Accessibility links

Теғранда 1999 жылғы студенттер толқуларының төрт жылдығын атап өтуге шыққандар полиция күштерімен қақтығысып қалған.


Теғрандағы демокртияшыл шерушілер тобы ымыраға келмейтін ісламдық милиционерлер мен полиция күштерімен қақтығысып қалған. Хабарларға қарағанда милиционерлермен полиция арсында да қақтығыс болған. Жаңалықтар агенттіктері бұл қақтығыстар 1999 жылғы студенттер көтерілісінің төрт жылдығын атап өту үшін мыңдаған студенттер мен басқа да шерушілер көшелерге шыққан кезде орын алды деп хабарлайды. Көзбен көріп, куә болғандардың айтуынша, студенттер ісламдық ұстанымдарға қарсы ән айта бастаған кезде, Иранның жоғары діни басшылығы Аятолла Хамениге берілген милиция шабуылды бастаған. Кеше кешкісін билік басылар студенттік қалашықтарды жауып, жастардың жиналып-топталуларына тиым салған. Оның алдында студенттердің үш жетекшісін студенттік толқулардың төрт жылдығын атап өтуге үкіметтің тиым салуын сынағандары үшін ұстаған болатын.
XS
SM
MD
LG