Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 18:25


Хабарлар кестесі

Жергілікті уақыт белдеуі

Келесі бағдарлама
19:00 - 19:04

Жаңалықтар

Әлем және Қазақстан тынысы

09 сәуір 2012

07:00 - 07:30

Апта тынысы

Апта тынысы – Апта бойына орын алған маңызды оқиға, жаңалықтарға құрылған апталық шолу хабары.

07:30 - 07:59

Перекресток

Орталық Азиядағы саяси және әлеуметтік ахуалды баяндайтын, сараптама жасап, орыс тілінде шығатын "Перекресток" бағдарламасы

19:00 - 19:04


19:04 - 19:30

Күнделікті бағдарлама

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында өтіп жатқан Жаңаөзен ісі бойынша сот дүйсенбі күні қайта жалғасты, сотта бұл күні де сұралған  жекелеген кәсіпкерлер айыпталушыларға тағатын айыбы жоқ екенін алға тартып, олардың жазасын аз да болса жеңілдтеуге ниет етіп жатқандарын айтты.

Кембридждегі Черчилль колледжі Астанадағы Nazarbayev University оқу орнымен бірлесе тағайындамақ болған стипендияның атауына қатысты бұл стипендиядан бас тартқан.

Көшпелілердің тыныс-тіршілігі мен салт-дәстүрін дәріптеген көрме Нью-Йорк қаласында өтіп  жатыр.

Ресейдің Ярославль қаласында өткен қала басшысы сайлауының екінші кезеңінде оппозиция қолдауындағы кандидаттың жеңіске жетуін сарапшылардың кейбірі мұны Ресейдегі демократиялық өзгерістердің басы болар деп үміттенеді,

19:30 - 19:45

Уақыт бедері

Қазақстан билігі әлеуметтік салаға бөлінетін шығындардың өсімін бұдан былай әлемдік экономиканың ыңғайына қарай реттейміз деп уәде беріп отыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 2011-жылдың желтоқсанында өткен съезінде «Біз зейнетақыны да, табысты да инфляция деңгейіне қарай индекстейміз. Ал оларды бұрынғыдай 20-30 пайыздық өсіруді әлемдік экономиканың бет алысын мұқият бағамдай отырып жүргізетін боламыз» деген болатын.

Әзірше кедейлік шегін белгілеудің қазақстандық көрсеткіші әлемнің ең кедей деген елдерімен деңгейлес қалып отыр дейді мамандар.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өткен жылдың 27 желтоқсанында шыққан бұйрығында «Қазақстан  бойынша кедейлік шегі 2012-ші жылдың 1-ші тоқсанында Статистика жөніндегі агенттік өткен тоқсанға есептеген күн көріс деңгейінің ең төменгі шегінің 40 пайыздық мөлшерінде белгіленсін» деп жазылған.

Экономист Ілияс Исаев қазіргі елдегі ең төменгі күн көріс көлемі жеткіліксіз дейді:
Экономист Ізбасар Бозаев әр ел үшін ең төменгі күн көріс көлемін дұрыс есептеу маңызды дейді. 
Қазақстанда қолданылып жүрген «Ең төменгі күн көріс деңгейі» деген заңға сәйкес «Ең төменгі күнкөрiс деңгейi дегеніміз - мөлшері жағынан ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, жан басына шаққандағы күнкөріс үшін қажетті ақшаның ең төменгі шегі».

Адамның тіршілік жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ең төменгі жиынтығы - ең төменгі тұтыну қоржыны болып есептеледі.

19:45 - 20:00

Руханият

Жақын арада өткен Балаларға арналған кітаптардың халықаралық күніне орай Қазақстанда «Балауса» балалар әдеби шығармаларының байқауы басталды. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілде қазіргі заманғы балалар әдебиетінің дамуына жәрдемдесу, балаларға арналған шығармалар авторларына қолдау көрсету және балалардың бойында отансүйгіштік, білімқұмарлық, оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға қатысатын шығармалар 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданатын болады. Қорытынды 2013 жылдың 2 сәуірінде жарияланады.
Ақын Ғалым Жайлыбай балалар әдебиетінде проблемалар аз емес дейді. Ақын байқаулар арқылы балалар әдебиетіне көңіл аударуға болады деп санайды. Сұлтан Қалиев бар проблема қаржыға келіп тіреледі дейді. Оның сөзінше,  балалар әдебиетін жазатын авторлар кәртайып бара жатыр. 

Мамандар да елдегі балалар әдебиетінің жағдайы нашар екенін, авторлардың қартайып бара жатқанын айтады.

Балалар әдебиетінің жазушысы Сұлтан Қалиевтың айтуынша, Қазақстанда 2011 жылы шыққан әдебиеттердің 2 пайызы ғана балаларға арналған. Қалғандарының барлығы да ересек адамдарға арналған шығармалар. Жазушы бұрынғы Совет Одағының кезінде таралымды реттейтін жауапты мекемелер болған дейді. 

Маманның сөзінше, қазіргі кезде тіпті мерзімді басылымдардың өзі де таралымның әсерінен қиындық көріп отыр. ол қазіргі уақытта баспадан шығатын кітаптың саны азайып отыр дейді.
09 сәуір 2012

Күнтізбе

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?