Accessibility links

Олимпиадаға іріктеу: Назым Қызайбай 1-айналымда жеңілді


Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай.
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай.

Бокстан Қытайдың Цяньян қаласында өтіп жатқан Рио-де-Жанейро (Бразилия) олимпиадасына Азия боксшыларын іріктеу жарысында қазақстандық Назым Қызайбай (қыз бала - ред.) 1-айналымда бес дүркін әлем чемпионы, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері үндістандық Мэри Комнан жеңіліп, жарысты аяқтады.

Алайда 2014 жылғы әлем чемпионы - Назым Қызайбайдың олимпиададан үміті осымен үзілмейді. Енді ол мамырда Астанада өтетін әлем чемпионатында жолдама алуға тырысады.

Ал Қытайдағы іріктеу жарысына қатысып жатқан қазақстандық басқа да боксшылар - Абылайхан Жүсіпов (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Дариға Шәкімова (75 кг) және Назым Ишанова (60 кг) алғашқы қарсыластарын жеңіп, 2-кезеңге шықты. Қытайдағы іріктеу жарысы 2 сәуір күні аяқталады. Әр салмақ дәрежесіндегі алғашқы үштікке енген боксшылар олимпиадаға жолдама алады.

Қазір Қазақстан құрамасы сапынан Біржан Жақып, Берік Әбдірахманов, Данияр Елеусінов және Василий Левитте олимпиада жолдамасы бар.

XS
SM
MD
LG