Accessibility links

АҚШ президенті Эстонияға келді


Обаманың Эстонияға сапары
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:14 0:00

ВИДЕО: Барак Обама Эстонияға келді. Таллинн, 3 қыркүйек 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама бүгін Эстония астанасына келді. Ол Таллиннде Эстония президенті Томас Хендрикпен, Литва президенті Даля Грибаускайтемен және Латвия президенті Андрис Берзиньшпен кездеседі.

АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Джош Эрнестің айтуынша, Обама Балтық бойы елдеріне Вашингтонның аймақ қауіпсіздігін сақтауға берген уәдесіне берік екендігін білдіру үшін барған. 4 қыркүйек күні Уэльсте басталатын НАТО-ның екі күндік саммитінде Ресейдің Украинадағы саясаты мен әрекеті талқыланбақ.

Бұрын СССР құрамында болған Эстония, Латвия және Литва мемлекеттері қазір Еуропа Одағы мен НАТО-ға мүше. Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистердің аймақты басып алып, «халық респбуликаларын» жариялауы Балтық бойы елдерінің Кремльдің болашақ жоспарына қатысты алаңдаушылығын тудырған.

XS
SM
MD
LG