы Чан Сон Тхэк.
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның немере ағасы Чан Сон Тхэк "мемлекетке опасыздық жасағаны үшін" өлім жазасына кесіліп, үкім орындалған. Ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, елдегі екінші ықпалды адам саналған, қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары болған Чан Сон Тхэкке өлім жазасын әскери трибунал шығарған.

Бұл жаза Солтүстік Кореяда бұдан екі жыл бұрын билікке Ким Чен Ын келгеннен бергі ең ірі саяси оқиға болып отыр. Апта басында Чан Сон Тхэк барлық қызметі мен атақ-дәрежесінен айырылып, «қызмет өкілетін асыра пайдаланған, заң бұзып, сыбайлас жемқорлыққа ұрынған, шетелге емделуге барғанда әйелдермен сөлекет қатынастар жасаған, есірткі пайдаланып, құмар ойын ойнаған» деп айыпталған еді.

Ресми ақпарат құралдары оны "иттен де сорақы болды" деп жазған.

Чан Сон Тхэк - Ким Чен Ынге әкесі өлгеннен кейін билікті қолға алуына көп көмектескен адам.
XS
SM
MD
LG