Accessibility links

АҚШ президенті Жорж Буш оңтүстік Африкаға келді, бұл оның осы сапардағы екінші аялдаған жері.


Бейсенбіге дейін жалғасатын сапар барысында терроризм мен сауда және СПИД тәрізді індет мәселелері күн тақырыбында болады. Президент Буш СПИД-пен күресте өз әкімшілігі ұсынып отырған 15 миллиард долларлық ғаламдық бастамаға қозғау салуда. Кеше ол сапарының басында Сенегалда трансатлантикалық адамды құлдыққа сату мәселесін тарихтағы ең бір үлкен қылмыс деп атаған: -Африканың ұрланған қыздары мен ұлдары Американың ұятын оятуға көмектесті. Құлдыққа сатылған адамдардың өздері Американың азат болыуын қол ұшын берді. Менің әділет жолындағы ұлттық сапарым оңай болған жоқ жане ол әлі аяқталған жоқ, - деген Ж. Буш.
XS
SM
MD
LG