Accessibility links

Санкциялар тұсындағы азық

2014 жылы тамыз айында Ресей Батысқа "қарсы санкциялар" жариялап, АҚШ, Еуропа Одағы және бірқатар елдерден азық-түлік өнімдерін алуға эмбарго қойған. Бұл Ресейдің Батыс санкцияларына жауабы ретінде сипатталған еді. Ал Батыс елдері Ресейге қарсы шектеулерін Украина дағдарысына байланысты жариялаған. Содан бері Ресей дүкендерінде Италия және Дания ірімшіктерінің, фин йогурттары мен басқа да өнімдердің "жергілікті баламалары" пайда болды. Олардың орамалары тұтынушыларды адастыру үшін сөрелерден жоғалып кеткен Еуропа өнімдеріне ұқсас жасалған. Енді бір өндірушілер тауарларын совет кезеңінде танымал болған өнімдерді еске салатындай етіп қаптаған. Кейбір компаниялардың жұрттың патриоттық сезімін пайдалануға тырысатыны байқалады. Петербургтегі журналист Сергей Чернов осындай азық-түлік өнімдерінің шағын "коллекциясын" ұсынады.

XS
SM
MD
LG