Accessibility links

Ирак Африкадан уран алуға тырысты деген айыптардың жалған мәліметтерге құрылғандығын Ақ үй мойындап отыр.


Иракқа қарсы ашқан соғысын ақтап алу үшін АҚШ ел басы Жорж Буштың жалған мәліметтерге құрылған ақпараттарды қолданғандығын Ақ үй алғаш рет мойындап отыр.

Иракқа қарсы соғысын заңдастыру жолындағы АҚШ пен Британия өкіметтерінің жалған мәліметтерді қолданған қадамдары қатты сынға ұшырап отыр. Бұған байланысты Британия өкімет басшысы Тони Блейр ел Парламенті алдында сұраққа алынған еді. Ал, Буш мырза болса, бұған дейін тікелей сұраққа алынудан аман болып келген-ді.

Алайда, осы аптада Ақ үй алғаш рет ел басы Буштың: “Ирак елі Нигерден уран сатып алуды көздеген болатын”-, деген мәлімдемесі жалған құжаттарға құрылған еді-, деп мойындап отыр. Қаңтар айында сөйлеген “Одақтың жағдайы” атты сөзінде АҚШ ел басы Жорж Буш: “Саддам Хусейннің бұған дейін Африкадан аса маңызды көлемде уран алуды көздегендігін Британия өкіметі зерттеп, білді”-, деген еді. Ақ үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Майкл Антонның айтуынша, Буш мырза аталған айыптауын жариялаған кезде Ақ үй бұл құжаттардың жалғандығын білмеген екен.

Сондықтан да, Африкаға сапары барысында Буш мырзаның аталған сауалдар алдынан шыққаны белгілі. Мәселеге тікелей жауап бермегенімен, АҚШ ел басы бұл жолы да өз шешімін қорғауға тырысты. “Менің ойымша, Саддам Хусейннің бейбітшілікке қауіп төндіргені күман тудырмаса керек. Және менің пікірімше, Құрама Штаттарының одақтастары жане достарымен бірлесе отырып, оны орнынан кетіруде дұрыс шешім қабылдағандығына қатысты да күмән болмаса керек-, деді Буш мырза. БҰҰ-ы жанындағы Халықаралық Атом енергия агенттігі Иракқа қарсы соғыс ашылар қарсаңда, наурыз айында ғана бұл құжаттардың жалған екендігін тұжырымдаған болатын.

Ал Ақ үй тарапынан орын алған аталған мойындаулар Демократтар тарапынан сауалдарды өрбітіп жібергені заңды да. АҚШ-тың Габондағы бұрынғы елшісі Йосеф Вилсон 2002-ші жылы Орталық барлау агенттігі тарапынан Африкаға жіберілген екен. Нью- Йорк Таймс” газеті және НБС теле арнасына берген сұхбатында Вилсон мырза сол кездері өзі ұсынған баяндамада айтылған ойларына қайта оралған болатын. Аталған баяндамасында ол Ирактың Нигерден уран алуды көздегені жөніндегі мәлімет күмән тудырады-, деп жазған екен.

Ол сондай-ақ аталған баяндамасын Конгрестегі қос палатаға да және Ақ үйге де жолдағандығын жариялада. Тіпті Дик Чейни кеңсесінің Ирак-Нигер байланыстары жөнінде мәліметтер жинақтағандығын да айтып отыр. Орталық барлау агенттігі өкілдері болса, Вилсон мырзаның баяндамасы Ақ үйге 2002-ші жылдың наурыз айында, яғни Буш мырзаның аталған сөзінен шашамен бір жыл бұрын келген еді. Буш әкімшілігі ол кезде осы тақылеттес жүздеген хаттар алатын-, деп жауап берді ББС теле арнасы сауалдарына. Ақ үйді сұрақ астына алып отырған жалғыз Вилсон мырза емес-, дейді мақала авторы Жеври Донован. АҚШ Конгресмені, демократ Хенрй Ваксман да- күрделі сауал тастаушылардың бірі.

Британия өкімет басшысы Тони Блейр шілденің 8-і күні, Парламент алдында сөйлеген сөзінде соғысқа дейінгі өзі қолданған мәліметтерін қорғауға тырысып баққан болатын. “Сіз әрине, Саддам мен жаппай қырып-жоятын қарулар жөніндегі мәселелер Орталық барлау агенттігі және Британия құпия қызметі тарапынан ойлап табылған, құрастырылған нәрсе, деп ойлауыңыз мүмкін. Саддам Хусейннің жаппай қырып-жоятын қаруларды дамытқандығында ешқандай күмән жоқ-, деді Блейр мырза. Кейбір зерттеулерден кейін, сейсенбі күні Британия Парламентінің Сыртқы істер бойынша комитеті, Иракқа қарсы соғысты заңдастыру үшін Ирак тарапынан туындаған қауіп деген ұғымды әдейі ұлғайтып көрсетті деген айыптаудан Блейр кеңсесін босатып, оны ақтап алды-, дейді мақала авторы.
XS
SM
MD
LG