Accessibility links

Алматыдағы алма фестивалі

Алматыда 21 қыркүйек – қала күні дәстүрлі «Apple Fest» алма фестивалі ұйымдастырылды. Қазақстан тұңғыш президенті саябағында өткен биылғы алма байқауына қала маңындағы ондаған шаруашылықтар «Назым», «Күләш», «Алатау апорты» сияқты түрлі алма сорттарын әкелді. Фестивальға келген жұрт алма жәрмеңкесімен қатар арт-көрмелер, концерттер мен билерді тамашалады. Суреттерді түсірген – Мақпал Мұқанқызы.

16x9 Image

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG