Accessibility links

Либерия көтерілісшілері бүгін елбасы күштеріне қарсы шараларын күшейте түсті.


Себебі олардың елде жақын арада бейбіт келісімдерге қол жеткізілмейтіндігіне көздері жете бастағандай. Кеше елге халықаралық бейбітшілік сақтау күштері енгізілгеннен кейін елбасы Чарлз Тейлор өзінің биліктен кететіндігі жөнінде бірнеше рет қайталаған болатын. Оның сөзіне қарағанда, ел астанасы Монровияда болған соңғы көтеріліс тұсында бір мыңнан аса азаматтар қаза болған екен. Алайда, бұл мәлімет өзге бұлақтар тарапынан растала қойған жоқ. АҚШ елбасы Жорж Буш америкалық теңіз кемелерін Либерия жағалауларын күзету үшін жіберіп отырғандығын жариялаған болатын. Алайда, Құрама Штаттары күштерінің Либерия дағдарысына қандай тұрғыда араласатындығы әл- әзір белгісіз күйінде қалуда. БҰҰ жанындағы соғыс қылмыскерлеріне арналған сот тарапынан назарға ілініп отырған елбасы Тейлор өзінің биліктен дәл қашан кететіндігі жөнінде нақты айта қойған жоқ, - дейді Франс пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG