Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:51

ӘЛЕМ / Ресей

Ресейде әділ сайлауға шақырған акциялар өтті

Бүгін Ресейдің көптеген қалаларында "Әділ сайлау үшін!" деген ортақ ұранмен наразылық акциялары болып өтті. Путинді қолдайтын митингтер де өткізілді. Мәскеудің Болотный алаңындағы митинг нәтижесінде оппозиция қарар қабылдады.

Оппозиция белсенділері әділ сайлау талап еткен ұрандар көтеріп тұр. Владивосток, 4 ақпан 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
Мәскеудегі «Әділ сайлау үшін!» митингісінің нәтижесінде Ресей билігіне талап қойған қарар қабылданды.

Азаттық радиосы орыс редакциясының тілшісі қарарда парламент сайлауының қорытындысын жарамсыз деп тану, «Яблоко» партиясының негізін қалаушы Григорий Явлинскийді президенттік сайлауға кендидат ретінде тіркеу, саяси тұтқындарды босату сияқты талаптар бар деп хабарлады.

Ұйымдастырушылардың деректері бойынша акцияға 120 мыңдай адам қатысқан. Ал ІІМ наразылық акциясына жиналғандар 36 мыңдай болады дейді.


Жүктеу
​​
Сахаров даңғылындағы әділ сайлауларға шақырған акцияға 150-дей адам қатысқан.

Таңертеңгісін Мәскеу қаласының полициясы шерушілер саны 14 мыңнан асты деп хабарлаған еді.

Парламент сайлауының қорытындысымен келіспейтіндер жүріп өтетін Үлкен Якиманка көшесінде көліктер қозғалысы тоқтатылған.

Поклонная гора жотасындағы үкіметті қолдайтындардың митингісіне, ішкі істер министрлігінің деректеріне қарағанда, 120 мың адам  жиналған. Бұдан бұрын бюджеттік мекеме қызметкерлерін митингіге қатысуға мәжбүрлеп жатыр деген ақпараттар түскен болатын.

Пушкин алаңында ЛДПР партиясының мың адам қатысқан акция өтті.


Жүктеу
​​

АЙМАҚТАРДАҒЫ АКЦИЯЛАР

Азаттық радиосы орыс редакциясы тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша,
Иркутскіде оппозиция акциясына 300-500-дей адам қатысқан.

Олардың қолдарында «Біз таңдаусыз сайлауға қарсымыз!», «Медведев пен Путин отставкаға кетсін»! деген сияқты ұрандар жазылған плакаттар болған.

Новосибирскідегі наразылық акциясына 2 мыңдай адам жиналса, Владивостокта ұйымдастыраушылардың айтуынша, 250-дей кісі болған.


Жүктеу
​​
Шерушілер «Билік миллиардерлерге емес, миллиондарға берілсін!», «Қайтадан әділ сайлау өткізілсін!» деген ұрандар ұстап шықты.

Осыған ұқсас жүздеген адам қатысқан наразылық акциялары бүгін Ресейдің Барнаул, Абакан қалаларында, Якутск, Оңтүстік Сахалин, Хабаровск аймақтарында өтті.

Ал Благовещенскіде Владимир Путинді қолдап, 4 мыңдай адам шеруге шықса, Челябинскіде - 2 мыңдай адам, Кемеровода 1 мыңдай кісі билікті қолдаған акцияға қатысқан.
Красноярскідегі төрт митингтің біреуін Путинннің қолдаушылары өткізген.


БИЛІКТІҢ МИТИНГІСІНДЕ ДЕ МЫҢДАҒАН АДАМ


Жүктеу
​​

Ресей премьер министрі Владимир Путин Поклонный жотасындағы жақтастарының жиынына «әкімшілік ресурстардың» қолданылуы мүмкін екенін жоққа шығармағанымен, көпшіліктің митингке өз еріктерімен келгеніне күмәнданбайтынын айтқан.

ІІМ-ның  мәліметтеріне қарағанда, Путинді қолдаушылардың жиынына 134 мыңдай кісі келген, ал Мәскеу мэрі Сергей Собянин митингке жобаланған 15 мыңнынң орнына, 190 мың адам қатысты дейді.

Путин журналистер алдында митингке қатысушылардың мәлімделгеннен бірнеше есе көбейіп кеткені үшін акцияны ұйымдастырушылармен бірге  айыппұл төлеуге дайын екенін айтқан.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ЖӘЙ ҚАЗАҚ
04.02.2012 17:02
+0 / -0
Мынадай лозунгпен шықса бізде автомат, пулеметтар тоқтаусыз тарсылдайтын еді-ау?
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: өзен
04.02.2012 17:49
+0 / -0
дұрыс айтасын қосылам саған.Біздін алжыған шал НӘН "АТТЫН" деиді го қорыққаннан.Енді атады екен деп корка берсек не болады сонда.Қашан ел қатар омір сүреміз.Енді басымызды котермесек ҚҰЛ боламыз ағайын.ОЯНайықшы ҚАЗАҚтар

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
04.02.2012 17:07
+0 / -0
Ресей билігі Қазақстан билігі не істеп жатса, бірінің ауыздарына бірі түкіріп қойғандай соны аудыртпай қайталап жатыр...
Пікір алмасу

Кімнен: Ауылбай
04.02.2012 20:14
+0 / -0
Мыналарды"араздық тудырдың" біздің Сапарғали, Козлов,Атабаев,Мамай сияқты қамап тастамайтын шығар.

Кімнен: Жәй адам
04.02.2012 17:25
+0 / -0
Орыстың барлық жағдайын жасап отырған "Путинге-кет!" деп айта алатын орыстар қандай бақытты халық. "Назарбаев-кет!" деген бір сөзі үшін қазақ Ермек Нарымбаев түрмеде отыр. Назарбаевтың Путиннен қай жері артық екенін түсінбедім. Білетін адам бар ма екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Өскемен Қайдан: Өскемен
04.02.2012 21:49
+0 / -0
Назарбаевтың Путиннен артық тұсы ынжық, ауызбіршілігі жоқ "тормоз" халықты басқаруында
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ қой баяғы Қайдан: АЛМАТЫ
05.02.2012 09:20
+0 / -0
Өздеріңіз байқадыңыздар ма білмедім, осы азаттықтың орыс тіліндегі сайтында31,01-,02,02 дейін Шетпе станциясында оқ атылғандығын түсіндіретін сурет тұрды. Қазір суретті орыс тілді бөлімі алып тастапты. Онда халық темір жолда "Назарбаев жауапқа тартылсын" және "Жаңаөзеннен әскер шығарылсын" деген екі плакат ұстап тұр. Біздің билік 1-плакатқа шыдамай стеклода сынбаған Шетпеде автоматқа ерік берген.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
05.02.2012 09:45
+0 / -0
Құрметті оқырмандар,

Азаттық радиосының барлық материалдары - мақалалар, аудиохабарлар, фото- және видеорепортаждар сайтымыздың мұрағатында сақталатындығын еске саламыз. Азаттық сайтының төменгі тұсындағы "Сайт картасы" деген жазудың үстінен басып, ашылған парақшадағы өзіңізге қажетті бөлімнен іздегеніңізді таба аласыз.

Құрметпен Азаттығыңыз.

Кімнен: Alash_azamaty Қайдан: Almaty
04.02.2012 17:42
+0 / -0
Ресейде, азаматтық қоғам қалыптасқан екен. Халық өзін елдегі саяси процестерден тысқары қалмайтынын мәдениетті жолмен көрсетті. Президент уакытымен ауысатын елдерде халықтың санасы жоғары болады. Айтылған ұрандары да орынды: біз әділ сайлау үшін, әділетті билік, әділетті Ресей үшін, жемқорлыққа жол бермейміз, халық таңдауын щектеуге жол бермейміз дейді. Пах шіркін қандай жағымды естіледі десеңші! Біздің ел осыны қашан түсінеді екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Айна
04.02.2012 23:10
+0 / -0
Қазағы да, басқа ұлттары да қорыққандары сонша:"Нан ұрсын!"- деп, ант-су ішіп,"Нұр Отанға" басы -байлы құл болғандарын өздері байқамайды. Бәрі зомби... Жаным ауырады.

Кімнен: Жоран Қайдан: Жазык
04.02.2012 17:43
+0 / -0
кызыгасын осындай демократиясы оркендеген елге наразылыгынды айта аласын гой 1ш1нде сактамай керемет! Гажап!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.02.2012 23:14
+0 / -0
Біздің НАН Елциннің шаңына да жетпей қалды ғой... 2-Каддафи болғысы бар-ау, шамасы.
Пікір алмасу

Кімнен: Абдулхамит Қайдан: Мангыстау
05.02.2012 00:29
+0 / -0
Атын шыкпаса жер орте деген бар. олда кур соз емес. Кейбир данышпан, каhарман, алдараспандарга арналган сиякты.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.02.2012 18:46
+0 / -0
Тiптi билiк митингiге шыккандарга тонып калмас ушiн,жылы палаткалар,ыстык шай мен кофе уйымдастырыпты. Керек десен, тепловая пушкалармен жылыткан. Неткен билiктерi ержурек едi, опиктерден корыкпайтын. Соган караганда билiктiн коркатындай урлыктары жок.
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ Қайдан: шқо
04.02.2012 19:29
+0 / -0
Сендер сияқтыларға байланысты Абай Құнанбаев былай деген:
Біреудің көрсең егер бірдеңесін,
Кетеді керемет деп, бірден есің!
Адамның өнеріне арбаласың,
Алланың құдіретін білмегесін!

Пах, ғажап деп қояды, шіркіндер!!! Қазекем, недеген еліктегіш еді, шірікін! Қашан көрсең осы! Ешкімге тамсамбай-ақ өзіңше бір қайрат қылатын күн бар ма екен? Әлде жоқ ба екен? Халық қандай болса, билік сондай деп бекер айтпаса керек!!

Кімнен: Сақып Қайдан: Ақтау
04.02.2012 20:22
+0 / -0
Бұл митингілер Ресейдің демократияға нық бет бұрғанын көрсетеді. Енді тоқтамайды.
Москва Алматыдан 6 есе үлкен екенін ескерсек, Алматыда 10-20 мың болғанда біз сондай дәрежеге жетеміз екен. Ал ,оған мүмкіншілік бар. 25 ақпанда барайық ағайын. Неғұрлым көп болсақ,солғұрлым жеңіл болады, және шапшаңырақ болады.

Кімнен: қазақ Қайдан: шқо
04.02.2012 20:36
+0 / -0
Модератор! Менің комментым қайда? Мақтаулы батыстың сөз бостандығы қайда? Двойной стандарт деп атайды бұны!

Кімнен: Абдулхамит Қайдан: Мангыстау
04.02.2012 20:50
+0 / -0
Жалпы 2012 де ресейге ким патша болып келседе, ол озин корсету ушин биздин саясаткада ыкпалын тигизуи мумкин. Улкен озгеристер бар сиякты. Бугин жаналыктарда евразиялык полиция куру туралы ангимелер шыгып жатыр, бандитизм, корупцияны азайтуга коп мумкиншилик болады делинген.Сонда бизден кашкандардын бари орыска тыгылама? одан да дуние жузилик полиция ашкан дурыс шыгар!!! Ол тек азирге 3 облыска ресеймен шектес жерлерге, артынан Байконырдагыдай келенсиз жагдайлар болмайтына ким кепил оган. Уй ишинен Уй тикпеген жаксы емеспа агайын. Кейде ойлайсын осы коршимиз биздеги жагдайларды корип озинин пайдасына бир шама алдынала курып койган амалдарын иске асырып жаткан сиякты...
Пікір алмасу

Кімнен: Жармағанбет Қайдан: Ақтау
04.02.2012 22:13
+0 / -0
Назарбаевтың сандырақтарының бірі ғой. Дүниежүзілік валюта жасау керек деп бір соқты, Лужковпен бірге Сібір өзендерін Қазақстанға ағызу керек деп екі соқты, енді евроазиялық полиция жасау керек деген несі, интерпол бар емес пе. Кезінде Ленин жөнінде "кремлевски мечтатель" дейтін еді, бұны "ақорда қиялшысы" дейміз ба. Жас кезінде де ақылы мәзді емес еді, енді алжығасын не болсын. Оның үстіне арақ ішкесін, к.......н қысып отырмай ма,жасы 72 ге келді, 16 желтоқсан күні мас болып отырып, Жаңаөзенді жайпау жөнінде бұйырып жіберген дейді,есуас. Сосын ана Мусин сияқты үндеместерге не жорық.
Москвада дүрсілдеген шерулер өткен сайын, Назарбаев бұтын қысып отырған шығар, себебі Москвада не болса,сол Қазақстанға келеді. Бұл біз үшін жақсылықтың нышаны,ағайындар, бізге де осы шерулер келеді. Және шапшаң келеді,себебі билік Жаңаөзендегі сойқанымен соны өзі жақындатты. Енді халыққа сыйлы адамдарды тұтқындап ,одан сайын ызамызды келтіруде. Көп асқанға бір тосқан дейді, сол тосқан жақындап қалды,бауырлар.
Пікір алмасу

Кімнен: Асқар Қайдан: Алматы
04.02.2012 22:46
+0 / -0
Ұлттың рухани жетекшілері зиялылар болуы керек. Орыс зиялылары Путинге теріс айналды. ВВ-ның арам ойын түсінді :"шарик-марик" деп, билікке қайтара келіп, ұзақ отырып диктатор болу. Ал біздің зиялысымақтарымыздың сыйқы қандай. Олардың бағасы 2000 долларлық "садақа". Соның біреуі А. Әшімов президенттің шәкіртақысын жас та сұлу келіншегінің алдына салтанатты түрде тастай салып, мен әрқашан елбасының сенімді көмекшісі боламын!", депті ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
04.02.2012 23:48
+0 / -0
еуразиялық полиция құрылу деген сөз билік Назарбаевтан Мәскеуге ауысып барады деген сөз ғой. Оған Қазақстан полициясынан зорлық көрген қарапайым жұрт қуанбаса қайғыра қоймас. Мұнайымыз қытай, ағылшын, француз, итальян, неміс, орысқа, қара металымыз индустарға, түсті металымыз кәрістер пен яхудилерге, астықты жерлеріміз бен уранымыз тағы орыстар мен яхудилерге, енді шекарамыз ашылып, полицайларымыз Мәскеуге қараса, оншақты жылда қазаққа "жеріміз бай" деп құр мақтанудан басқа ештеңе қалмайды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.02.2012 22:30
+0 / -0
бірнеше мың малдар көшеде суықта тұрып тұрып қайтты. олардың малдан айырылмашылығы жоқ. құр тұрып қайтты

Кімнен: Абдулхамит Қайдан: Мангыстау
04.02.2012 23:10
+0 / -0
Ютубта. С.А. Багдасаров - "Как мы дружим с Казахстаном"? деген багдарлама бар карап корин. Комиссия мушелеринин тек биреуи гана биздин елдин жаксылыгын мойындап отыр. Сонда биз не ушин керек екенимизди айтады. Каспийдин мунайынан улкен улеси бар екен олардын...

Кімнен: казак Қайдан: Алматы
04.02.2012 23:34
+0 / -0
шқо-дағы қазақ бауырым, алаңдама ,бұл азаматтардың айтып тұрғаны еліктеу емес. Әділдік үшін алаңға шыққан адамдардың әрекетін бағалау ғана. Сіз айтып отырған Абай атамыздың Алланы сүй, алланың жаратқан адамзатын сүй және әділдікті сүй деген сөздері бар. Бұл адамды мақтап алланы ұмытқандық емес, жаңағы Абай айтқан әділдікті сүю, және өз мемлекетімізде орнаса екен деген арман деп бағалаңыз. Ал алланы ұмытқандар билікте отыр.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.02.2012 11:47
+0 / -0
Байғұс Қазақстандық полицейлер Москвадвғы митингіні көріп, қолдарындағы плакаттарды көре тұра атпай жатқанына түсінбей тұрған шығар? Жаңаөзендегі полицейлерге көрсету керек. Әлде Әбдурасулдер аң-таң шығар? Өздерін Шөкеев ағалары сияқты "оралманды аттық"деп алдастырып отыр ма екен?

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
05.02.2012 11:36
+0 / -0
Алаңға аяқты нық басып бару керек! Билік енді сол үшін оқ атпақ түгілі ешкімге айыппұл да төлете алмайды. Бірақ бұл иттер митінгі уақыты жақындағанда "Атады екен, соттайды екен" деген арампиғылды бір өсек сөздер жіберуі мүмкін халық арасына.
Пікір алмасу

Кімнен: 37 Қайдан: 37
05.02.2012 12:22
+0 / -0
Не десеңдер де..Путин Назарбаевтан он ес артық тұрған тұлға!
Кет десе кетеді! Кел десе көппен санасады! Аю да тамаша тұлға" Орыстар біледі кімді үкімет басына отырғызуды..
Пікір алмасу

Кімнен: 2012 Қайдан: 2012
05.02.2012 12:56
+0 / -0
Қайдағы он, мың есе артық
Пікір алмасу

Кімнен: Қанат Қайдан: Ақтөбе
05.02.2012 12:47
+0 / -0
ұрышайтан қараңды батыр,кет!!!кет!!!кет!!!
Пікір алмасу

Кімнен: ҮНДЕМЕС Қайдан: АЛМАТЫ
05.02.2012 13:40
+0 / -0
Орысың мықты, 4 жылдан 2 срок отырып еді, одан ары демократия емес дейді,біздікіне 23 жыл, әлі мәзбіз.Жаңаөзеннен басқамыз.

Кімнен: Жоран Қайдан: Жайық
05.02.2012 13:43
+0 / -0
Алматыдағы "қазақ" бауырыммен толық келісемін, біздің халықтың орыс халқынан айырмашылығы зор ғой, қанша ұрандасақ та: жалтақ, ез мінезіміз, ертедегі "сөзге тоқтау" деген лақаппен ұштасады..Африка елдерінің өзі президент мерзіміне наразылықтарын білдіріп (Сомали), Тунис дегеніне жетсе... бізде өзгеріс боларына сенбеймін..Ұрандап жүргендер орыс тілділер, Ал ҚАЗАҚ тілді ЕЛІМ,ЖЕРІМ деген Отансүйгіштер неге үндемейді? Наразылығы қайда?

Кімнен: Абдулхамит Қайдан: Мангыстау
05.02.2012 23:42
+0 / -0
Ютубтан:Честный понедельник - Евразийский Союз В.Путина осында Белоруссиянын элитасынын сойлегени бар оте акылды создер каран окинбейсиздердеп ойлаймын.

Кімнен: қонақ
06.02.2012 12:15
+0 / -0
бізде онсыз да репрессия болып жатыр ғой. Енді мындай орыстар сияқты қазақтар шықса, онда барлық қазақтарды қырмандай қырады НӘН.