АҚШ-ң мем. хатшысы Колин Пауелл бүгін өзінің Мәскеудегі сапарын аяқтайды. Ол Ресеудің сыртқы істер мин-трі Игор Ивановпен көптеген келіссөздер өткізуі керек. Кеше ол Ивановпен де, Ресей президенті Вл. Путинмен де кездесулер өткізген болатын. В. Путин Американың Ирақта жүргізген соғысына байланысты пікір-көзқарас айырмашылықтарына қарамастан, Ресей мен АҚШ тығыз қарым-қатынастарды сақтап қалды деп айтқан. Келіссөздер де сондай ақ осы айдың аяғына қарай АҚШ президенті Ж.Буштың Ресейге сапарының әзірлік шараларын да қарастырылды.
К. Пауеллдің В. Путинмен жане И. Ивановпен келіссөздері Ирақ маслелесін де қамтыды. АҚШ мемелекттік хатшысының айтуынша Ресей мен Америка Ираққа салынған БҰҰ-ң санкцияларын алуда бір ортақ мәмлеге келе алмаған. АҚШ с шектеулерді алып, соғыстан кейінгі Ирақтың тезіерк еңсе көтеруіне көмектесу қажет десе, Ресей санкцияларды алмас бұрын БҰҰ-ң қару тексерушілері Ираққа қайтып оралып, онда жаппай қырып-жою қаруының шын мәнінде жоқ екендігіне көз жетізуі тиіс дейді.
Бүгін түстен кейін Колин Пауелл Болгарияда аз-кем аялдайтын болады. Ол Болгария астанасы -Софияда Болгарияның премер-министрі Симеон Сакс Кобург Готс жане Болгар президенті Георги Парвановпен кездесіп, одан арі сапарын Германияда жалғастырады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?