Accessibility links

Ирақтағы шабуылдар АҚШ қосындарына қауіп төндіре ме?


Ирақтағы АҚШ қосындарына қарсы шабуылдар артып отыр. Бағдат маңындағы негізінен сунитер қоныстанған аудандарда тек тірес еселеп өсе түсуде. Бірақ шабуылдар американдық әскерлерге қаншалықты қауіп төндіріп отыр ?

Ирақтағы АҚШ қосындарына әрбір апта, тіпті әр күн жайсыз жаңалықтар әкелуде,-деп бастайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Валинтинас Мите өз хабарын.

Бір, не екі қосын шабуыл кезінде, не мерген оғынан болмаса анарша жарылысынан, не минаға тап болуда.Шабуылдаушылар кейде қашып кетеді.Келіп түсіп жатқан хабарларға сай қосындар арасындағы көңіл күй тым ауыр.

Өткен жексембі де, өзгеше болған жоқ,Бағдатан оңтүстікте әскери керуенге шабуыл кезінде анарша жарылысынан бір сарбаз мерт болып, енді бірі жараланды.1-мамыр күні АҚШ ел басы Буш басты соғыс айақталды деп жарияалаған күнен бастап Ирақта 50-ге тарта американдық қосын опат болды.Олардың көпшілігі әртүрлі оқыс жағдайлар мен қоса нақты бағыталған шабуылдардан да кетті, күн өткен сайын бұндай шабуылдар арта түспек.

АҚШтың Ирақты басып алуына наразылықтар өсіп отыр.Ирақтықтар өздерінің барлық қыйыншылықтарында американдықтарды айыптауда, мейлі ол электір қуатының, жанар жағармай жетімсіздігі, заңсыздықтар,тіпті көшедегі көлік бөгелістеріне шейін солардан көруде.

Олардың айтуынша АҚШ өз сөзінде тұрмай, Ирақ әкімшілігіне билікті бермей отыр.Өткен аптада ирақтық әскерлер уақытша американдық әкімшіліктің Ирақ армияасын таратып жіберуіне өз наразылықтарын білдірді.Сарбаздар өздерінің ақшасыз әрі жұмыссыз қалғанына наразылық танытып, кейбіреулері партизан соғысын бастайтындықтарын айтып ескертті.

НАТОның бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасымен байланыстағы Женевада орналасқан Саяасый Қауіпсіздік орталығының ақылманы, американдық қауіпсіздік сақтау бойынша маман Жулиан Линлейдің Азаттыққа айтуынша, бұндай шабылдардың пайда болуына басты себеп, олардың елдің ішіне кіруі және Тайау Шығыста АҚШты жек көрушілік болуынан.

"Әлемнің бұл бөлігінде АҚШты қоғамның басым бөлігі имериалистік басқыншы деп қабылдайды, бұл әділ ме, әлде әділетсіз көз қараспа, бірақ ол солай қалыптасқан. Британдықтарда сондай жағдайда,біз бұл аймақта жақсылық орнатпақ, болсақта бұл жерде бізге деген өшпендік болмай қоймайды."

Лондонда орналасқан Экономикалық Барлау Орталығының Тайау Шығыс және Африканы зертеу бөлімінің ақылманы, Нейл Патриктің айтуынша АҚШ қосындарына шабуылдаушылардың барлығы дерлік Саддамның жақтастары емес.

"Әлбете бұрынғы әскерилер мен қауіпсіздік сақтау қызметінің қалған бөліктері мен қоса кейбір елдің шетелдік әскердің басып алуына қарсы қоғам мүшелері міндетті түрде бұрынғы үкіметті қалпына келтіруді қаламауы мүмкін,бірақ олар сыртан келгендерді жөнді қабылдамайды."

Ирақтықтар АҚШқа қарсы өшіге түсуде, өйткені осыдан үш ай бұрын азат ету деп қабылданған әрекет күн өткен сайын басқыншылық деп қабылдануда.Патриктің айтуынша АҚШ қосындары шабуылдарға байланысты нақты шешімдер шығаруда.Негізінен Бағдаттан солтүстікте сунитер қоныстанған өлкелерде шабуылдар күшті,сондықтан бұл өңірге қосымша 4-мыңдық қол орналастырылды.

"Бұл шабуылдар мен қайғылы жағдайлар бір шама сирек болса да,ол АҚШтағы қоғамдық саясый пікірге түсіндіруге келгенімен де, бірақ АҚШ өз қосындарының шабуылдарға ұшырауын қаламай, алдын алулар мен қарсылық танытуларға көшкен". Патриктің айтуынша АҚШ уақытша әкімшілігінің басшысы Пол Бремердің Ирақ әскерін таратып жіберу туралы шешімі, тек жағдайды одан бетер ушықтыра түседі.

"Бәлки Бремер елші өзінің бұл шешіміне өкінуі мүмкін, бірақ ол тайау арада қауіпсіздік сақтау бойынша уақытша күштер құрар." Бремердің шешімі көптеген сарбаздарды жұмыстан айрып, осы арқылы олардың өшпенділігін тудырды. Көшілік ирақтықтар үшін армия ұлтық мақтаныштың белгісі.Патриктің айтуынша екі апта ішінде егер жаңа Ирақ әскері құрылар болса, ол дағдарысты шешкен болар еді.

Талдаушылардың айтуынша американдық қосындар жат ортаға бейім емес.Тек осыдан бірнеше апта бұрынғана АҚШ қосындары әскери тексеру орындарында мұсылман әйелдерін тінтуден өткізген, бұл мұсылмандардың намысына тиіп, дін басылары өздерінің ашу ызасын жұма намаз кезінде жамағатқа бұл басынушылық деді.

Линлей бұған қарсы елдің оңтүстігіндегі Басра қаласындағы британдықтардың тарихи отарлау тәжірбиесінің молдығының нәтижесінде олар өз адамдарын жоғалтып жатқан жоқ деп мысал келтіреді.Ал Патрик бұнымен келіспейді.

"Британдықтар өзге аймақтарда емес, олар Басра мен шейі аймақтарындаған жайғасқан.Олар Бағдатта жоқ, және олар Бағдатан солтүстік пен батыста жатқан аудандарда емес, ал бұл өлке негізінен қарулы қарсылықтың ошағы болып отыр.Патрик Басрада британдықтарға қарсы шерулердің болғанына назар аударып,бірақ шейілер Саддам кезінде ең көп зардап шекендіктен одақтастарға қарсы қолдарына қару алып шықпай отыр дейді,-деп айақтайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Валинтинас Мите өз хабарын.
XS
SM
MD
LG