Accessibility links

Сочиде Pussy Riot мүшелеріне шабуыл жасалды


Казактардың Pussy Riot панк-тобына шабуылы. Сочи, 19 ақпан 2014 жыл.
Казактардың Pussy Riot панк-тобына шабуылы. Сочи, 19 ақпан 2014 жыл.
Сочиде Ресей президенті Владимир Путинге қарсы әнге клип түсіру кезінде Pussy Riot панк-тобының әншілері Надежда Толоконникова мен Мария Алехинаны казактар соққыға жықты.

Толоконникованың 19 ақпанда Twitter-де хабарлауынша, шабуыл олимпиада қалашағының маңында жасалған. Оның айтуына қарағанда, казактар әншілерді аяусыз ұрып-соғып, жас ағызатын газ шашқан. Алехина Twitter-дегі парақшасына шабуылдан денесінің көгеріп қалған тұстарының суретін жариялады. Толоконникованың күйеуі Петр Верзилов көзден жас ағызатын газдан уланып, ауруханаға түскенін айтады.

18 ақпанда Сочиде полиция Толоконникова мен Алехинаны өздері тұрып жатқан қонақүйде ұрлық жасады деп ұстап, кейін босатып жіберген еді.
XS
SM
MD
LG