Accessibility links

Әлемнің бар назары Ирак, Ауғанстан сияқты аса шулы жерлерге ауып кеткен тұста жер шарындағы талай адамзаттық қайғы-қасіреттер қаға берісте қалып қоюда.


Бұл жөнінде Халықаралық Қызыл крес және қызыл жарты ай ұйымының жыл сайынғы жарияланатын Әлемдік қайғы-қасіреттер баяндамасында дабыл қағылып отыр. Аталған кезекті баяндама бүгін жарық көрді. Осы құжаттағы мәліметтерге қарағанда, 2002-ші жылдың өзінде әлем бойынша 24 мың 500 адам жер сілкіністерінен бастап, ұшақ апатына дейінгі жағдайларда, яғни табиғи апаттар мен басқа да адам қолымен жүзеге асқан қайғылы оқиғалар барысында көз жұмған екен. Бұл цифрларға соғыс құрбандары енгізілмеген. 239 беттік баяндамада 11-ші қыркүйектегі террорлық шабуылдардан кейін барлық назардың Ауғанстанға ауып кетіп, ол елге жөнелтілген көмектердің үш есеге дейін көтеріліп кеткендігі айтылған. Ал, осы кезеңде Ангола, Сомали және Конго сияқты елдердегі жағдай қаперден шығып кеткен болатын деп хабарлайды Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG