Accessibility links

Алматыда «Қару» операциясы басталды

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Дүйсенбі, 21 шілдеде Алматыда «Қару» атты жедел профилактикалық шаралар басталды.

Ол төрт күн бойы жүргізіледі. Бұл туралы Алматы қалалық ІІБ басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Абай Сағындықұлы хабарлады.

«Қару» операциясының мақсаты - азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қылмыстар туралы қала тұрғындарынан келіп түскен мәліметтерді дер кезінде елеп-ескеру, содан нәтиже шығару.

«Қару» операциясы аясында мылтық және газды қару иелерінің үйі, саяжайлар мен автотұрақтарды тексеру, сонымен қатар, автокөлікпен тасымалданатын жүктерді тексеру көзделуде. Осы операцияның өткізілуіне байланысты Алматы қалалық ІІБ азаматтардан заңсыз сақтап отырған қару-жарақ, суық қару мен оқ-дәрі, жарылғыш заттарды өз еріктерімен тапсыруды сұрайды. Бұл шара 24 шілдеде аяқталады.
XS
SM
MD
LG