Accessibility links

АҚШ пен Босния арасында жаңа келісімге қол қойылды.


АҚШ азаматтарын шетелде қылмыс жасаған жағдайда Халықаралық қылмыс сотына емес, АҚШ-тың өз қолына тапсыруға бағытталған жеке келісімге жұма күні Босния қол қойды. Жаңадан құрылған Халықаралық қылмыс сотына 78 мемлекет қосылып отыр, бұл сот соғыс қылмыстарын жасаған, адамзатқа қарсы қылмыс жасаған азаматтарды тергемек. Алайда, Америка Құрама Штаттары саяси қудалану қаупін алға тартып, қажет жағдайда өз азаматтарын өзі соттамақшы. Европа Одағы бұған қарсы. АҚШ үкіметі жеке мемлекеттермен жеке келісім жасасу тәсіліне жүгінді, келісімнен бас тартқан мемлекеттер АҚШ-тың әскери қолдауынсыз қалады деп шарт қойды. Бүгінгі таңда АҚШ қырықшақты мемлекетпен американдық азаматтарға иммунитет құқын беру жөнінде келісті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG