Accessibility links

АҚШ Ресейге қарсы санкцияны бір жылға ұзартты


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге салынған санкциялар мерзімін бір жылға ұзартты. 2 наурызда Ақ үй таратқан құжатта Ресейдің Украинаға қатысты іс-әрекеті мен саясаты бұл елдің қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен егемендігіне және территориялық тұтастығына қатер төндіріп, Украинадағы демократиялық процестер мен институттарды ыдырататыны айтылған. Бұған қоса, қалыптасқан ахуалдың АҚШ ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына қауіп төндіретіні ескертілген.

АҚШ президенті осыған байланысты 2014 жылы енгізілген санкцияны бір жылға - 2017 жылдың 6 наурызына дейін ұзартты. Мұның сыртында, Обама Украинадағы жағдай мен Ресейдің Қырымды аннексиялап алуына байланысты тағы үш құжатқа қол қойды.

Киев пен Батыс елдері және АҚШ Ресейді Украинаның Қырым түбегін заңсыз аннексиялап алды және Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистерге қолдау көрсетеді деп айыптайды. Бірақ Мәскеу айыпты жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG