Accessibility links

Ауғанстанда президент сайлауы өтіп жатыр


Сайлау учаскесіне дауыс беруге келген Кабул тұрғындары. 5 сәуір 2014 жыл.
Сайлау учаскесіне дауыс беруге келген Кабул тұрғындары. 5 сәуір 2014 жыл.
Сәуірдің 5-сі күні ауғандықтар президент сайлауында дауыс бере бастады. Бұл елде бұған дейін мұндай демократиялық тәсілмен билік ауысып көрмеген.

Ақпараттарға қарағанда, Кабул тұрғындары дауыс беру орталықтарына таңертең ерте келе бастаған. Ауғанстанда бүгін қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Елдің қазіргі президенті Хамид Карзай азаматтарды "қолайсыз ауа райына, жауын-шашынға, түрлі қоқан-лоқыларға қарамастан, сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге" шақырды. Карзай бұл сайлауға қатыса алмайды, конституцияда президенттік билік екі мерзіммен шектелген.

Президенттікке сегіз кандидат таласып жатыр. Билік таратқан мәліметке қарағанда сайлау күні елде 350 мың солдат қауіпсіздікті күзетеді.

Мұның алдында "Талибан" өкілдері сайлауды болдырмаймыз деп мәлімдеген еді. Бұл сайлау Ауғанстаннан халықаралық қарулы күштер кетер қарсаңда өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG