Accessibility links

Ауыл шаруашылығын қолдау жобасының екiншi кезегi басталады

  • Төлеутай ТҰРАРҰЛЫ

“Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлiгiнде “Ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдау” жобасының нәтижелерi мамандар талқысына салынды” -деп хабарлайды, аталған министрлiктiң баспасөз қызметi.

Талқылауға Қаржы министрлiгiнiң, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министлiгiнiң , Халықаралық қайта құру және өрлеу банкiнiң, сондай-ақ, екiншi деңгейдегi банктер мен консалтингiлiк компаниялардың өкiлдерi қатысқан.

Жоба ауыл шаруашылығын несиелендiру жүйесiн жақсарту және оның құқықтық негiздерiн жетiлдiру, аграрлық салада консалтингтiк қызмет жүйесiн қалыптастыру арқылы шаруа қожалықтары иелерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру, оқыту iсiн жолға қою және басқа да мақсаттарды көздейдi. Жобаның администраторы--Ауыл шаруашылығы министрлiгi, несиелендiрушiсi-- Бүкiлдүниежүзiлiк банк, ал қаржы операторлары болып Қаржы министрлiгi мен Қазақстанның 7 коммерциялық банкi бекiтiлген. Ауыл шаруашылығы министрлiгi баспасөз қызметiнiң өкiлi Тiлеукен Тiлеубердiұлының айтуынша, 15 миллион 500 мың доллар салынған бұл жоба ауыл шаруашылығымен айналысатын 9 облысты қамтиды.

Жақын арада “ Ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi кезеңде қолдаудың” екiншi жобасын даярлау және оны жүзеге асыру мақсатында Жапония Үкiметi бөлетiн грантты бекiту мәселесi қаралмақ.
XS
SM
MD
LG