Accessibility links

Канадалық журналистің өлімі жөнінде Иран басшылары қарамақайшы пікір айтты


Иранда маусым айында канадалық журналист Захра Хаземи тұтқындалып, ауруханада қайтыс болды. Полиция оның өліміне инфаркт яки миға қан құюлуы с деп сипаттады. Захра Хаземи саяси тұтқындар отыратын Тегерандағы Евин түрмесін сүретке түсіргені үшін айыпты болды. Захра Хаземидің туыстары оның өліміне полициядағы қинау себеп деп айтты. Бұл жорамалды Иран вице-президенті Әли Абтани кешегі мәлімдемесінде қостады. Дегенмен, бұдан кейін Иран сыртқы істер министрі Камал Харрази оқиғаның анығына жету әлі тым ерте деп сипаттады. Камал Харрази Канада сыртқы істер министрі Билл Грахамға хабарласып, журналист науқастан жүріп кеткен сияқты деп Иранның алғашқы сипаттамасына қайта оралды. Захра Хаземидің Иран полициясына түскеннен соң өлгені осы елдегі баспасөздің қудалануына әлім назарын тағы аударып отыр. Тек қане өткен аптада Иранда алты журналист қамауға алынды. Қамалған журналистердің қатары Иранда сонымен 24-ке жетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG