Accessibility links

Украин оппозициясы рақымшылық заңын қабылдамады


Киевтің орталығындағы Тәуелсіздік алаңында тұрған шерушілер. 30 қаңтар 2014 жыл.
Киевтің орталығындағы Тәуелсіздік алаңында тұрған шерушілер. 30 қаңтар 2014 жыл.
Украина оппозициясының жетекшілері демонстранттар басып алған үкімет ғимараттарын босатқан жағдайда ұсталған шерушілерге рақымшылық жасау туралы заң талабын орындаудан бас тартты.

Оппозициялық "УДАР" партиясының жетекшісі Виталий Кличконың айтуынша, билік "қоғамдағы шиеленісті бәсеңсітудің орнына өршітіп отыр". Оның пікірінше, рақымшылық туралы заң билік қамаудағы шерушілерді басып алынған үкімет ғимараттары босатылмайынша кепілде ұстауға жол ашады.

Украина парламенті 30 қаңтарға қараған түні ұзақ талқылаудан соң рақымшылық жасау заңын қабылдаған еді. Онда үкімет үйлері босатылған жағдайда және көлік қозғалысына жол ашылса ғана ауыр қылмыс жасағандардан басқа шерушілер босатылатыны айтылған. Бірақ заңды Киев көшелерінде наразылық танытып тұрған шерушілер де қолдамады.

Шерушілер Киевтегі маңызды бірнеше ғимаратты, оның ішінде қалалық мэрияны да бақылауына алған. Екі айдан бері наразылық танытып келе жатқан наразылар қазір қала орталығына баррикадалар орната бастады.
XS
SM
MD
LG