Accessibility links

Белсенді түрмеден шықты


Белсенді түрмеден шықты
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:42 0:00

Беларусьтегі тіркелмеген "Молодой фронт" саяси қозғалысының жетекшісі Дмитрий Дашкевич түрмеден босатылды. Белсендінің туыстары мен әріптестері, журналистер оны елдің батысындағы Гродно қаласындағы қамау орнының алдында қарсы алды. Дашкевич 2011 жылғы наурызда 2 жылға сотталған еді. Оның "Молодой фронт" қозғалысына мүше тағы бір әріптесі Эдуард Лобов 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Оларға "2010 жылы өткен президент сайлауының қарсаңында Минскіде екі адамға шабуыл жасады" деген айып тағылған. Сотталған белсенділер айыпты мойындамайды. Қылмыстық іс оппозициялық қызметтеріне қатысты қозғалды деп сенеді. Беларусь, 28 тамыз 2013 жыл.

XS
SM
MD
LG