Accessibility links

Жапония сыртқы істер министрінің Ресейге сапары.


Ресейге екі күндік сапармен Жапония сыртқы істер министрі Иорика Кавагути келді.Владивостокта өтетін келіссөздердің басты мақсаты- экономикалық және сауда ынтымақтастығы мен энергетикалық саладағы байланыстар мәселелері болмақ. Жапония сыртқы істер министрімен кездесуден кейін, Ресей президентінің өкілетті өкілі Константин Пуликовский Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы жөніндегі көпжақты келіссөздерге Ресей қатысуға дайын деп мәлімдеді.Оның пікірінше, мұндай көлемдегі келіссөздер оң шешім әкеле алады.Пуликовский мен Кавагути барлық елдердің күшін біріктіре отырып Солтүстік Кореяның ядролық проблемасын шешу жолдарын сөз етті.Жапония сыртқы істер министрі бұл барлық елдер үшін өте маңызды мәселе және Солтүтік Кореядағы осы жағдайға Жапония да алаңдаулы деген.Ресей президентінің өкілетті өкілі Константин Пуликовскийдің сөзіне қарағанда, Жапония жағы Корея түбегіндегі жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздер көлемін кеңейтуді ұсынып,оған Ресей мен басқа да мүдделілік танытқан елдер қатысса деген ойын білдірген.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG