Accessibility links

Жаңа сайлау ескі заңмен өтеді


Үстіміздегі жылдың басынан бері сайлау жөніндегі заң жоба түрлі отырыстарда талқыланып, айтарлықтай пікір талас туғызды.

Қазақстандағы демократия мен азаматтық қоғамды одан әрі дамыту жөніндегі тұрақты кеңес отырыстарында бұл заң жобаға өзгерістер енгізу тұралы, және бұл заң жобаны парламент жазғы демалысқа кетпей, қабылдау керектігі жөнінде ұсыныс жасалған. Бірақ, оған қарамастан күзде болатын сайлау ескі заң бойынша өтетін болды. Мұның себебі неде? Бұл сұрақты біз Қазақстандағы түрлі саяси партия және қозғалыс мүшелеріне қойдық.

«Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағаларының бірі Әлейхан Бәйменовтың пікірінше, күзде өтетін сайлаудың, ескі заң бойынша өтуі Қазақстан үкіметі мен билікке жақын партияларға, яғни «Отан»,«Азаматтық» және «Аграрлық»партияларына тиымды.

«Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағаларының бірі Әлейхан Бәйменов:

- Әрине, бұл сайлауды жаңа заң қабылданбай тұрып, өзкізу үшін жасалған шара.Үлгермедік, деп айтуға болмайды. Заң жоба дайын болған,бірақ «Отан», «Азаматтық» және «Аргарлық» партиялары қолдарынан келгенше, бұл заңды қабылдамау үшін күш салды.

Бұл орайда, Қазақстанның «Азаматтық» партиясының жетекшісі Азат Перуашев сайлау жөніндегі заңның дер кезінде қабылданбай қалғанын парламент жұмысымен байланыстырады.

Қазақстанның «Азаматтық» партиясының жетекшісі Азат Перуашев:

- Әрине, сайлау туралы заңды тезірек қабылдау керек еді, бірақ заң жобаларды талқылауда парламенттің өзіндік тәртібі бар. Сол тәртіпті сақтап, депутаттар бұл заң жобаны әлі талқылаған жоқ. Қазір бұл жоба қоғамдық талқылауға берілді, бізде өзіміндің ұсыныстарымызды бердік.Күзде бұл құжат парламентке түскенде, біздің фракциямыздың депутаттары бұл заңды қабылдауға ат салысады.

Қазақстан Парламентінің мүшесі, Қазақстанның Коммунисттік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдиннің ойынша, бұл мәселе парламентке де, үкіметке де байланысты емес.

Қазақстанның Коммунисттік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин:

- Қазір үкімет, парламент,деген ол -бос сөз! Бізде заңда бар, Конституцияда бар, барлығының орнына бір адам шешім қабылдайды. Елбасына керек болса, бұл заңды қабылдайды, керек болмаса, қабылдамайды.Сол себептен бұл жерде үкіметті де, парламенті де сынаудың керегі жоқ. Парламентке бұл құжат түскен де жоқ.

«Отан» партиясының төраға міндетін атқарушы Амангелді Ермигияев сайлау жөніндегі заңды өте аз уақытта, қабылдауға болмайды, мүндай талап қойған саясаткерлер, саяси упай жинаушылар деген, ойын білдірді. Алайда бұл пікірмен Қазақстан парламентінің депутаты, бас коммунист Серікболсын Әбділдин келісіп отырған жоқ.

Қазақстанның Коммунисттік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин:

- Біздің мемлекетімізде Сайлау жөніндегі заң жобаны дайындау үшін бірнеше жыл болды. Оны екі-үш жыл талқылап, парламент өзгеріс енгізіп, қабылдап, күзде өтетін сайлауды жаңа заң бойынша өткізуге толық мүмкіндік болды. Бірақ мүндай мәселені шешу үшін тек Президенттің ықыласы керек. Президент мүндай талапты үкіметтің, парламенттің алдына қойған жоқ, себебі ескі заң арқылы қалалық және мәслихатты сайлауға жол ашық.Олар осы арқылы өздеріне керек адамдарды өткізе алады, соңынан бұл мәслихат сенатты сайлап алады. Сенат, деген Президент үшін жұмыс жасайтын орган. Сол себептен мүмкіндік болсада, күзде өтетін сайлауды ескі заң бойынша өткізетін болды. Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесінің жетекшісі Дос Көшімнің пайымдауынша, ескі сайлау заңы арқылы мәслихат сайлауын өткізе отырып, Қазақстан үкіметі қулық жасады.

Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесінің жетекшісі Дос Көшім: - Үкімет осы сайлау арқылы мәслихатты сайлап алмақшы, соңынан мәслихат сенатты сайлап алады, демек олардың бұл сайлауға дайындығы күшті. Жергілікті әкімшіліктің бақылауында, солардың қоластында, сайлау өткізу өте тиымды. Қазір менің күдігім бар, келесі парламент сайлауында, олар осы заң бойынша өткізу мүмкін. Бірақ, сайлау жөніндегі жаңа заңды біз былтыр қабылдап үлгеретін едік, бірақ олай болмады. Мен ойлаймын, бұл үкіметтің кішкентай қулығы. Қазақстанның «Азаматтық» партиясының жетекшісі Азат Перуашев бұл ойға қарсы пікір білдірді. Азат Перуашевтың айтуынша, бұл мәселеде үкіметтің арнайы жоспары болды,дегенге келісуге болмайды. Қазақстанның «Азаматтық» партиясының жетекшісі Азат Перуашев:

- Меніңше бұл мәселеде үкіметтің жоспары болды, деуге болмайды. Бұл тек заңның талқылануымен байланысты. Жалпы, заңды талқылау,заңды қабылдау бір күнде шешілетін оқиға емес, оған уақыт керек. Сол себептен бұл мәселеде арнайы жоспар болды, деп айтуға болмайды.

Күзде болатын мәслихат сайлауының ескі заң бойынша өтуі бекер емес, бұл Қазақстандағы билікке тиымды жәйт деген ойды, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің Алматы қалалық бөлімінің жетекшісі Маржан Аспандиярова қолдап отыр.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің Алматы қалалық бөлімінің жетекшісі Маржан Аспандиярова: - Бұл мәселенің түбі тереңде жатыр, деп айтуға болады. Себебі қазіргі билікке,қазіргі мәслихаттардың құрамы өте қолайлы.Талап бойынша, қазіргі мәслихатта бар адамдар қайта ұсынылып жатыр, әкімшілік осы адамдар қайта сайлансын, деп ықпал жасап жатыр.Соңынан олар сенатты сайлап алады. Демек, бұл билікке өте тиымды жәйт.

Мәслихат сайлауы жаңа заңмен өтсін, дегендер де, бұл талапты қолдамағандар да, сайлау науқанына белсенді түрде қатысып жатыр. Олардың бұл мәселеде пікірлері әр-түрлі болғанымен, сайлауға қойған мақсаттары бір.
XS
SM
MD
LG