Accessibility links

Үндістан АҚШтың Ираққа өз әскерлерін жіберу туралы ұсынысын қарастырып жатыр.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

АҚШтың Делиден соғыстан кейінгі Ирақтағы қауіпсіздік сақтау шарасы айясында,әскер жіберу туралы ұсынысын үнді ресми өкілдері қарастырып жатыр.Үнді бас министірінің өкілі Лал Кришна Адванидың айтуынша келесі апта да, Пентагоның өкілдері Делиге келіп ұсыныстың жауапсыз қалған бөлігін талқылайды.

Үнді бас министірі Лал Кришна Адванидың айтуынша ол осы аптада Уашиңтонда жоғары дәрежелі өкілдермен келіссөздер өткізгенде негізінен АҚШтың Ирақтағы қауіпсіздік сақтау күштерінің құрамына үнді қосындарын атандыру мәселесі сөз болған,-деп бастайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Рон Сыновиц өз хабарын.

Өзінің Уашиңтонға сапарына Адвани былайша тоқталды. " Жексембі күні менің үкімет ұлықтарымен кездесуім Қорғаныс министірі Дональд Рамсфелдпен келіссөздер өткізуден басталды,бұл бірінші күнгі басты мәселе болды.Бұл мәселе барлық басшымен талқыланды."

Бір назар аударарлық жәйт, дүйсембі күні Адваниды жоспардан тыс АҚШ ел басы Джордж Буш қабылдап 30-минутай сөйлесті.Ұлтық қауіпсіздік бойынша кеңесші Кондолиза Райспен, Бушпенде,әңгіме арқауы үнді қосындарын Ираққа атандыру тұрғысында өрбіді.Буш бұл істі іске асыру үшін Делиге дүйсембі күні Пентагоның арнаулы өкілдері атанатындығы туралы мәлімдегені жайлы Адвани хабарлайды.

Үнді бас министірінің арнаулы өкілінің айтуынша,Уашиңтон Делиге Ираққа өз әскерлерін жіберу мәселесі бойынша қысым жасап отыр деген,бекер сөз деді. " АҚШ үкіметі Үндістан өз қосындарын Ираққа жіберуін қатты қалап отыр деп айталам,-және Үндістан өз әскерін жібереді.Бұның себебі түсінікті.Бірақ мен ешқандай да, бір қысымды көргенім жоқ."

Адвани осы аптада вице президент Дик Чейни,Әділет министірі және Бас прокурор Джон Ашкрофт және Ішкі қауіпсіздік хатшысы Том Ридж сында АҚШ әкімшілігінің жоғарғы дәрежелі өкілдерімен жолықты.

Үндінің оппозицияалық Конгресс партияасы Делидің өз лашқарларын Ираққа жөнелту ісін әр жақты сынап отыр.Үнді бас министірі Атал Бехари Уажпайдың Бхаратия Жаната партияасын идеологияалық тұрғыдан тудырған Үндінің беделді оңшыл қанатының тобыда Ираққа әскер жіберуге бірнеше себептермен қарсы.Бұл оппозициалық көзқарастағылар үнді шеріктері АҚШ басқарушылығында болама, әлде БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сай орналастырылама соны ашып алғысы келеді.

Олар сондайақ үнділік қосындар белгілі бір заңмен қарастырылған шартарды орындай ма әлде Ирақтағы туындауы мүмкін саясый көтерілістерді басып жаншуларға қатыстырылама.

Делидің өз жауынгерлерін Ираққа атандыру мүмкіндігі басым, Адванидың айтуынша қазір қарсы болушылар іс барысынан жеткілікті мөлшерде хабарсыз болуынан.

Сәрсембі күні Уашиңтоның телебекетінде Үнді ұлтық телеарнасы үшін арнайы түсірілген мәлімдемесінде Адвани Уажпай үкіметі бұл іске бірінші кезекте ұлтық мүде тұрғысынан қарайтындығына тоқталды.

Адваниден алынған хабарларға сай үнділік қосындар Ираққа жіберілмес алдын, Дели Уашиңтоннан Пәкістанға Үндістан Кәшміріндегі Ислам жауынгерлерін тыйуы туралы ықпал жасауын алдыға тартқаны туралы белгілі болды.

АҚШ ел басы Буш маусымның 24-күні Уашиңтонда Пәкістан ел басы Пәруәз Мүшәраппен кездесуі керек.

Құрама Штатар Ирақтағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында қазіргі таңда 41-елмен келіссөздер өткізіп жатыр.

АҚШ Қорғаныс министірі Рамсфелд осы аптада Европада іс сапар мен жүр,сейсембі күні Португалияада болғанда ол өзінің үш ай ішінде әртүрлі елдер өз әскерлерін Ираққа аттандыратындығына өз сенімін білдірді. " Біз Ирақта үлкен қолдың жыйналатындығына үмітенеміз.Бірінші кезекте,менің ойымша алғашқылары қырықүйекте келсе,қалғандары біраз уақыттан соң қосылар."

Рамсфелд Ирақтағы тәртіп егер американдық қосындарға өзге еледрдің көп сан әскері келіп қосылса орнайды деген түсінікті теріске шығармақ.Оның айтуынша Ирақтың мыңдаған тұрғындары АҚШтық әскерлермен бірлесе Ирақтағы қауіпсіздікті сақтауға ат салысып жүр.Ирақтағы американ әскеріне шабуыл жасаушылар биліктен қуылған Саддам Құсейінмен байланыстылар. " Ирақ режимінің қалдықтары Саддам Федайындары және БААСтықтар және Республикандық Ұландардың өкілдері сол жерде қалып отыр,осы аталғандар одақтастар күштеріне ауық ауық шабыл жасап, кейде ойлағанына жетеді. Бұл келесі айда, не екі үш айдан соң тыйылама ? Жоқ. Бұл екі не үш одақтастар күштері елге кіргізілгенді тоқтай ма? Жоқ. Бұл Саддам Құсейін режимінің қалдықтарын түгелдей қопарғанша уақытты талап етеді,біз сонымен айланыспақпыз."

Келесі дүйсембіде Ресей Сыртқы істер министірі Игорь Ивановтың Делиге сапары кезінде үнділік қосындарды Ирақта орналастыру мәселесі сөз етіледі.Сейсембі күні жасаған мәлімдемесінде Иванов Ирақтағы жағдаймен қоса ғаламдық стратегияалық тұрақтылық мәселерімен,халықаралық қауіпсіздік және халықаралық террроршылдыққа қарсы күрес мәселесінде қозғамақ,-деп айақтайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Рон Сыновиц өз хабарын.
XS
SM
MD
LG