Accessibility links

Англия азаматтарының жеке басын куәландыратын төлқұжат жөніндегі Ұлттық бағдарламасы.


Британияның әрбір азаматы үшін міндетті жеке бас куәлігі болуы қажет деген ұсыныспен таныстырған Британияның ішкі істер министрі Дэвид Бланкет мұндай ID карт террорзим мен түрлі қылмысқа қарсы тұруда, сондай-ақ заңсыз иммиграцияға тосқауыл қойып, күресуге үлкeн көмек болады деп атап көрсеткен.

Полиция бұндай тәсілді құптап, мақұлдап отырғанымен, Британия парламенті екіұдай пікірде.

Көптеген пост-коммунистік елдердің азаматтары Британияда адамдардың міндетті жеке бас куәлігі болуы қажет деген төңіректе болып жатқан мұндай пікір қайшылықтарын түймедейді түйедей қылу деп түсінеді. Олар бұл тұрғыда пікірталас жасаудың өзі күлкілі жай деп ұғар еді. Өйткені, Чех республикасында "обчански пруказы" болмаған азаматтар, Польшада "довод особисти", ал бұрынғы Совет одағының елдерінде азаматтардың қалтасында "паспорты" болмаса, заңдық жауапқа тартылатын болған. Енді уақыт та, қоғам да өзгеріске ұшырағанымен де, шығыс Европа мен бұрынғы Совет одағында болған елдердің ауқымды бөлігінде міндетті ұлттық паспорт иелену тәртібі өзгерген жоқ.

Британияда жеке бас куәліктері екінші Дүниежүзілік соғыс барысында қолданылған, кейінірек 1952 жылы ол жойылған болатын.

Десекте, халықаралық терроризм мен заңсыз иммиграцияның белең алуы, қылмыс түрлерінің артуы Британияның бұл тұрғыдағы көзқарасын өзгертуге мәжбүр етті. Өткен жылы Британияның ішкі істер министрі Дэвид Бланкет азаматтардың жеке басын айғақтайтын осындай төлқұжат үлгісін енгізу туралы ұсынысын парламентте жариялаған болатын:

- Ешкім де өзінің жеке басын куәландыратын құжат ұстаудан қорықпауы керек. Мұның ешқандай да қорқыныштылығы жоқ, егер адамның жеке басы талап етілгендей дұрыс куаландырылып тұрса, оны мойындауда тұрған түк жоқ. Қорқатын нәрсе, егер адамның жеке басы жалған құжатпен айғақталса, болмаса қылмыстық жолмен, өтірік төлқұжат алынса бұлардан қорқу керек болады, - деп атап көрсеткен Дэвид Бланкет.

Британияның ішкі істер министрі ұлттық паспорт тәртібін енгізуге шақыруларын биылғы жылдың мамыр айында тағы да қайталады, бұл жолы ол заңсыз иммиграция мәселесіне байланысты жаңғыртты. Мұндай идеямен Англиядағы оппозициялық партиялар қайраткерлерінің басым көпшілігі келіседі. Консервативті партияның өкілі Оливер Литвин егер бұл жеке бас куәліктері қатаң талаптарға бағынып, айқын, дәл жасалатын болса, оны толықтай қолдайтындығын айтады. Бұл ретте Либерал демократтар біршама сақтық танытқан.

İшкі істер министрлігі жалған паспорт арқылы заңсыз иммиграцияның етек алуы мен контрабандалық есірткі саудасы сияқты қылмыс түрлері мемлекетке жылына 2 миллиард долларға түседі деп мәлімдейді. Егер бұл жоспар мақұлдана қалғандай болса, Англия ұлттық қауіпсіздікті нығайту мақсатында мұндай қадамдарға барып отырған жалғыз ғана мемлекет болып қалмайды. Мысалға, Ресей заңсыз иммиграцияны ауыздықтау үшін шетелдіктерге арнап, осындай төлқұжат жүйесін енгізсе, Голландия үкіметі халықаралық террордан сақтану жолында Жалпыевропалық ID карт жүйесін қолдануды ұсынды. Бұл ұсыныстарға Британияның полиция саласы қолдау танытуда. Полиция жетекшілері қауымдастығының өкілі Саймон Хэмфри былай дейді:

- Басшылар қауымдастығы жеке басты куәландыратын құжатқа қатысты үкіметтің ұсынысына кең қолдау білдіреді, менің ойымша оның бүкіл тұжырымдарына назар аударылуы керек және ол әлдеқандай бір қауіп түрінде қабылданбауы қажет, өйткені мұндай құжаттарды пайдалантындар өте көп. Тағы бір тиімдісі - бұл түрлі қылмыс жолдарын қысқартады. Және оны пайдаланатын жеке адамдарға да көп пайдасы болады, - дейді Саймон Хэмфри.

Сондай-ақ ол, жасыратын жане жасырынатындай ешбір құпиясы жоқ азаматтарға бұдан шошып алаңдаудың ешбір қажеттілігі жоқ деп те ескертеді. Британдық сарапшылардың көпшілігі мұндай төлқұжаттар өте мықты қорғалған болуы керек, оны ешкім де қолдан жасап ала алмайтындай және оның иесі турасында оған кіргізілген дерек-ақпараттардың барлығы дерлік тек шынайы болуы қамтамасыз етілуі қажет деген пікірлер айтады.

Дегенмен де, жеке бас куәлігі жүйесін енгізуге қарсылық білдірушілер де баршылық. Олардың қатарында азаматтық бостандықтар жөніндегі Хартия 88, Халықаралық құпиялық және Азаттық тарізді ұйымдар бар. Олар İшкі істер министрлігіне электронды поштамен аталған ұсынысқа наразылық білдірген 6 мыңдай хат жіберген. Азаттық компаниясының директоры Марк Литтлвудтың пікірі:

- Біз Ла-манш бұғазынан бастап, батыс Европаның бірқатар елдеріндегі Ұлыбританияға ұқсамайтын түрлі төлқұжаттық жүйесі бар басқа елдерге жай ғана қарап отыратындай бақытты жағдайдамыз. Олардың қай-қайсысында да, мұндай жүйенің қылмыскерлікті қысқартуға, әлеуметтік көзбояушылыққа жол бермеуге, заңсыз иммиграциямен күресуге көмектесетіндей аз ғана артықшылығы бар. İшкі істер министрлігінің жеке куәлік үшін ұсынып отырған барлық талаптары мен бұл идеяны жақтайтындардың көлденең тартып отырған сылтаулары соншалықты сенімді емес-, деген көзқарас жағындағы Марк Литтлвуд мұның есесіне ID карт жүйесі арқылы адамдардың жеке өміріне қол сұғушылыққа, халықтық азаматтық еркіндіктерді бұзуға жол беріледі деп есептейді.

Енді бұл аталған жоспар төңірегіндегі Англиядағы талқылаулар İшкі істер министрлігінде азаматтық еркіндік топтары айтып отырған осындай сын-ескертпелерді ескере отырып, әлі де жалғасатын болады.
XS
SM
MD
LG