Accessibility links

Құрама Штаттар Либериядағы Халықаралық бейбітшілік орнату операциясының басталғанына риза.


Либерия президенті Чарльз Тейлор дереу өз орнынан кетуі тиіс,- деді Ақ Үй өкілі МакКлеллан. Либерия жағалауларын бақылаушы АҚШ әскери кемелері Либерияға келе бастаған Батыс Африка елдерінің бейбітшілік сақтау жасақтарына қажетті көмек көрсетуге әзір. АҚШ әскери басшылығы американ қолы Либерия жеріне кіруі мүмкіндігін теріске шығарып отырған жоқ. Кеше Римде жасаған мәлімдемесінде Либерия көтерілісшілерінің көсемі Секу Домате Көне былай деген еді:

“Біз бейбітшіліікті сақтау күштерін құтықтаймыз және біз олармен жұмыс жасамақпыз, біз олармен серіктестіке барамыз және оларды көптен күттік. Монровидің Робертс әуежайы маңында либериялық балалар ән айтып нигериялық бейбітшілік сақтау қолының жауынгерлерін шын жүректен қарсы алды,- Біз бейбітшілікті қалаймыз! Енді соғыс жоқ! Біз бейбітшілікті қалаймыз! Енді соғыс жоқ !..”
XS
SM
MD
LG