Accessibility links

160 мыңнан астам талапкер Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуге ниет етiп отыр


Сәрсенбi күнi Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуге ниет бiлдiрген талапкерлерден құжаттар қабылдау аяқталды.

Республиканың Бiлiм және Ғылым министрлiгiнiң баспасөз хатшысы Жанар Үсiпбекованың айтуынша, биылғы жылы жоғары оқу орындарына құжат тапсырғандардың саны бұрынғы жылдармен салыстырғанда артып отыр.

- 2002 жылмен салыстырғанда биыл кешендi тестiлеуге өтiнiш бiлдiргендер саны 36 мыңға артық немесе жалпы мектеп бiтiрушiлердiң 70 пайызын құрайды. Биыл республика бойынша жалпы бiлiм беретiн мектептердi 228400 адам бiтiрсе, олардың 205 мектептi «Алтын белгiмен» аяқтады. Ал, республиканың жоғары оқу орындарына құжат тапсырғандардың саны биыл 160 мың адамнан асып отыр, - дейдi ҚР Бiлiм және Ғылым министрлiгiнiң баспасөз хатшысы Жанар Үсiпбекова.

Биыл оқуға түсуге құжат өткiзген талапкерлердiң көпшiлiгiнiң ықыласы қаржы, заң, кеден iсi, информатика, есеп және аудит секiлдi мамандықтарға ауып отырған көрiнедi. Сонымен бiрге бiрқатар педагогоикалық мамандықтарға да сұраныс жоғары. Олардың арасында тарих және жағрафия, педагогика және бастауыш оқыту әдiстемесi, бастапқы әскери дайындық пен дене шынықтыру, ағылшын тiлi мамандықтары бар.

Ал, инженерлiк-техникалық мамандықтар iшiнен жол қатынасын ұйымдастыру мамандығы мен мұнай және газ кен орындарын игеру бойынша бiлiм алғысы келгендер саны бұрынғымен салыстырғанда арта түскен.

Жалпы, биылғы жылы республика бойынша талапкерлер арасындағы конкурстың орташа көрсеткiшi бiр орынға 6 адамнан келiп отырғанын көрсетедi. Ал шiлденiң 28-нен бастап тамыздың 2-iне дейiн талапкерлер кешендi тест сұрақтарына жауап берiп, өз бiлiмдерi мен бақтарын сынайтын болады.
  • 16x9 Image

    Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ

    Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
    Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді. 

XS
SM
MD
LG