Accessibility links

Қазақстанның қорғаныс министрлігі елдегі әскери жоғары оқу орындарының қатарын нығайтуды жоспарлап отыр.


Атап айтқанда, Шортандыда орналасқан Қазақстан Қарулы күштері әскери академиясының негізінде Ұлттық қорғаныс университеті құрылатын болады.

Бұл туралы радиомызға берген сұқбатында республика Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің бастығы полковник Сапарғали Жағыпаров хабарлады.

- Шортандыдағы Әскери Академияның негізінде жаңадан құрылатын Ұлттық қорғаныс университеті тікелей елдің қорғаныс министрлігіне бағынатын елдегі ең жоғары әскери оқу орны болады. Қазіргі таңда Қазақстанмен арадағы екіжақты келісімге сәйкес Түркияның, АҚШ-тың, Германияның және Ресейдің әскери оқу орындарында Қазақстанның жастары оқып жатыр, - деді полковник Сапарғали Жағыпаров.

Сол секілді, Алматы жоғары әскери училище негізінде құрылмақшы Жаяу әскер институты елдің жалпы мақсаттағы әскери күштер басшылығына, Ақтөбедегі жоғары әуе училищесінің негізінде құрылатын Әуе қорғанысы күштерінің институтын республиканың әскери әуе қорғанысы күштерінің, ал әскери-теңіз күштер институтын – Қазақстан Республикасының әскери-теңіз флотының қарамағына беру жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG